Ү. Жаңа материалмен жұмыс: а) оқулықпен жұмыс, дәптермен жұмыс. Күн ретін жазу. Көркем жазу. Білгішбектің айтқананын оқу, талдау, есте сақтау. 49-жаттығу. Берілген сөйлемдерді оқу, мағынасын ұғыну, қарамен жазылған сөздерге қосымша жалғап жазу: сұңқар – сұңқардай, пингвин-пингвинді, бүркіт-бүркітші, қарлығаш-қарлығашты. Ережелерді оқу, жаттау.
ҮІ. Бекіту: 50-жаттығу. Толықтыру тесті ретінде өткізу. Төменде берілген сөздерді –лар, -лер, -тар, -тер, -дар, -дер жалғаулардың тиістісімен толықтыр. Қуыршақ..., өсімдік..., құлын..., шағала..., өрмекші..., қыз..., кітап..., жидек..., жүзім....Жуан айтылатын жалғаулардың астын – бір, жіңішке айтылатын жалғаулардың астын екі рет сыз.
ҮІІ. Қорытындылау.Балалар, бүгін біз не үйрендік? Түбір сөздің соңғы буыны жуан болса, онда қандай қосымша жалғанады? Түбір сөздің соңғы буыны жіңішке болса, онда қандай қосымша жалғанады? Мысал келтір.
ҮІІІ. Үйге тапсырма: 51-жаттығу, 135-бет. ІХ. Оқушыларды бағалау
Тақырыбы: Түбір мен қосымшаның жазылуы
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға түбір сөздің соңғы буынының жуан не жіңішке болып келуіне қарай қосымшанын да жуан не жіңішке болып үйдесіп жалғанантындығы туралы топтастырылған ұғым қалыптастыруға мүмкіндік туғызу; оқушылардың өз бетімен жұмыс жасауы арқылы теориялық ойлауын, сөйлеу тілін дамыту; ұйымшылдықа, достыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, іздену, көрнекілік, талдау, жинақтау. Сабақтың көрнекіліктері: мазмұнды суреттер.
Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру кезеңі: сабаққа даярлық.
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру 51-жаттығу, 133-бет. Берліген суреттегі нәрселердің атына сәйкес жалғау жалғап жазу.
ІҮ. Жан-жақты білімдерін тексеру 52-жаттығу. Өнерпазды, ұстаға, жұлдызды, шолпылы, орақшы. Зергерлік, киізді, күмісті, шегірткеге, білезікті.
Қарамен берілген сөздерді қатыстырып сөйлем құрау.
Ү. Жаңа материалмен жұмыс: а) оқулықпен жұмыс, дәптермен жұмыс Күн ретін жазу. Көркем жазу. 53-жаттығу. Өлеңді мәнерлеп оқу, қарамен жазылған сөздерді салыстырып, түбір сөздің соңғы дыбыстарына назар аудару. Кітап – кітабыңның. 54-жаттығу. Жұмбақты оқу, шешуін табу, жатқа жазу. (Өрмекші). Қарамен жазылған сөздердің түбірін табу: сирағы – сирақ; құлағы – құлақ. Неліктен түбір сөздің соңғы дыбысы өзгерді? Ережені оқу, есте сақтау. 55-жаттығу. Сөздерге ы, і әріптерінің тиістісін жалғап, көшіріп жазу: бұршағы, кірпігі, көбелегі, құлағы, есігі, жаңғағы, өрігі, сандығы, тол\қылдағы, жарығы, бүйрегі, күрегі. Неліктен түбір сөздің соңғы дыбысы өзгерді?
ҮІ. Бекіту: 57-жаттығу. Мақалды оқу, мағынасын түсіндіру. Қарамен жазылған (еңбек, еңбегіне) сөздерді салыстыру.
ҮІІ. Қорытындылау Балалар, бүгін біз не үйрендік? Түбір сөздің соңғы буыны жуан болса, онда қандай қосымша жалғанады? Түбір сөздің соңғы буыны жіңішке болса, онда қандай қосымша жалғанады? Мысал келтір.
ҮІІІ. Үйге тапсырма: 56-жаттығу, 137-бет.
ІХ. Оқушыларды бағалау
Тақырыбы: Түбір мен қосымшаны жазылуы
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға қосымша жалғанғанда сөздердің соңғы дыбысының өзгеретінің меңгертуге мүмкіндік туғызу; оқушылардың өз бетімен жұмыс жасауы арқылы теориялық ойлауын, сөйлеу тілін дамыту; ұйымшылдықа, достыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, іздену, көрнекілік, талдау, жинақтау. Сабақтың көрнекіліктері: мазмұнды суреттер.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: сабаққа даярлық.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру 56-жаттығу, 135-бет.Жаңылтпашты жатқа жазу.Қарамен жазылған сөздің түбірін табу: күрегі- күрек.
ІҮ. Жан-жақты білімдерін тексеру. 60-жаттығу. :Сәйкестендіру тесті. Берілген қосымшалы сөздерге тиісті түбір сөзді сәйкестендір:
Халық құлпы
Ерік халқы
Құлып бөркі
Құлақ орны
орын құлағы
бөрік еркі
Ү. Жаңа материалмен жұмыс: а) оқулықпен жұмыс, дәптермен жұмыс Күн ретін жазу. Көркем жазу. 58-жаттығу жақшының ішіндегі тиістісін қойып мәтінді көшіріп жазу. Неліктен ссол әріпті таңдадың? Өзгерген әріптің астын бір, жалғаудың астын екі рет сыз. Неліктен бұл әріптер өзгерді? 59-жаттығуда берілген жұмбақты шешу(түйе), қарамен жазылған сөздердің түбірін табу. Мойны-мойын. Түбір сөздегі ы дыбысы неліктен түсіп қалды? 61-жаттығумақалды оқу: Ел көркі – мал, Өзен көркі – тал.Қарамен жазылған сөздің түбірін табу: көркі – көрік. Түбір сөздің жазылуындағы өзгерісті түсіндір.
ҮІ.Бекіту: 62-жаттығу Тізбектің басында тұрған сөзді тауып, көп нүктенің орнына жазу:
Жақ – жағу, жағады, жағып.
Сөк – сөгу, сөгеді, сөгіп.
Тақ – тағу, тағады, тағып.
Данияр, отты жақ! Жіпті сөк! Әсел, қуыршаққа шолпы тақ.
ҮІІ. Қорытындылау Балалар, бүгін біз не үйрендік? Түбір сөздегі соңғы әріптің өзгеруін түсіндір. Мысал келтір. ҮІІІ. Үйге тапсырма: 63-жаттығу, 139-бет.
ІХ. Оқушыларды бағалау
Тақырыбы: Қосымшаның мағынасы, жазылудағы өзгерістері
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға түбір мен қосымшаның жазылуы туралы берілген түсінікті бекітуге мүмкіндік туғызу; оқушылардың өз бетімен жұмыс жасауы арқылы теориялық ойлауын, сөйлеу тілін дамыту; ұйымшылдықа, достыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, іздену, көрнекілік, талдау, жинақтау. Сабақтың көрнекіліктері: мазмұнды суреттер.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: сабаққа даярлық.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру 63-жаттығу, 139-бет. Жұмбақтың шешуін табу, қарамен жазылған сөздердің түбірін табу. ІҮ. Жан-жақты білімдерін тексеру
64-жаттығу түбір сөздегі п дыбысының у дыбысына өзгергендігін байқату: сеп-сеуіп, қап-қауып, жап-жауып, кеп- кеуіп,шап- шауып
Ү. Жаңа материалмен жұмыс: а) оқулықпен жұмыс, дәптермен жұмыс Күн ретін жазу. Көркем жазу. 65-жаттығу Берілген сеуіп, кеуіп, тауып сөздерін қатыстырып сөйлемдер құрастыру: Далада шаң болмасын деп анам жерге су сеуіп қойды. Күннің астына қойған құрт тегіс кеуіпті. Тауып алған кітаптың иесін Айдос хабарландыру арқылы тапты.
Көркем жазу
66-жаттығу. Мәтінді көшіріп жазу, Қарамен жазылған тауып, таба сөздердің түбірі тап екендігін тапқызу, түбір сөздегі өзгерісті байқату. Мәтінге ат қойып, ары қарай жалғастыру.67-жаттығу. Мәтінді оқу, қарамен жазылған сөздерді сөз құрамына талдау.
ҮІ.Бекіту: 68-жаттығу сөздердің жұптарын таба отырып көшіріп жазу: Орны-орын, еркі-ерік, халқы-халық, аулы-ауыл, көркі-көрік, бөркі-бөрік.
ҮІІ. Қорытындылау Балалар, бүгін біз не үйрендік? Түбір сөздегі соңғы әріптің өзгеруін түсіндір. Мысал келтір.
ҮІІІ. Үйге тапсырма: 69-жаттығу, 141-бет.
ІХ. Оқушыларды бағалау
Тақырыбы: Бақылау диктанты
Мақсаты: оқушыларға диктант жаздыра отырып, алған білімдерін тиянақтауға, тексеруге, сауатты көркем жаза білуге мүмкіндік туғызу: танымдық қабілетерін, ақыл-ойын дамыту; адамгершілікке, сұлулыққа, ұжымшылдыққа баулу.
Сабақтың түрі: білімді тексеру және бағалау сабағы.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, түсіндіру.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: оқушылардың назарларын сабаққа аудару, құрал-жабдықтарын түгендеу.
ІІ. Мақсат қою кезеңі: Бүгінгі сабақта біз диктант жазамыз. Диктант жазуға дайынбыз ба? Ондай болса жұмысты бастамай тұрып есімізге бірнеше ережелерді түсіріп алайық: Сөйлемдегі сөздер қалай жазылады? Сөйлем неден басталады? Сөйлем соңына қандай тыныс белгі қойылады?Сөйлем ішінде жер-су аттары, адамның аты кездессе қалай жазылады? Әр жазған сөйлемді тексеріп отыру керек па? Неліктен?
ІІІ. Білімдерін тексеру: Диктант мәтінін мұғалім 2 рет дауыстап оқып, қиын сөзді тақтадан қарап алу керектігін ескертеді. Диктантты жазып болған оқушылар іштерінен оқып, мұғалімнің оқуы бойынша тексереді.
Шахтада
Біз қалада тұрамыз. Әкем шахтада істейді. Шахтер болуды мен де ұнатамын. Шахтаны көргім келді. Оның қайда екенін білемін. Анау биік қара таудың қасында. Тау етегінде үлкен үй тұр. Шахтаға кірер есік сол жерде.Ақыры шыдамадым. Әкем сыйлаған фонарымды алдым да тура шахтаға тарттым. Шахтаның ішін араладым. Шахтада жұмыс істеу маған ұнайды (48 сөз)
Тапсырма
1. Фонарь сөзіне дыбыстық талдау жаса. Сөзде қанша дыбыс, қанша әріп бар, жазып қой.
2. Алдыңдағы екі сөйлемнен қимылды білдіретін сөздердің астын сыз.
ІҮ. Үйге тапсырма: пысықтау. Ү. Оқушыларды бағалау оқушылардың жазған жұмыстарына сәйкес бағалау, талдау жұмыстарын жүргізу.
№ 78. Тақырыбы: Қатемен жұмыс
Мақсаты: оқушыларға жазған диктанттарын талдау, қате сөздерін тақтаға жазу, жіберген қателерін қайталамауға, алған білімдерін тиянақтауға, тексеруге, сауатты көркем жаза білуге мүмкіндік туғызу; танымдық қабілетерін, ақыл-ойын дамыту; адамгершілікке, сұлулыққа, ұжымшылдыққа баулу.
Сабақтың түрі: жалпылау жәнеқорытындылау сабағы. Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, түсіндіру.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: оқушылардың назарларын сабаққа аудару, құрал-жабдықтарын түгендеу.
ІІ. Мақсат қою кезеңі: Бүгінгі сабақта біз қатемен жұмыс жасаймыз. дәптерлерін тарату, сабақтың мақсатын толықтай хабарлау.
ІІІ. Білімдерін тексеру:Диктантта кімнің қандай қате жібергендігін анықтау, талдау. Қате жіберген сөздерді тақтаға жазу, ережелерге сүйене отырып сөздердің жазылуы туралы айту, түсіндіру. Келесе ретте бұндай қателерді жібермеуге тырысу.
Сөз таптарына нелер жатады? Зат есім дегеніміз не? Етістік дегеніміз ше? Олардың қандай түрлері болады?
Терме диктант
Қыс
Күн суық. Жерде қалыңқар жатыр. Түн ұзарып, күн қысқарды. Үлкен кісілер де, балалар да жылы киім киген. Демалыста мұз айдынына барамыз. Коньки тебеміз. Кейбір балалар шанамен сырғанайды.
Тапсырма
1. Не? нелер? кім? кімдер? деген сұрақтарға жауап жауап беретін сөздерді ғана теріп жаз.
2. Жазған сөздерінен үш буынды сөздердің астын сыз.
3. Үш буынды сөздерде қанша даустыдыбыс болады, жазып қой.
ІҮ. Үйге тапсырма: ережелерді қайталау, пысықтау. Ү. Оқушыларды бағалау оқушылардың жазған жұмыстарына сәйкес бағалау, талдау жұмыстарын жүргізу.
Тақырыбы: Өзіңді-өзің тексер
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға өзіндік жұмыс жаздырта отырып, алған білімдерін тиянақтауға, бағалауға, бақылауға мүмкіндік туғызу; оқушылардың өз бетімен жұмыс жасауы арқылы теориялық ойлауын, сөйлеу тілін дамыту; ұйымшылдықа, достыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, іздену, көрнекілік, талдау, жинақтау. Сабақтың көрнекіліктері: мазмұнды суреттер. Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: сабаққа даярлық. ІІ. Үй тапсырмасын тексеру 69-жаттығу, 141-бет. Әңгіме құрастыру.
ІҮ. Жан-жақты білімдерін тексеру. Сөздің түбірі неліктен өзгереді? Түбір сөздің соңғы буыны жуан болса, жалғанатын қосымша қандай болады? Ал, егер түбірдің соңғы буыны жіңішке болса, жалғанатын қойымша қандай болады?
Ү. Өзіндік жұмыс: а) оқулықпен жұмыс, дәптермен жұмыс Күн ретін жазу. Көркем жазу. 1-жаттығу өлеңді оқып жатқа жазу,Қасқалдақ сөзіне дыбыстық талдау жасау. 2-жаттығу мәтінді оқу оған қою,өзінің жазғаныңды оқулықтағымен тексер. Қосымшалы сөз: мойнын.3-жаттығу мәтінді тиісті қосымшамен толықтыр:
Тоғай іші тып-тыныш. Қарағай мен қайың ақ кимешек киіп алған сықылды. Шыршалар ақ тыспен көмкерілген алып тымаққа ұқсайды. Үлп еткен желден қар құйылып төгіледі.
4-жаттығу Мәтінді оқу, іштей қайталап, жатқа жазуға дайындалу.
5-жаттығу жұмбақты оқу, шешуін табу. 6-жаттығу мәтінді түсініп оқы, төртінші сөйлемді тап. Жаттап, жаз.
ҮІ. Бекіту: Жұбын табу:
Достарыңызбен бөлісу: |