Сабақтың тақырыбы: Еңбекке төленетін ақы


Шоқан Уәлиханов – суретші



бет12/26
Дата22.12.2022
өлшемі395,01 Kb.
#163903
түріСабақ
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   26
Байланысты:
0003ed55-da4d61c4

Шоқан Уәлиханов – суретші
Шоқанды замандастары шығыстану іліміндегі қайталанбас ірі тұлға деп таныған. Суретшілік өнер ,
тарихшы, географ, этнограф, фольклорист,саяхатшы – Шоқанның сегіз қырының бірі ғана.
Шоқанның 200-ге жуық суреттері сақталған. Ол суреттер Ш.Уәлихановтың бес томдық шығармалар
жинағының бесінші томында және «Шоқан және өнер » атты кітапта басылып шықты. Бұл еңбектер
Шоқанның шын мәніндегі суретші екенін дәлелдейді.
Суретші Шоқан сәулет өнері үлгілеріне де, таңбалы тастар мен мүіндерге де ерекше көңіл бөлген.
Оқазақ халқының тұңғыш өнер зерттеушісі.
Сөздік
замандас-современник қайталанбас - неповторимый
саяхатшы –путешественник таныған – признали
дәлелдейді - доказывает
сегіз қырлы – всесторонне развитый тұлға – личность
шын мәніндегі – в действительности
Сәулет өнері үлгілері –образцы архитектурного искусства
Таңбалы тастар –камни с надписью
Тас мүсіндер –каменные фигуры
Қазақтың зерттеуші ғалымы – Шоқан
Ш.Уәлиханов қазақ халқының ауыз әдебиетін, тарихы мен этнографиясын зерттеген. Ыстықкөл
аймағына барып, қырғыз, ұйғыр, дүңген, қытай халықтарының тарихын да зерттеді. Қырғыз
халқының « Манас» жырын қағазға түсірді.
Шоқан Уәлиханов саяхатшы – ғалым. «Жоңғария очерктері», «Ыстықкөл күнделіктері»,
«Қырғыздар туралы жазбалар», «Іле өлкесінің географиялық очеркі»
Шоқан – қазақ халқының тұңғыш өнер зерттеушісі, өнер тарихшысы, саяхатшы – ғалым. «Жоңғария
очерктері», «Ыстықкөл күнделіктері», «Қырғыздар туралы жазбалар», «Іле өлкесінің географиялық
очеркі» атты еңбектер жазған.
Шоқанның еңбектері , өнер туындылары қазақ халқының алтын қазынасы ретінде ғасырлар бойы
жасай береді.
Сөздік
өнер туындылары – произведения искусства
ғасырлар бойы – веками
саяхатшы - путешественник
Тапсырма:
Мәтіндердің мазмұның түсініп, берілген кестені толтырыңдар (әр оқушыға кесте таратылады).
Аты –
жөні,
ғылыми
қызметі
Өмір
жылдары,
туған жері
Орыс
ғалымдарымен
байланысы
Алған
білімі
Қызметі Зерттеу
саласы
Еңбектері
ІV.Тексеру, түзету, толықтыру жұмысы.
1. Кестенің әр бөлігі бойынша оқушылар жазған мәліметтерін оқиды.
V. Кесте бойынша диалог құру.
VI. Кесте бойынша әңгіме құрастыру.
VII. Шоқан айтқан сөзімен жұмыс.
Тапсырма: Ұлы ғалым-Шоқан айтқан сөзді мәнерлеп оқып, мазмұнын түсінесіңдер.Сөздік
құрастырып жазыңдар.
Сөз тудырушы жұрнақ арқылы жасалған сөздерді құрамына қарай талдаңдар.
Шоқан Уәлихановтың сөзі.
Адамның басшысы - ақыл,
Жетекшісі – талап,
Шолушысы – ой,
Сынаушысы – халық,
Қорғаушысы – сабыр,
Қорғанышы –мінез,
Ең қымбаттысы – ар,
Таусылмайтыны – арман
Барлығынан ардақтысы - өмір.
Сөздік:
Басшы –предводитель
ақыл - ум
Жетекші – руководитель
талап – стремление
шолушы - обозреватель
ой -мысль
Сынаушы – критик
Қорғаушы- защитник
сабыр – терпение, выдержка
Ең қымбаттысы – самое дорогое
мінез- харектер
Таусылмайтыны – несканчаемый
ар - совесть
VIII. Құрмалас сөйлем түрлерін қайталау.
Тапсырмаларды орындаңдар. (Интерактивті тақтаны қолдану)
1.Сызба құру: «Құрмалас сөйлем», «Салалас сөйлем түрлері», « Сабақтас құрмалас сөйлем
түрлері»
2. Көп нүктенің орнына қажетті жалғаулықты қойып, салалас құрмалас сөйлемнің түрін
анықта.
1. .Жаңбыр тоқтады ... , күн жылынды.
2.Бүгін жақсы жауап бердім, ... мұғалім риза болды .
3)Жиналыс бітті , ... халық тараған жоқ.
4)Бүгін жол тайғақ , ... кеше қар аралас жаңбыр жауған.
5) Қалаға ... Айгүл барады , ... мен барамын.
6) Күзде ... қар жауады , ... жаңбыр жауады.
Жалғаулықтар:
Алайда, өйткені, да, де, сондықтан, өйткені, себебі, бірде, біресе, дегенмен , бірақ
3. Екі жай сөйлемнен жалғаулықтарды қолданып, салалас құрмалас сөйлем құраңдар және
сабақтас құрмалас сөйлемге айналдырыңдар.
1).Шоқан орысша бір ауыз сөз білмеді . Екі – үш жылдың ішінде озат оқушылардың қатарна
қосылды.
2)Шоқан өте жақсы оқыды. Мұғалімдер Шоқанды 14-15 жасында болашақ ғалым , зерттеуші деп
атады
3) Шоқан 30- ақ жыл өмір сүрді. Көп жұмыс атқарды.
4. Сабақтас құрмалас сөйлемнің түрін анықта, бағыныңқы сөйлемге сұрақ қой.
1) Күн ыстық болса, жеміс тез піседі.
2) Адамдар жұмысты саналы түрде істесе, оның нәтижесі де жақсы болады.
3) Астық мол болу үшін ,көп еңбек ету керек.
4) Азық –түлік алайын деп, дүкенге кірдім.
5) Күн бұлттанғанымен , жаңбыр жауған жоқ.
6) Автобус болмағандықтан, ол жұмықа кешігіп келді.
7) Ерте тұрып, сабаққа дайындал.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   26




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет