О. 6.2.2.1 - ауызекі сөйлеу және көркем сөйлеудің стильдік ерекшеліктерін қолданылған тілдік құралдар арқылы тану;
ӘТН. 6.4.2.1 - екпіннің түрлерін (сөз екпіні, тіркес екпіні, логикалық екпін) сөз және сөйлем ішінде орынды қолдану
Сабақтың мақсаты:
Барлық оқушылар орындай алады: Мәтінді түсініп оқып, сұрақтарға жауап бере алады.
Көпшілік оқушылар орындай алады: қолданылған тілдік құралдары арқылы стилін анықтайды;екпін түрлерін түсінеді,ажыратады.
Кейбір оқушылар орындай алады: жазба жұмысындағы жанрлық және стильдік ерекшеліктерді ескереді; сөз және сөйлем ішінде екпінді орынды қолданады.
I. Ұйымдастыру кезеңі.
1.Оқушылармен амандасамын.
2. Психологиялық ахуал («Білім шаңырағы» әдісі) Оқушылар шеңбер құрып, түрлі-түсті жіпті өздері білетін мақал-мәтелдер айту арқылы қарама-қарсы орналасқан оқушыға береді.
3. Сынып оқушыларын қима қағаздар(тіл туралы мақалдар) арқылы топқа бөлінеді.
Үй тапсырмасын сұрақтар қою арқылы тексеремін.
Мұғаліммен амандасады.
Топқа бөлінеді.
Дескриптор:
-мақал-мәтелдер айтады;
-мағынасын ашады;
-сұрақтарға жауап береді.
Жаңа сабаққа.
Сабақтың тақырыбы оқушылардың ойларымен байланыстырылып, оқу мақсаты, күтілетін нәтижемен таныстырамын.
1-тапсырма. Мәтіндерді оқып, қолданылғын тілдік құралдар арқылы стилін анықтаңдар. 1. Мәтінде қандай туыстық атаулар бар? -Әже, әпке,жиен қыз, ұл, қыз. 2.Алғашқы мәтінде кездесетін "екпін" сөзі мен тіл біліміндегі екпіннің қандай ерекшеліктері бар? 3. "Үлде мен бүлдеге орау" дегенді қалай түсінесіңдер? -Халықтың қошеметіне ие болу; Шалқу; Сыйлықтар алу; Рахаттану. 2-тапсырма. Мәтіндердегі әжесі мен немересінің диалгін екпін қойып оқыңдар. 3-тапсырма. Қарттар күніне орай әжелерге арнап құттықтаухат жазыңдар. "Қарты бар үйдің -қазынасы бар" дейді ғой! Әжетайым, сіз менің бар қазынамсыз. Сізді бүгінгі "Қарттар күнімен " шын жүректен құттықтаймын! Ешқашан аурымаңыз, осыай үйіміздің берекесі, көркі болып жүре беріңіз! немерелеріңіздің қызығын көріңіз! Ең бастысы өзіңізді ешқашан жалғыз сезінбеңіз, сіздің менің бар қазынам екендігіңізді ұмытпаңыз!