Жаңа сөздерді есте сақтаңыз:
Жұбайы – күйеуі,жолдасы
Түңілмейді – мойымайды; үмітсіздікке салынбайды
Адамзат – адам; пенде
Асыраушысы – қамқоршысы; тірегі
Жинақталған бейне – сомдалған бейне
Ой шақыру. Айтылым. 1-тапсырма. Сұрақтарға жауап бер.
Ш.Айтматов туралы не білесіз?
Оның қандай шығармаларын білесіз?
Ш.Айтматов – қай елдің жазушысы?
Дескриптор:
Оқылым. Айтылым. 2-тапсырма.
Қанатты сөзді оқы. Сұрақтарға жауап бер. Түсіндір.
Адамның су мен жер туралы ойлағаны - өзі туралы ойлағаны (Шыңғыс Айтматов).
Сұрақтар:
1.Сен өзің туралы не ойлайсың?
2.Жер, су жайында ойланасың ба?
3.Жер мен судың саған, басқаларға қандай қатысы бар?
4.Не себепті жер, су туралы ойлағаның - өзің жайында ойлағаның болып есептеледі?
Дескриптор:
Қанатты сөзді оқиды.
Сұрақтарға жауап береді.
Түсіндіреді.
1-тапсырма. Мәтінді түсініп оқы. Негізгі және қосымша ақпаратты анықта.
Шыңғыс Төреқұлұлы Айтматов – қырғыз халқының ұлы жазушысы. Ол 1928 жылы туған. Қазақ жазушысы – Мұхтар Әуезов: «Орта Азия мен Қазақстанда Шыңғысқа тең келер қаламгер жоқ. Шыңғыс – қазақ, қырғыз халықтарының ортақ перзенті», - деген еді.
Ш.Айтматовтың балалық шағы Ұлы Отан соғысы (1941-1945) кезінде өтті. Сондықтан ол шығармаларында ауыл өмірін, қарапайым еңбек адамдарының соғыс кезіндегі, соғыстан кейінгі өмірін суреттеген. Ш.Айтматовтың шығармалары әлемнің 100-ден астам тіліне аударылған.
Жазушы «Ана-Жер-Ана» повесінде Ұлы Отан соғысы кезіндегі қиындықты баяндайды. Онда бір отбасының өмірі суреттеледі. Негізгі кейіпкері – Толғанай. Оның жұбайы мен үш ұлы соғыста қаза табады. Одан кейін келіні қайтыс болады. Толғанай жалғыз қалады. Бірақ өмірден түңілмейді. Толғанай өзінің қуанышы мен қайғысын Жер-Анаға айтады. Себебі Жер - барша адамзаттың анасы, асыраушысы. Жер-Ана Толғанайға таусылмайтын күш-жігер береді. Толғанай – соғыс кезінде қиындық көрген аналардың жиынтық бейнесі. Толғанай аналардың көрген қайғы-қасіретін барлық адамзатқа айтқысы келеді. Жазушы Толғанай образы арқылы қарапайым адамдардың қажыр-қайратын, ерлігін бейнелейді. Қайғы-қасіреттен түңілмеген Ана бейнесі арқылы жазушы өмірдің жалғаса беретінін көрсетеді.
Дескриптор:
Мәтінді түсініп оқиды.
Негізгі және қосымша ақпаратты анықтайды.
|