Сабақтың тақырыбы: Еңбекке төленетін ақы



бет13/26
Дата22.12.2022
өлшемі395,01 Kb.
#163903
түріСабақ
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   26
Байланысты:
0003ed55-da4d61c4

ІХ.Рефлексия.
Сабақ материалы
Шоқанның өмірі
Қызметі
Білімі
Зерттеу саласы
Еңбектері
Құрмалас сөйлем түрлері
Салалас құрмалас сөйлем түрлері
Сабақтас құрмалас сөйлем
түрлері
Х.Үйге тапсырма:
1. «Шоқан Уәлиханов – қазақтың тұңғыш ғалымы» тақырыбына мазмұндама жаз__

Сабақтың тақырыбы: Шоқан Уәлиханов.

Сабақтың мақсаты: лексикалық тақырып арқылы сөйлесім әрекеттері бойынша білім, білік, дағдыларын қалыптастыру

- мәтіннен синоним, антоним, омоним сөздерді тауып, ажырата білу, әлеуметтік ортада қолдана білуге үйрету;


- оқушылардың ауызекі сөйлеу тілдік дағдысы мен ойлау қабілетін дамыту;
- оқушыларды қазақ халқының әдебиетімен, мәдениетімен, тарихымен, ұлы адамдар өмірімен таныстыра отырып, өз бойларында туған жерге деген сүйіспеншілік қабілеттерін арттыруға ықпал жасау;

Мәтін


Шоқан Уәлиханов
(1835 -1865)
Атақты ғалым , кемеңгер ойшыл, от –жалынды азамат, ержүрек саяхатшы Шоқан Уәлихановтың есімі жұртшылыққа мәлім.Ол Орта Азия мен Қазақстанды зерттеудегі ұлы еңбегімен дүние жүзіне аты шықты.
Шоқан Уәлихановтың ұлы қасиеттерінің бірі – өмірін де,білімін де,асқан дарынды талантын да туған халықының игілігіне жұмсағандығы. Ол қараңғы даланың аспанынан сәуле түсірген шам-шырақтай аз уақыт жанды да, тез сөнді.Өз басы кішіпейіл, еңбекқор,елгезек,жарқын жүзді адам болды.
Шоқан 1847 жылы,12 жасында Омбының кадет корпусына түскенде,орысша бір ауыз сөз білмеген.Өзінің зеректігі,алғырлығы арқасында орысшаны тез үйренген.Корпустың соңғы кластарында Шоқан ғылым,философия,көркем әдебиет кітаптарын оқып,әлеуметтік тіршілікке көңіл аударған.
1854 жылы Шоқан генерал Госфортпен бірге ұзақ саяхатқа шығып, Аягөз, Тарбағатай, Қапал тауларын аралады.Алматы,Қарқаралы,Баянауыл,Көкшетау жерлеріне соғып, Омбыға оралады.
1856 жылдан бастап Шоқан қырғыз халқының тұрмысын, Ыстықкөл жағасын, Күнгей Алатау, Сарыжаз , Алматы, Қапал тауларын кезіп, халықтың әдет-ғұрпын, тұрмыс-салтын, әдеби мұраларын зерттеп, бай мағлұмат жинады.
1856 жылы Шоқанның Қашқарға жасаған саяхаты оның ғалымдық атағын көкке көтерді. Шоқанның бұл күнделік дәптері КСРО Ғылым академиясының мұражайында осы күнге дейін сақтаулы.
Шоқан Уәлиханов шығармалары ең алдымен, өз халқының тарихын, этнографиясын және фольклорын зерттеуге арналған.

Сөйлем саны -12, сөз саны - 165.

І. Тапсырмалар

1. Мәтінді оқып, азат жолдарға бөліп, әрқайсысына ат қойыңдар.


2. Жоспар құрып, әр азат жолдың мазмұнын қысқаша айтыңдар.
3. Мәтін бойынша сұрақ-жауап, диалог құрастырыңдар.

ІІ. Грамматикалық тапсырмалар

I топ. Мәтіннен синоним, антоним, омоним сөздерді табыңдар.
II топ. Мәтіннен бір құрмалас сөйлемді таңдап, оған синтаксистік талдау жасаңдар.
III топ. Бір сөйлемге морфологиялық талдау жасаңдар.

ІІІ. Шығармашылық жұмыс

І топ. «Шоқанды қоршаған орта» атты кластер құрыңдар.

II топ. «Еуропаға ашылған терезе» - Шоқанның жетістіктері бойынша пирамидалық өсу жасаңдар.

III топ. «Шоқан жүрген жерлер»деп алып, карта бойынша саяхат жасаңдар.

ІҮ. Сабақты қорытындылау


I топ. Рефлексия жазу.
II топ. «Саяхатшы» тақырыбына сөзжұмбақ жасау.
III топ. Инсёрт құру.

Тест:
1. «Сұлу» сөзінің синонимін көрсетіңіз.


А)ақылды
B)көрікті
C)жақсы
D)жаман
E)білімді
2. Омонимдес сөзді көрсетіңіз.
A) Гүлнәр мектепке барды.
Ол ақылды бала.
C) Айт болды.
D) Уақытты бағала.
E) Айгүл – зерек оқушы.
3. Омонимдес сөздерді көрсетіңіз.
A) Шапан, келін.
Алты, жеті.
C) Арықтан суару.
D) Кел, оқып отыр.
E) Бәрі, тегіс.
4. Етістіктерден болған синонимдерді көрсетіңіз.
A) Күшті, мықты.
Шелдену, қоңдану.
C) Бағалы, құнды.
D) Әлді, қарулы.
E) Қайратты, қажырлы.
5. “Жалығу” сөзінің синонимін көрсетіңіз.
A) Зерігу, құмар болу.
Еріну, кешіру.
C) Жалтару, қорғану.
D) Зерігу, іш пысу.
E) Ығыр болу, көңілі қалу.
6. Антоним қатысқан сөйлемді көрсетіңіз.
A) Тыным, тыныштық таппаған.
Бұраң бел, алма мойын.
C) Ара гүлге қонды.
D) Жақсылық пен жамандық – болды егіз.
E) Сөз ағасы – құлақ.
7. Антоним бола алмайтын сөзді табыңыз.
A) Қара.
Ірі.
C) Сары.
D) Осал.
E) Қас.
8. “Әсем” сөзінің синонимдік тұрақты тіркесін көрсетіңіз.
A) Азар да безер болды.
Тайға таңба басқандай.
C) Бетінен оты шықты.
D) Ай оңынан туды.
E) Қыздың жиған жүгіндей.
9. Мағыналас сөздердің қатарын белгілеңіз.
А) арыз, шағым
В) арман, бақыт
С) қызыл, жасыл
D) бауыр, бауырсақ
10. Мағыналас сөздерді табыңыз.
Мұғалімдер бүгін кеште ана-аналар жиналысы болатындығын хабарлады.
А) жарсалу, шақырмау
В) айту, шақыру
С) құлақтандыру, жариялау
D) хабарламау, айтпау

Ү. Үйге тапсырма: « Шоқан – ғалым» тақырыбына эссе жазу.

Бағалау.

_______________


10-сынып



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   26




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет