Айтылым. Тапсырма:
Мәтін мазмұны бойынша сызба құрастырып, әңгімелеңдер.
Жазылым. Тапсырма:
Мәтіндегі жай сөйлемдермен салалас құрмалас сөйлемдер жасаңдар.
Термин сөздерді теріп жазып, сөз тіркестерін құраңдар.
Сергіту сәті:
Сабақты бекіту:
Тілдесім. Тапсырма:
Мәтін бойынша диалог құрастырыңдар.
Сабақты қорытындылау: Рефлексия
Бағалау:
Үйге тапсырма:
Сөздерді сөз құрамына талдаңдар: еңбектері, ордендерімен, минералдық
Сөйлемге синтаксистік талдау жасаңдар. Бектұров фосфатты шикізаттарды өңдеудің қышқылдық, термиялық, сондай-ақ, фторсызданған мал азықтық фосфат өндірудің циклондық әдістерін тауып, өндіріске енгізді.
Ғалымның еңбектері жайлы қосымша мәлімет тауып, жазып келу.
_______________
10-сынып
Сабақтың тақырыбы: Қазақтың тұңғыш археологы
Сабақтың мақсаттары:
1. Білімділік: Оқушыларға қазақ халқының профессоры, академигімен таныстыру, зат есімдерді жіктеуді үйрету.
2. Дамытушылық: Сөлемдерді дұрыс құруға машықтандыру, ауызша тілін дамыту.
3. Отанына деген сүйіспеншілік сезімдерін, елінің атақты адамдарын сыйлауға тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Аралас сабақ
Сабақтың әдіс- тәсілдері: түсіндіру, сұрақ-жауап, топтық, жұптық, блог
Көрнекіліктер: тірек сызба, ғалымдардың суреттері, презентация.
Сабақтың барысы:
Сабақтың ұйымдастыру
І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды түгендеу. Психологиялық ахуал жасау.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. Жаңа сөздерді жаттау.
ІІІ. Сабақтың мақсатын айту.
ІV. Сөздік жұмысы.
1. Өтетін сөздердің, сөз тіркестерінің мағыналарын түсіндіріп, аудару.
2. Дұрыс айтуға дағдыландыру:
– мұғалім мәнерлеп оқиды;
– Оқушылар хормен қайталайды;
– Оқушылар тізбекпен оқиды.
3. Сөз тіркесін құрау.
4. Сөйлемдер құрастыру.
Қорым-қоныс - стоянка, старинное захоронение
Қазба жұмыстары - раскопки
Саз балшық- глина
Өндеу - обработка
Достарыңызбен бөлісу: |