Сабақтың тақырыбы Натурал сандардың бөлінгіштік белгілері тақырыбын қайталауаға есептер шығару Сілтеме



бет24/38
Дата20.06.2018
өлшемі0,94 Mb.
#43947
түріСабақ
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   38



Күні







Сабақтың тақырыбы

Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулерге есептер шығару

Сілтеме

Математика оқыту әдістемесі 2006ж (6сынып)

Математика оқулығы 2010ж (6сынып)



Жалпы мақсаты



Оқушылардың бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулер туралы түсініктерін кеңейту, оқушылардың өз бетінше білім алу дағдыларын нығайту. Алған білімдерін өз бетінше тексеруге, дамытуға мүмкіндік беру. Өз бетінше еңбектенуге баулу. Есептер шығаруда тиімді қолдану дағдыларын шыңдау.

Күтілетін оқу нәтижелері

Ой ұшқырлығын дамытуға, сыни тұрғыдан шапшаң, терең ойлауға көмектесетіндей бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулерге есептер шығару арқылы оқушылар білімдерін шыңдауға, дамытуға, ойша есептеуде білімдерін тереңдетуге өз білімдерін байытуға мүмкіндік алады. Тапсырманы орындау барысында оқушылар берілген есептердің шығарылу жолдарын өздігінен табуға мүмкіндік алады.

Түйінді идеялар

Оқушыға түрткі болатындай «миға шабуыл» әдісі бойынша тапсырма жауабына тәуелсіз ойлануына, өзіндік ойын жазып, түсініктеме беру қабілетіне ықпалын тигізеді. Берілген тапсырмаларды орындау сыни көзқарасты, ой ұшқырлығын тереңдетуді талап етеді.

Дерек көздері

6 сынып математика оқулығы 2010ж

Әдістемелік материалдар 2002ж



Тапсырмалар

Оқулық бойынша берілген есептер

Жеке жұмыс

Жұптық жұмыс

Топтық жұмыс


Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

Оқушыларды топқа бөлу, шаттық шеңберін ұйымдастыру, оқушы зейінін сабаққа аудару

Оқушылар шаттық шеңберін өз беттерінше ұйымдастыра отырып, топқа бөлінеді

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Сұрақ-жауап әдісі

1) Қандай теңдеуді бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу деп атаймыз?

2) Қандай теңдеулер мәндес теңдеулер деп аталады?

3) Айнымалы дегеніміз не?

4) Теңдеудің неше қасиеті бар? Тұжырымдаңдар.

5) Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеудің түбірін қалай табамыз?


Оқушылар бір-біріне сұрақ қоя отырып, білімдерін тексереді, дамытады

Тапсырмалар

1.Пропорцияның белгісіз мүшесін тап:

58:у = 102:51

2.Масштабы 1:5000000. Картадағы ұзындығы 2 см болса, нақты ұзындықты тап.

3. Теңдеуді шеш:



 :  =  : 

 :  =  : x

4.Өрнекті ықшамда:

10х-(3х+1)+(х-4)

0,5 (а-4в)+0,1(5а+10в)

5.Жақшаны ашып, өрнекті ықшамдаңдар:

6х- (2,4-х)+(1,4-5х)

6.Есептеңдер:  :  *(-12)

7.Пропорцияның белгісіз мүшесін тап:

12:144=6:y

8.Масштабы 1:5000000. Картадағы ұзындығы 800 км болса, нақты ұзындықты тап.

9. Теңдеуді шеш:

 :  =  : x

 :  =  : 

10.Өрнекті ықшамда:

8х-(2х+5)+(х-1)

0,4 (х-5у) +4,5(2х-у)

11.Жақшаны ашып, өрнекті ықшамдаңдар:

8х- 3,7-х)+(1,2-5х)

12.Есептеңдер:

 : (- ): 



Берілген тапсырмаларды жеке ойланып, жұппен, топпен талқыға сала отырып шығарады

Оқуға арналған қосымша тапсырмалар

Ү тарау. §25. 5 теңдеу құрып келу.


Үйге берілген тапсырманы өз беттерінше орындап келеді

Бағалау

Топ басшылары топты, әр топ бір-бірін, мұғалімнің бағалауы.

Рефлексия



Күні







Сабақтың тақырыбы

Теңдеудің көмегімен мәтінді есептерді шығару

Сілтеме

Математика оқыту әдістемесі 2006ж (6сынып)

Математика оқулығы 2010ж (6сынып)



Жалпы мақсаты



Оқушылардың бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулер туралы түсініктерін кеңейту, оқушылардың өз бетінше білім алу дағдыларын нығайту, мәтінді есептерге теңдеу құру дағдыларын дамыту. Алған білімдерін өз бетінше тексеруге, дамытуға мүмкіндік беру. Өз бетінше еңбектенуге баулу. Есептер шығаруда тиімді қолдану дағдыларын шыңдау.

Күтілетін оқу нәтижелері

Ой ұшқырлығын дамытуға, сыни тұрғыдан шапшаң, терең ойлауға көмектесетіндей бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулерге мәтінді есептер шығару арқылы оқушылар білімдерін шыңдауға, дамытуға, ойша есептеуде білімдерін тереңдетуге өз білімдерін байытуға мүмкіндік алады. Тапсырманы орындау барысында оқушылар берілген есептердің шығарылу жолдарын өздігінен табуға мүмкіндік алады.

Түйінді идеялар

Оқушыға түрткі болатындай «миға шабуыл» әдісі бойынша тапсырма жауабына тәуелсіз ойлануына, өзіндік ойын жазып, түсініктеме беру қабілетіне ықпалын тигізеді. Берілген тапсырмаларды орындау сыни көзқарасты, ой ұшқырлығын тереңдетуді талап етеді.

Дерек көздері

6 сынып математика оқулығы 2010ж

Әдістемелік материалдар 2002ж



Тапсырмалар

Оқулық бойынша берілген есептер

Жеке жұмыс

Жұптық жұмыс

Топтық жұмыс


Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

Оқушыларды топқа бөлу, шаттық шеңберін ұйымдастыру, оқушы зейінін сабаққа аудару

Оқушылар шаттық шеңберін өз беттерінше ұйымдастыра отырып, топқа бөлінеді

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Сұрақ-жауап әдісі

1) Қандай теңдеуді бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу деп атаймыз?

2) Қандай теңдеулер мәндес теңдеулер деп аталады?

3) Айнымалы дегеніміз не?

4) Теңдеудің неше қасиеті бар? Тұжырымдаңдар.

5) Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеудің түбірін қалай табамыз?


Оқушылар бір-біріне сұрақ қоя отырып, білімдерін тексереді, дамытады

Тапсырмалар

26.Пальто,бәтеңке және бөрік 4300 теңге тұрады. Бәтеңке бөріктен  3 есе қымбат,ал бөрік пальтодан 3500теңгеге арзан. Киімдердің әр қайсысы қанша тұрады?

27АВС үшбұрышының периметрі ( үш қабырғасының қосындысы) 85см. АВ қабырғасы ВС қабырғасынан 15см-ге қысқа, АС – АВ -дан 22 см-ге ұзын.ВС-ның ұзындығын табыңыздар.

28.Екі бригадада жұмысшылар саны бірдей болатын. Бірінші бригадада тағы 8 жұмысшы қабылдадыда, ал екінші бригададан 2 жұмысшы шығып кетті. Сонда бірінші бригадада жұмысшы саны 2 есе көбейді. Бригадаларда неше адамнан болып еді?

29. Бір элеваторда екіншщіге қарағанда 3 есе артық астық болды.Біріншіден 960 тонна астық әкетсе, ал екіншіге 240тонна астық құйса, элеваторларда астық бірдей мөлшерде болады. Алдында элеваторларда қанша астықтан болды?

30.Сырттай тітескен екі дөңгелектің  12 және  32 тістері бар. Кәзір тістескен қалпында  тістесу үшін кіші дөңгелек неше рет айналу керек?

31.Екі қаланың арасына 2,3 және 4 күн сайын бір ұшатын ұшақтар қатынайды. Бүгін бәрі де ұшатын күн. Енді неше күннен кейін олар тағы бір күнде бірге ұшады? Сол уақыттың ішінде әр күні неше ұшақ ұшып отырады?

Берілген тапсырмаларды жеке ойланып, жұппен, топпен талқыға сала отырып шығарады

Оқуға арналған қосымша тапсырмалар

Ү тарау. §25. қайталау


Үйге берілген тапсырманы өз беттерінше орындап келеді

Бағалау

Топ басшылары топты, әр топ бір-бірін, мұғалімнің бағалауы.

Рефлексия



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   38




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет