Пән аралық байланыс: тарих
Сабақтың көрнекілігі: мәтін, сызбалар, таблицалар, тапсырмалар
Сабақтың барысы
І.Ұйымдастыру кезеңі
-Сәлеметсіңдер ме, оқушылар! Бүгінгі сабағымызға қош келдіңіздер!
-Сыныпта кім кезекші?
-Бүгін нешесі?
-Қазір қандай жыл мезгілі?
-Бүгін ауа-райы қандай?
Жаңа сабақтың мақсатымен таныстыру
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру /тыңдалым, ой қорыту/
Бүгін біз сабақта Қазақстанның саяси жүйесі, Заңдары, Рәміздері, қалалары, географиялық орны туралы сөйлесеміз
2-тапсырма. Сөздікпен жұмыс(сөздерді естеріне түсіріп, қайталау) : қазына, адам, өмір, құқұқ, бостандық,билік біртұтас, мемлекет, тәуелсіз, жер көлемі, шаршы, шақырым, астана, Орынбор, Қызылорда, Алматы, солтүстік, оңтүстік, шығыс, шектеседі, ұлт, ұлыс өкілдері, батыс, ұлттық, мемлекеттік, мәртебе, заң, қыркүйек, шілде, қабылданды, тұңғыш, бөлім, бап, нышандар, ту, елтаңба, әнұран, тамыз, көгілдір, күн, қыран, бейбітшілік, белгі, тыныштық, байлық, еркіндік, пырақ, жұлдыз, жазу, алтын
Қазақстан
Мемлекетіміздің ең қымбат қазынасы- адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары. Республикамызда мемлекеттік билік біртұтас. Қазақстан мемлекеті- демократиялық, тәуелсіз мемлекет. Қазақстанның жер көлемі 2,7 шаршы шақырым. Қазір елдің астанасы - Астана қаласы.Астанаға дейін Орынбор, Қызылорда, Алматы қалалары астана болды. Астана 1997 ж. 10 желтоқсаннан бастап астана болды.Қазақстан бес мемлекетпен солтүстігінде Ресеймен, оңтүстігінде Түрікменстан , Өзбекстан және Қырғызстан, ал шығысында Қытаймен шектеседі. Республикада 131 ұлт пен ұлыстың өкiлдерi тұрады. Елімізде 14 облыс бар. Ұлттық валютасы - теңге, 1993 жылы 15 қарашада енгiзiлген.Мемлекеттік тіл- қазақ тілі. Қазақ тілі түркі тілдер тобына жатады. Қазақ тілі мемлекеттік мәртебесін 1989 жылы алды.ҚР «Тілдер туралы Заңы» 1989 жылы 22 кыркүйекте, екінші рет 1997 жылы 11 шілдеде қабылданды.
1993 жылы 28 қаңтарда Қазақстан Республикасының тұңғыш конституциясы қабылданды. Ал, 1995 жылғы 30 тамызда жаңа Конституция қабылданды. Қонституция 9 бөлімнен, 98 баптан тұрады.
Мемлекетіміздің тәуелсіздігін білдіретін нышандар: ту, елтаңба, әнұран.1992 жылы 4 маусымда Қ.Р мемлекеттік туы қабылданды.Мемлекеттік тудың авторы – Шәкен Ниязбеков. Мемлекеттік ту- көгілдір түсті. Туда ою, күн, қыран бейнеленген. Көгілдір түс- бейбітшіліктің белгісі. Алтын күн тыныштық пен байлықты бейнелейді. Қыран құс- еркіндіктің бейнесі. Ал, Қазақстан Республикасының Елтаңбасының авторлары: Жандарбек Мәлібеков, Шотаман Уалиханов. Елтаңбада шаңырақ, уықтар, пырақтар, жұлдыз, «Қазақстан» деген жазу бар. Елтаңбаның түсі- алтын және көгілдір түсті.
2006 жылы 7 қаңтарда Қ.Р жаңа мемлекеттік Әнұраны қабылданды.Әнұранның авторлары: Жұмекен Нәжімеденов, Шәмші Қалдаяқов, Нұрсұлтан Назарбаев.
Достарыңызбен бөлісу: |