ҚБ Мұғалім оқушылар жауабын мұқият тыңдап кері байланыс беріп отырады
ҚБ «Өзін-өзі бағалау»
|
Ақпараттық мәтін
Үлестірмелі қағаздар
Суреттер
https://yandex.kz/images/search?pos=2&from=tabbar&img %D0%BA%D1%96%D1%80%D1%96%D1%81%D1%96&rpt=simage&lr=29568
Тірек-сызбалар
Кесте
ҚБ парағы
|
Сабақ
тың соңы
|
Сабақты қорытындылау
Кері байланыс
-Маған ұнады
-Мен әлі де білгім келеді?
Үйге тапсырма
Адамдар кірістерін басқара ала ма?
Ой толғау
|
Тақырып бойынша не білетінін, не білгісі келетінін, не білгенін жазады
|
Оқушылар бағалай критерийлерімен өз деңгейлерін бағалайды
|
А4, конспект
|
Қосымша №1
Үнемшіл адам тиыннан теңге құрайды, ысырапшыл табыс тапқанмен тақырға отырады. Қаржыгерлер тұлғаның табысты болуы тікелей өзіне байланысты екенін айтады, яғни басты мәселе − жоспарда. Осы орайда жас отбасылар үшін бюджетті қалай жоспарлау керек екенін мамандармен бірлесе отырып талқыладық.
Бюджет: отбасыңыз қай түрін таңдайды?
Отбасы бюджеті − отбасы кірісі мен шығысын есептей отырып жасалған қаржылық жоспар. Қаржы жоспарын дұрыс құру мен нақты орындау отбасы мүшелеріне тікелей қатысты. Мамандар отбасының қаржылық жоспарын құру сіз таңдаған бюджет түріне байланысты екенін айтады, яғни алдымен бюджет түрін анықтап алған дұрыс. Оған төмендегі 3 категория кіреді:
1.Бірлескен отбасылық бюджет;
2.Бөлек отбасылық бюджет;
3.Араласқан отбасылық бюджет.
Бірлескен отбасылық бюджет деп − ерлі-зайыптылардың кірістерін бірге жинақтап, қаражатты барлық отбасы шығыны мен жеке шығындарға жоспарлы түрде жұмсауын айтамыз. Көп отбасылар осы тәсілді қолданады.
Бөлек отбасылық бюджетте әр отбасы мүшесі өз табысына жеке иелік етеді. Мұндай отбасылар батыс мемлекетінде жиі кездеседі. Олар бір-бірне қаржы жағынан тәуелді болғысы келмегендіктен, отбасы шығынын жеке төлейді, тек аса көп қаражат қажет шығындарда ғана бірлесіп шешім қабылдайды.
Араласқан отбасылық бюджет − бірлескен және бөлек отбасылық бюджет сипатына ие қаржылық жоспар. Бұл жерде отбасы мүшелері бірлесіп ақша жинайды, алайда оған барлық табысын бермейді, алдын-ала келісіп жоспарланған соманы ғана жинап отырады. Ал табыстың қалған бөлігін өз қалауынша жұмсайды.
Әдетте отбасылық бюджетті есептеу барысында келесі айда жұмсалатын шығын мен кіріс назарда болады. Осы орайда барлық отбасы шығыны, балаларды қамтамасыз ету, отағасының және әйелінің жеке шығынынан бөлек, жуық арада болуы мүмкін тосын жағдайға қаржы қарастырған дұрыс.
Ақпарат дереккөзі: https://massaget.kz/kyizdarga/shayra/58119/
___________________________________________
(білім беру ұйымының атауы)
Достарыңызбен бөлісу: |