Ана тілі
1-сынып
Сабақтың тақырыбы: Ш.Мұртаза. Көмірдің кереметтері.
Заттың атын білдіретін сөздер.
Мақсаты
Сабақтың мақсаты:
а) Оқушыларға заттың атын білдіретін сөздер бойынша алған білімдерін пысықтау, көмірдің кереметі туралы түсінік беру
ә) Оқушылардың сабақ барысында логикалық ойлау қабілетін,сөздік қорын, шығармашылық қабілетін дамыту
б) табиғатты сүюге , оның пайдалы қазыналарының пайдасы мен сырын аша білуге үйрету.
Заттың атын білдіретін сөздер туралы білімдерін арттыру. Сөздік қорларын молайту. Заттың атын білдіретін сөздерге сұрақ қоя білуге машықтандыру. Құстар туралы әңгімелеу.
Нәтижесі
Оқушылар сыни тұрғыдан ойлана алады. Тақырып бойынша білім алады.Оқушылар алған білімдерін тиянақтауға,пысықтауға,өз бетінше жұмыс жасауға үйренеді. Ұйымшылдыққа,бірлесіп жұмыс жасауға дағдыланады.
Көрнекілі-гі
Интербелсенді тақта,оқулық,жұмыс дәптер,кластер,стикер.
Сабақтың барысы
Стикерлер арқылы топқа бөлу. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
Жаңа сабақ кезеңдері
Тапсырма
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушының
іс-әрекеті
Модуль
Кіріспе
Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
Шаттық шеңберіне тұрып бір-біріне жақсы тілек тілеу.
Міне осылай, кең пейілділікпен жақсы тілек тілей отырып, сабағымызды бастаймыз.
Топқа бөлінеді. Назарларын сабаққа аударады.
Сыни тұрғыдан ойлау
АКТ
диалог-тік оқыту
оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау
талантты және дарынды балаларды оқыту
оқытудағы басқару және көшбасшылық.
Білу
Үй тапсырмасын сұрау.
-Балалар,үйге берілген тапсырманы тексеріп жіберейік. Үй тапсырмасына дайынбыз ба?
Өлеңді жаттап алдық па?
Үйге берілген тапсырманы орындайды.
Өлеңді мәнерлеп жатқа айтады.
Түсіну
Заттың атын білдіретін сөздерге қандай сұрақтар қойылады?
Бала,оқушы,түлкі,жануар,адам,жапырақ,
стол,теледидар,ұл,
көрпе,гүл,тұқым,мұ-ғалім,суретші;
Сұрақтар қою арқылы түсініктерін пысықтайды.
Сөздерді оқып,сұрақ қойдырады.
-Балалар,осы сөздерді кімдер?нелер? сұрақтарына жауап беретіндей етіп өзгертіңдерші.
Сұрақтарға жауап береді.
Сөздерге сұрақ қояды.
Берілген сөздерді кімдер?нелер? сұрақтарына жауап беретіндей етіп өзгертеді.
Қолдану
96-жаттығуды орындау.
Оқулықпен жұмыс.
Автор туралы мағұламат беру.
«Көмірдің кереметтері» мәтінін оқып, түсінгендерін сұрау.
Жаттығуда берілген сөздерден не? сұрағына жауап беретін сөздерді бір қатарға,кім? сұрағына жауап беретін сөздерді екінші қатарға жаздыру.
Автор туралы мағұламат береді.
«Көмірдің кереметтері» мәтінін оқып, түсінгендерін сұрайды.
Жаттығуда берілген сөздерден не? сұрағына жауап беретін сөздерді бір қатарға,кім? сұрағына жауап беретін сөздерді екінші қатарға жаздырады.
Автор туралы мағұламат алады.
«Көмірдің кереметтері» мәтінін оқып, түсінгендерін айтады.
Талдау
Топтық жұмыс.
«Көмірдің пайдасы» кластер жасату.
Топтарға «Көмірдің пайдасы» кластер жасатады.
«Көмірдің пайдасы» кластер жасайды.
Жинақтау
Мәтіннің авторы кім? Ол туралы қандай мағұламат алдыңдар?
Көмірдің қандай пайдасы бар екен?
Тағы қандай пайдалы қазбаларды білесіңдер?
Өзің тұратын жерде не өндіріледі?
Сұрақтарға жауап алады(Мозайка тәсілі бойынша)
Сұрақтарға жауап береді.
Бағалау
Топтық бағалау.
Сабақ туралы өз ойын стикерге жазу.Рефлекция.
Үйге тапсырма беру.
Топ бір-бірін «Екі жұлдыз,бір тілек» арқылы бағалатады.
Мұғалім бағалайды.
Үйге тапсырма береді.
Топ бір-бірін «Екі жұлдыз,бір тілек» арқылы бағалайды.
Үй тапсырмасын күнделікке жазып алады.
Достарыңызбен бөлісу: |