Сабақтың тақырыбы: Тұйық етістік. Сабақтың типі: білімді меңгерту Сабақтың әдісі: баяндау,сұрақ-жауап



бет4/21
Дата06.07.2018
өлшемі1,97 Mb.
#48017
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21

3-деңгей.Шығармашылық жұмыс.

а) Сөйлем мүшесін талдау.

Шәкәрім Стамбулда болған еді.Үйдің төңірегі қобырап жатыр.Жақсы жаныңа жолдас болар.Екеуінің әңгімеі аяқталмай қалды.

ә) Мақалдардағы етістік райларын анықта.

1.Отан үшін отқа түс,күймейсің.

2.Мың жүйрік арасында бір тұлпар шығады алға.



Түсбұйрық рай, ІІ жақ,жекеше,қалыпты.

Шығады – ашық рай,ауыспалы осы шақ,ІІІ жақ.





Е

м

е

н




А

т

а




Б

і

л

е

з

і

к







С

ә

у

к

е

л

е




Т

а

р

и

х







І

л

и

я

с







К

і

л

т



4-деңгей. «Тез тап». а) Сөзжұмбақ шешу.

1.Ағааш түрі

2.Әкеңнің әкесі

3.Ұлттық әшекей бұйым

4.Қалыңдықтың бас киімі

5.Пәннің аты

6.Көрнекті ақын

7.Есікті ашатын құрал.

ә) Семантикалық картаны толтыру.Өздік жұмыс.




Мысалдар

Нақ осы шақ

Ауыспалы

келер шақ



Болжалды

келер шақ



Мақсатты келер шақ

Ауыспалы келер шақ

Бұрынғы өткен шақ

Жедел өткен шақ

Ауыспалы өткен шақ

1

Мен

барғанмын


















+








Сабақты бекіту. «Топтастыру»

- Бүгінгі сабақта нені қайталадық? Етістік райларының неше түрі бар?

Оқушылардың білімдерін бағалау.

Үйге тапсырма: 180-жаттығу. «Бақыт» тақырыбына ойтолғау жазып келу.

Пәні: қазақ тілі

Сыныбы: 7-сынып

Сабақтың тақырыбы: Қазақ тілі -қазақ халхының әдеби тілі және

мемлекеттік тіл

Сабақтың мақсаты.

білімділік – тіл білімі туралы түсініктерін қалыптастыру ,оның салаларын үйрету, қазақ тілінің мәртебесі туралы түсінік беру;

дамытушылық – оқушылардың ой-өрісін,сана-сезімін,белсенді ойлау дағдыларын жандандырып,сыни тұрғысынан ойлау материалдарын қолдана отырып қызығушылығын арттыру,білімін дамыту,сауаттылыққа баулу,сабаққа ынталандыру;

тәрбиелік – ұқыптылыққа, шапшаңдыққа,көркем жазуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың көрнекілігі: кестелер , плакаттар,үлестірмелі қағаздар,слайдтар.

Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру,сұрақ-жауап,топтастыру.

Пәнаралық байланыс: әдебиет

Сабақтың барысы.

а) Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен амандасу,түгелдеу.Оқу құралдарын тексеру және сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.



ә) Үй тапсырмасын пысықтау;

Үйге берілген тапсырманы тексеремін . Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.



б) Жаңа сабақты түсіндіру;

Қазақ тілі- қазақ халхы үшін әдебиет,мәдениет, ғылым мен білім тілі, оқу-ағарту тілі, түрлі іс-қағаздарының тілі.

1989 жылы қазан айында республиканың Жоғарғы Кеңесі қабылдаған Қазақстанның Тіл туралы заңына сәйкес қазақ тіліне мемлекеттік мәртебе берілді.

Қазақ тілі -өте бай әрі көркем тілдердің бірі.


Тіл білімі

Лексика

Фонетика

морфология

Синтаксис

Сөз таптарын

қарастырады

Тіл дыбыстарын қарастырады

Сөз оның мағыналарын қарастырады

Сөйлем мүшелерін

қарастырады



Жаттығумен жұмыс: 1-жаттығу. Өлеңді мәнерлеп оқып, қазақ тілін неліктен баба тілі дейтінін жазбаша түсіндіріңдер.

Топпен жұмыс: Алдыңғы сыныпта оқыған материалдарыңды еске түсіріп ,ана тілінің қадір қасиеті жайында ауызша әңгімелеңдер.

Білімді бекіту: Өтілген тақырып бойынша оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.

  1. Қазақ тілі қашан мемлекеттік мәртебе алды?

  2. Әдеби тіл нешеге бөлінеді?

  3. Әдеби тілдің неше нормасы бар?

Білімді бағалау: Оқушылардың жауаптарына,ынтасына қарай білімдері бағаланады

Үйге тапсырма: 3-жаттығуды жазып, тырнақшаға алынып жазылған сөздердің мәнін біліп алыңдар..

.

Пәні: қазақ тілі



Сыныбы: 7-сынып

Сабақтың тақырыбы: Әдеби тілдің лексикалық нормасы

Сабақтың мақсаты.

білімділік – әдеби тіл туралы түсініктерін қалыптастыру , оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтарын арттыру;

дамытушылық – оқушылардың ой-өрісін,сана-сезімін,белсенді ойлау дағдыларын жандандырып,білімін дамыту,сауаттылыққа баулу,сабаққа ынталандыру;

тәрбиелік – ұқыптылыққа, шапшаңдыққа,көркем жазуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың көрнекілігі: кестелер , плакаттар,үлестірмелі қағаздар,

Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру,сұрақ-жауап, іздендіру

Пәнаралық байланыс: әдебиет

Сабақтың барысы.

а) Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен амандасу,түгелдеу.Оқу құралдарын тексеру және сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.



ә) Үй тапсырмасын пысықтау;

Үйге берілген тапсырманы тексеремін . Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.



  1. Қазақ тілі қашан мемлекеттік мәртебе алды?

  2. Әдеби тіл нешеге бөлінеді?

  3. Әдеби тілдің неше нормасы бар?

б) Жаңа сабақты түсіндіру;

Тілдегі сөздердің жұмсалу аясы бірдей емес.Халық тіліндегі сөздердің көпшілігі әдебиетте жиі қолданылып,жалпы халықтық нормаға айналады да, біразы қолданылудан шығып қалады. Сөйлеу тіліндегі сөздердің кейбіреулері әдебиетте кездескенімен,олар әдеби нормаға жатпайды.



Әдеби тілге жатпайтын сөздер: Диалектизмдер, дөрекі,жаргон сөздер, қазақ тілінде баламасы бар термин сөздер.
Жаттығумен жұмыс: 4-жаттығу. Берілген сөздердің қандай жолмен жасалғанын түсіндіріңдер. Әдеби тілдің лексикалық нормасына жататынын,жатпайтынын дәлелдеңдер.
Кітаппен жұмыс: 5- жаттығуды мәнерлеп оқып, қарамен жазылған сөздердің мағынасын түсіндіріңдер. Мысалы: жаны жақсы-адамгершілігі мол,бауырмал, қайырымды,еңбекқор,ақылды..
Білімді бекіту: Өтілген тақырып бойынша оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.

  1. Әдеби тілдің лексикалық нормасы дегеніміз не?

  2. Лексикалық нормаға қандай сөздер жатпайды?

  3. Жалпы халыққа ортақ,түсінікті тілді не дейміз?


Білімді бағалау: Оқушылардың жауаптарына,ынтасына қарай білімдері бағаланады

Үйге тапсырма: 6-жаттығуды оқып, «Шалқыған Арал теңізі неге тартылды?» тақырыбына ойтолғау жазыңдар.


Пәні: қазақ тілі

Сыныбы: 7-сынып

Сабақтың тақырыбы: Мәтін

Сабақтың мақсаты.

білімділік – мәтін туралы түсініктерін қалыптастыру , оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтарын арттыру;

дамытушылық ойлау,қабылдау қабілеттерін жетілдіру,шығармашылық қабілеттерін дамыту;

тәрбиелік – орындалатын жұмыстар арқылы отансүйгіштікке,аналарды қадірлеуге,мәдениеттілікке тәрбиелеу

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың көрнекілігі: суреттер ,үлестірмелі қағаздар,

Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру,сұрақ-жауап, іздендіру

Пәнаралық байланыс: әдебиет

Сабақтың барысы.

а) Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен амандасу,түгелдеу.Оқу құралдарын тексеру және сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.



ә) Үй тапсырмасын пысықтау;

Үйге берілген тапсырманы тексеремін . Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.



  1. Әдеби тілдің лексикалық нормасы дегеніміз не?

  2. Лексикалық нормаға қандай сөздер жатпайды?

  3. Жалпы халыққа ортақ,түсінікті тілді не дейміз?

б) Жаңа сабақты түсіндіру;

Мәтінде бір-бірімен жалғасып,байланысып келетін бірнеше күрделі ой болады. Бір бүтін күрделі,жүйелі ой жазуда бір абзац арқылы көрінеді. Кейде мәтінде негізгі ой жүйесінен ауытқып,жаңа ой,жаңа пікір айтуға көшеді немесе негізгі ойға қосымша ой қосады.Осылар жазуда абзацпен беріледі.

Абзац екі түрлі мәнде жұмсалады. Бірі-мәтінді жаңа жолдан бастап жазғанда,оңға қарай жасалған шегініс. Ол азат жол деп аталады. Екінші –бір азат жол мен келесі азат жол арсындағы мәтін бөлігі.

Жаттығумен жұмыс: 7-жаттығу. Мәтіннің тақырыбы ретінде алынған сөздерге талдау жасаңдар.

Тақтамен жұмыс: Бірнеше сөйлемдер жазып,морфологиялық талдау жасайды.

М.ү з.е з.е б.с ет ж.ө ш

Таң ата жау шабуыл/ға шық/ты.

Ж.е з.е і.с з.е т.с ет өз.е ж.ө.ж



Ол командир/дің бұйрығ/ын жет/кіз/ді.
Білімді бекіту: Өтілген тақырып бойынша оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.

  1. Мәтін дегеніміз не?

  2. Мәтіннің қандай түрлері болады?

  3. Мәтіннің мазмұны мен тақырыптың байланысы дегенді қалай түсінесіңдер?


Білімді бағалау: Оқушылардың жауаптарына,ынтасына қарай білімдері бағаланады
Үйге тапсырма: 11 -жаттығуды оқып, тақырып қойыңдар. Мәтіннен араб,парсы тілдерінен енгшен сөздерді теріп жазыңдар.

Пәні: қазақ тілі

Сыныбы: 7-сынып

Сабақтың тақырыбы : Сөздердің айтылуы мен жазылуы

Сабақтың мақсаты :

а) Оқушылардың ойлау қабілетін сабаққа деген қызығушылығын арттыру және негізгі мәселелерге аса көңіл бөлуге үйрету ;

ә) Өз бетінше ізденуге,ойлау қабілетін арттыруға ықпал ету,өз ойын еркін жеткізуге баулу,жылдам жауап беруге дағдыландыру,тіл,сөйлеу тілдерін етілдіру,сөйлеумашықтарын,шығармашылық қабілеттерін дамытуға жол ашу,ойлау қабілеттерін,сөздік қорларын дамыту ;

б) Мақал – мәтел арқылы оқушылардың рухани байлығын қалыптастыру,адамгершілікке тәрбиелеу,тапқырлық,іздемпаздық қасиеттерін қалыптастыру,адамгершілік қасиеттерге,ұлттық құндылықтарды сүйе білуге дағдыландыру.



Сабақтың түрі : Аралас сабақ

Сабақтың әдісі : сұрақ – жауап,түсіндіру

Сабақтың көрнекілігі : үлестірмелі кеспе қағаздар

Пәнаралық байланыс : әдебиет

Сабақтың барысы :

а) Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.



ә) Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген жаттығуды тексеремін. Кеспе қағаздарды үлестіріп жауап талап етемін.



  1. Мәтін дегеніміз не?

  2. Мәтіннің қандай түрлері болады?

  3. Мәтіннің мазмұны мен тақырыптың байланысы дегенді қалай түсінесіңдер?

б) Жаңа сабақты түсіндіру:

«Орфоэпия» - «дұрыс айтамын» деген сөз. Орфоэпия – ауызша сөздің бірізді дыбысталуын қамтамасыз ететін ұлттық тіл нормасының жиынтығы.Әдетте сөздің бірізді дыбысталуы тілдесуді жеңілдетеді.

«Орфография» деген сөз «дұрыс жазамын» дегенді білдіреді.Орфография-сөзді бірізді жазудың тәсілдерін белгілейтін ереже.Орфография дыбыстарды қандай әріппен беруді,сөздерді,оның бөлшектерін бірге,бөлек немесе дефис арқылы жазуды,бас әріптің қолданылуын,тасымал тәртібін белгілейді.

Шығармашылық жұмыс : Төмендегі сөздердің тұсына олардың орфографиялық нормасын сақтап жазыңдар.

Жылан гөз - жыланғұрт –

қайқаяқ – қайран ғалу –

қайрақ тас – қайыр ғош –

қақ пөлу – қағ алды –

саптаяқ – сарауыз –

сегіз ғанат –

Білімді бекіту : Оқушылардың түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.


  1. Орфография дегеніміз не?

  2. Орфоэпия дегеніміз не?

Білімді бағалау :Оқушылардың ынтасына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма : 13-жаттығу. Берілген сөйлемдерді оқып орыс сөздерін талдаңдар. Орыс сөздеріне жалғанған қосымшалардың орфографиялық нормаға сәйкестігін түсіндіріңдер.

Пәні: қазақ тілі

Сыныбы: 7-сынып

Сабақтың тақырыбы: Морфология.Зат есімнің түрленуі

Сабақтың мақсаты: білімділік – зат есімнің түрленуі туралы түсіндіру,оқушылардың ой-өрісін кеңейту,зат есім тақырыбынан алған білімдерін еске түсіру,зат есім тақырыбы бойынша білімін жетілдіру;

дамытушылық – жеке тұлғаның ой-қабілетіне әсер ету арқылы оқушылардың өздігінен жұмысқа баулу,сөйлеу шеберліктерін,тіл байлықтарын дамыту; тәрбиелік –оқушыны білімділікке,ойлылыққа жетектеу,пәнге қызығушылығын арттыру,туған тілін сүюге,қадірлеуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ.

Сабақтың әдісі: сын тұрғысынан ойлау стратегиясы.

Көрнекілігі: плакат-сызбалар,топтастыру,кеспе қағаздар.

Пәнаралық байланыс:әдебиет.

Сабақтың өту барысы.

І.Ұйымдастыру бөлімі.

1.Сәлемдесу.Сабаққа даярлау.

2.Бүгінгі сабақтың құрылымымен таныстыру.

Сабақ «Ашық журнал сабағы» деп аталады.Журналдың әр парағында тақырыптар берілген.



1.Қайталау – оқу анасы.

2.Жаңа сабақ құпиясы.

3.кітап – досың,ақылшың.

4.Біліміңді байқап көр.

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.

Қызығушылықты ояту.Ой шақыру.

1. «Қайталау – оқу анасы».

«Кубик лақтыру» ойыны.мен түрлі-түсті кубикті ортаға тастаймын.Үш қатар түстерді таңдау арқылы тапсырмаларын орындайды.Үш минут уақыт беріледі.

Тапсырмалар

1-қатар.Оқушылар бірлесіп зат есім бойынша тірек-сызбсын салады,түсіндіреді.

дара, күрделі


кім,не негізгі,туынды




жалпы және жалқы деректі,дерексіз
көптеледі септеледі
тәуелденеді


2
Тіл

Ата-баба

Аманаты

Өнер

Қызыл

Тіл

Алды
-қатар.
Тірек сөздер арқылы жұмыс.Төмендегі плакатқа жазылған сөздер бойынша үш сөйлем құрау,зат есім болатын сөздерді белгілеу.

3-қатар.

Бейнесөз.

1.Ұлттың аты ...

2.Ел ордасы ...

3.Жанша Досмұхамедұлының туған жері

4. «Кет» сөзінің антонимі

5. Сөз табы

6.Тәуелсіздік тірегі ...

7.Сөздің көркі ...

























































































































































ІІІ.Мағынаны тану.

2. «Жаңа сабақ құпиясы».

Морфология.

Зат есімнің түрленуі.

Зат есімді түрлендіретін тұлғалар оның жалғаулары болып табылады.



Қазақ тілінде жалғаудың төрт түрі бар.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет