Сабақтың түрі: Жаңа сабақ. Сабақтың әдіс-тәсілдері


Ү. Жаңа материалмен жұмыс



бет23/53
Дата04.11.2016
өлшемі22,18 Mb.
#324
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   53

Ү. Жаңа материалмен жұмыс: а) оқулықпен жұмыс, дәптермен жұмыс. Күн ретін жазу. Көркем жазу. 17-жаттығу суретте берілген зат тұсындағы сөзбен салыстыру. Көз-көзде, үтік – үтікте, өрнек-өрнекте, сабын-сабында, тырма-тырмала. Бірінші сөздер, суреттергі сөздер нені білдіреді? (Заттың атын) Ал екінші сөздер ше? (заттың қимылын) Туынды етістіктер зат есімдерден жасалады. 18-жаттығу, екі бағандағы етістіктерді оқып салыстыр. Бірінші бағандағы сөздердің түбірі қай сөз табына жатады? Ал екінші бағандағы сөздер ше? (Екінші бағандағы сөздер зат есімнен жасалған етістіктер болып табылады, демек, олар туынды етістіктер)

Ережені оқу, талдау, есте сақтау.



Сергіту жаттығу ретінде өлең оқу:



Ұйқасын табыңдар

Бата алмас түлкі, Үсті тікен ....

Үні ғажап, Дүлдүл, Бақта сайрар ...

Тор тоқып бермекші, Өзі ескен жібімен, Әлде кімге ...



ҮІ. Бекіту: 19-жаттығу мақалды оқу, түсіну жатқа жазу. Етістіктің астын сыз.

Ел үмітін ер ақтар, Ер атағын ел сақтар.



ҮІІ. Қорытындылау - Балалар, біз бүгін сендермен қандай тақырыпты өттік? Етістік дегеніміз не? Етістіктің қандай түрлері болады екен? Туынды етістік дегеніміз не? Мысал келтір. Негізгі етістік дегеніміз не? Мысал келтір.

ҮІІІ. Үйге тапсырма: 20-жаттығу. 171 бет. ІХ. Оқушыларды бағалау
95. Тақырыбы: Негізгі және туынды етістік

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға негізгі және туынды етістік туралыалған білімдерін тиянақтауға, оларды ажырата білуге мүмкіндік туғызу; оқушылардың өз бетімен жұмыс жасауы арқылы теориялық ойлауын, сөйлеу тілін дамыту; ұйымшылдықа, достыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, іздену, көрнекілік, талдау, жинақтау.

Сабақтың көрнекіліктері: мазмұнды суреттер Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: сабаққа даярлық. ІІ. Үй тапсырмасын тексеру 20-жаттығу, 171 бет.

ІҮ. Жан-жақты білімдерін тексеру. Етістік дегеніміз не? Етістіктің қандай түрлері болады екен? Туынды етістік дегеніміз не? Мысал келтір. Негізгі етістік дегеніміз не? Мысал келтір.

Ү. Жаңа материалмен жұмыс: а) оқулықпен жұмыс, дәптермен жұмыс. Күн ретін жазу. Көркем жазу. 21-жаттығу. Әрбір түс тобынан тек туынды етістіктерді теріп жазу, неліктен туынды етістік екендігін дәлелдеу. Жырла, ақылдас, биле, ойла, тұзда.

22-жаттығу, сөздерді оқу, зат есімдерге қажетті жұрнақтарды жалғай отырып, туынды етістіктер жазу. Төрле, арқанда, емде, арала, сабында, була, тісте.23-жаттығу сын есімдерге тиісті жұрнақтарды жалғай отырыптуынды етістіктер жасау жазу: ақта, ұсақта, көркемде, жақсыла, оңла, жаңала, іріле. 3-4 сөйлем құрастыру. 24-жаттығу туынды етістіктерді көшіріп жазу, қай сөз табы екендігін анықтау. (Зат есімдерге жұрнақтар жалғану арқылы жасалған туынды етістіктер)

25-жаттығу өлеңді мәнерлеп оқу мағынасын ашу, 1. Ф. Оңғарсынова кім? Өлеңде кімдер туралы айтылған? Өлеңге қандай ат қоюға болады? Туынды етістіктерді тап, талда.

ҮІ. Бекіту. 27-жаттығу сәйкестендіру тесті ретінде ұйымдастыру:

Оқысаң сусын ішесіз

Аяғың ауырса бәрін білесің

Көп ұйықтасаң қолыңмен сүртпе

Шөлдесеңіз басың ауырады

Көзің ауырса көп жүрме

Жаз шықса күн ысиды

ҮІІ. Қорытындылау - Балалар, біз бүгін сендермен қандай тақырыпты өттік?

ҮІІІ. Үйге тапсырма: 26-жаттығу 173 бет. ІХ. Оқушыларды бағалау
96. Тақырыбы: Болымды және болымсыз етістік

Сабақтың мақсаты:Оқушыларға болымды және болымсыз етістік туралы топтастырылған ұғым қалыптастыруға, оларды ажырата білуге мүмкіндік туғызу; оқушылардың өз бетімен жұмыс жасауы арқылы теориялық ойлауын, сөйлеу тілін дамыту; ұйымшылдықа, достыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: Сұрақ-жауап, іздену, көрнекілік, талдау, жинақтау

Сабақтың көрнекіліктері: Мазмұнды суреттер. Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: сабаққа даярлық. ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. 26-жаттығу, 173- бет. Қандай етістіктерді жаздыңдар? ІҮ. Жан-жақты білімдерін тексеру

Етістік дегеніміз не? Етістіктің қандай түрлері болады екен? Туынды етістік дегеніміз не? Мысал келтір. Негізгі етістік дегеніміз не? Мысал келтір.



Ү. Жаңа материалмен жұмыс: а) оқулықпен жұмыс, дәптермен жұмыс. Күн ретін жазу. Көркем жазу .28-жаттығу етістіктерді салыстырып оқып, олардың мағыналарын ашу, екі сөздегі айырмашылықты байқату. Қосымшалы етістіктерді көшіру, талдау: жүзбе, жазба, күлме, барма, төқпе, тақпа. Ережемен жұмыс: түсініп оқу, талдау, есте сақтау.

29-жаттығу сөйлемдерді көшіріп жазу, болымсыз етістіктерді табу, болымсыз етістік екенін дәлелдеу. Білмегеніңді сұрауға арланба. Ешқашан өтірік айтпа. Бір істі бастасаң, аяқсыз тастама. Кісіге қарап күлме. Бізді қандай болуға шықырып тұр? 31-жаттығуда берілген мақалды түсініп оқу, мағынасын ашу, жатқа жазу. Болымсыз етістіктердің сыз. Мақалда қандай болу керек дейді? 32-жаттығуда берілген тыйым сөздерді оқу, мағынасын ашу, есте сақтау, етістіктердің болымды немесе болымсыз екендігін айту:

Болымды етістік

Болымсыз етістік

Құрметте, бол,бер, болсын

Кетпе, теппе, ойнама, тұрма, жұлма, төкпе, керілме, емінбе, күлме, жеме, кеспе, кірлетпе

ҮІ.Бекіту. 33-жаттығу көп нүктенің орнына болымсыз етістіктің өзгеруін тәуелдеу:

Мен асықпадым, жонбадым, тимедім.

Сен асықпа, жонба, тиме.

Сіз асықпаңыз, жонбаңыз, тимеңіз.

Ол асықпады, жонбады, тимеді.

ҮІІ. Қорытындылау - Балалар, біз бүгін сендермен қандай тақырыпты өттік?

ҮІІІ. Үйге тапсырма: 34-жаттығу 175 бет. ІХ. Оқушыларды бағалау
97. Тақырыбы: Болымды және болымсыз етістік

Сабақтың мақсаты: оқушыларға болымды және болымсыз етістік туралы алған білімдерін тиянақтауға, оларды ажырата білуге мүмкіндік туғызу; оқушылардың өз бетімен жұмыс жасауы арқылы теориялық ойлауын, сөйлеу тілін дамыту; ұйымшылдықа, достыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, іздену, көрнекілік, талдау, жинақтау

Сабақтың көрнекіліктері: мазмұнды суреттер. Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: сабаққа даярлық. ІІ. Үй тапсырмасын тексеру 34-жаттығу 175 бет Ребусты шешу. ІҮ. Жан-жақты білімдерін тексеру.35-жаттығу берілген етістіктерді қатыстырып сөйлем құрастыру, оқу, етістіктің қан түріне жататындығын айту.

Етістіктің қандай түрлерін білесіңдер?



Ү. Жаңа материалмен жұмыс: а) оқулықпен жұмыс, дәптермен жұмыс. Күн ретін жазу. Көркем жазу. 36-жаттығу. Өлеңді түсініп, мәнерлеп оқу, мазмұнын ашатын сұрақтар қою:1.Өлеңде не туралы айтылған? 2.Өлеңді кім жазған? Өлеңді көшіріп жазу. Тапсырмаларын орындау: етістіктердің астын сыз.37-жаттығу: жіберме, шақырма, төзбе, теппе, қазба. Бұлар қандай етістіктер? (болымсыз етістіктер)38-жаттығу. Мәтінді дауыстап, түсініп, мәнерлеп оқу, мағынасын ашу, түсіндіру, сұрақтармен жұмыс ұйымдастыру. Тапсырмаларды орындау: етістіктерді тауып, болымды болымсыз екенін айту. 39-жаттығу. Өлеңді түсініп, мәнерлеп оқу, мазмұнын ашатын сұрақтар қою: 1. Өлеңде не туралы айтылған? 2. Өлеңді кім жазған? Жаттау, жазу.Тапсырмаларын орындау:болымсыз етістіктердің астын сыз (қылтима, бұртима, берме, білдірме) Тыйым сөздерді түсініп, есте сақтау.

ҮІ. Бекіту. 40-жаттығу. Суретке мұқият қарау. Сұрақтармен жұмыс: 1. Суретте кімдер бейнеленген? Олар не істеп тұр? 2. Қай мезгілде мұндай жұмыс түрлері жасалады? Тапсырмаларды орындау: етістіктерді табу, қай түріне жататындығын анықтау.

ҮІІ. Қорытындылау - Балалар, біз бүгін сендермен қандай тақырыпты өттік? Болымды етістік дегеніміз не? Болымсыз етістік дегеніміз не? Мысал келтір.

ҮІІІ. Үйге тапсырма: 41-жаттығу, 177 –бет. ІХ. Оқушыларды бағалау
98. Тақырыбы: Болымды және болымсыз етістік

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға болымды және болымсыз етістік туралы алған білімдерін тиянақтауға, оларды ажырата білуге мүмкіндік туғызу; оқушылардың өз бетімен жұмыс жасауы арқылы теориялық ойлауын, сөйлеу тілін дамыту; ұйымшылдықа, достыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, іздену, көрнекілік, талдау, жинақтау. Сабақтың көрнекіліктері: мазмұнды суреттер. Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: сабаққа даярлық. ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. 41-жаттығу, 177 -бет Берілген мәтінді дауыстап, түсініп, мәнерлеп оқу, мағынасын ашу, түсіндіру, сұрақтармен жұмыс ұйымдастыру: Құстар неліктен сайрайды?

ІҮ. Жан-жақты білімдерін тексеру. 42-жаттығу. Өлеңді түсініп, мәнерлеп оқу, мазмұнын ашатын сұрақтар қою: 1. Өлеңде не туралы айтылған? 2. Өлеңде қандай болу керек деп айтылған?Тапсырмаларын орындау: етістіктерді табу, болымды, болымсыз екендігін айту. Өлеңде болымсыз етістік бар шумақты көшіріп жазу. Етістіктің қандай түрлерін білесіңдер?

Ү. Жаңа материалмен жұмыс: а) оқулықпен жұмыс, дәптермен жұмыс. Күн ретін жазу. Көркем жазу. 43-жаттығу, берілген етістіктерге тиісті жұрнақ жалғап, болымсыз етістік жасау: жіберме, шақырма, алма, жаппа, төкпе, шықпа.44-жаттығу Мәтінді дауыстап, түсініп, мәнерлеп оқу, мағынасын ашу, түсіндіру, сұрақтармен жұмыс ұйымдастыру. 1. Мәтін не жайында? 2. Мәтінге қандай ат қоюға болады? Неліктен? 3. Қояндар қандай болады? Тапсырмаларды орындау: етістіктерді табу, олар қандай түрге жататынын анықтау, болымсыз етістігі бар сөйлемді көшіріп жазу: Күтімі жақсы ұй қояндары суықтан қорықпайды. Әрбір қоянның қасында 5-6-дан артық көжек болмайды.45-жаттығуда берілген сөздерді оқып, болымыз етістіктер жасайтын жұрнақтарды атау: -па, -пе, -ма, - ме. Берілген сөздерді қатыстырып сөйлемдер құрастыру. Оқушыларға құрастырған сөйлемдерін айтқызып, өздері құраған сөйлемдерді жазу.

46-жаттығу. Жұмбақты түсініп оқу, шешуін табу үшін тірек сөздерді, суретті пайдалану (Жапалақ). Берілген тапсырманы орындау: жұмбақта кездесетін етістіктерді табу, сұрақ қою, қалай жасалғандығын түсіндіру.



ҮІ.Бекіту.47-жаттығу.Суретке мұқият қарау.Сұрақтармен жұмыс:1.Суретте кім бейнеленген? Ол не істеп отыр? 2. Қай мезгіл деп ойлайсың? Тапсырмаларды орындау: шағын әңгіме құрастыру.

ҮІІ. Қорытындылау - Балалар, біз бүгін сендермен қандай тақырыпты өттік? Болымды етістік дегеніміз не? Болымсыз етістік дегеніміз не? Мысал келтір.

ҮІІІ. Үйге тапсырма: 48-жаттығу, 179- бет. ІХ. Оқушыларды бағалау
99. Тақырыбы: Болымды және болымсыз етістік

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға етістік туралы, оның түрлері туралы алған білімдерін тиянақтауға, оларды ажырата білуге мүмкіндік туғызу; оқушылардың өз бетімен жұмыс жасауы арқылы теориялық ойлауын, сөйлеу тілін дамыту; ұйымшылдықа, достыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, іздену, көрнекілік, талдау, жинақтау

Сабақтың көрнекіліктері: мазмұнды суреттер. Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: сабаққа даярлық. ІІ. Үй тапсырмасын тексеру 48-жаттығу. 179- бет. Мәтінді дауыстап, түсініп, мәнерлеп оқу, мағынасын ашу, түсіндіру, сұрақтармен жұмыс ұйымдастыру.Тапсырмаларды орындау

ІҮ. Жан-жақты білімдерін тексеру.49-жаттығу. Жұмбақты түсініп оқу, шешуін табу үшін тірек сөздерді, суретті пайдалану. Берілген тапсырманы орындау: жұмбақты көшіру, болымсыз етістікердің астын сызу.

Көзге көрінбейді, Қолға ілінбейді.

Кейде сипап өтер, Кейде ұйпап кетер. (Жел)

Етістіктің қандай түрлерін білесіңдер?



Ү. Жаңа материалмен жұмыс: а) оқулықпен жұмыс, дәптермен жұмыс. Күн ретін жазу. Көркем жазу.50-жаттығу берілген етістіктерді болымсыз етістіктерге айналдыру, көшіріп жазу: бар-барма, кел-келме, кес-кеспе, аш-ашпа, жон-жонба, үз-үзбе.51-жаттығу. Мақалды түсініп оқу, мағынасын ашу, жатқа жазу. Болымсыз етістіктердің сыз. Мақалда қандай болу керек дейді? 52-жаттығу. Суретке мұқият қарау.Сұрақтармен жұмыс: 1. Суретте кімдер бейнеленген? Олар не істеп тұр? 2. Аналарына неліктен сыйлық жасады? Тапсырмаларды орындау:мәтіндегі етістіктерді ата.53-жаттығу көп нүктенің орнына керекті етістікті қойып өлеңді көшіріп жазу. Құстар қалай ұшады?

Қарға ұшар қарқылдап, Шағала ұшар шаңқылдап.

Үйрек ұшар сымпылдап, Қаз ұшар қаңқылдап.

ҮІ. Қорытындылау - Балалар, біз бүгін сендермен қандай тақырыпты өттік? Болымды етістік дегеніміз не? Болымсыз етістік дегеніміз не? Мысал келтір.

ҮІІ. Үйге тапсырма: 54,55-жаттығу. 181- бет. ҮІІІ. Оқушыларды бағалау.


Тақырыбы:Бақылау диктанты

Мақсаты: Оқушыларға диктант жаздыра отырып, алған білімдерін тиянақтауға, тексеруге, сауатты көркем жаза білуге мүмкіндік туғызу: танымдық қабілетерін, ақыл-ойын дамыту; адамгершілікке, сұлулыққа, ұжымшылдыққа баулу.

Сабақтың түрі: білімді тексеру және бағалау сабағы.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, түсіндіру.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: оқушылардың назарларын сабаққа аудару, құрал-жабдықтарын түгендеу.

ІІ. Мақсат қою кезеңі: Бүгінгі сабақта біз диктант жазамыз.Диктант жазуға дайынбыз ба? Ондай болса жұмысты бастамай тұрып, есімізге бірнеше ережелерді түсіріп алайық: Сөйлемдегі сөздер қалай жазылады? Сөйлем неден басталады? Сөйлем соңына қандай тыныс белгі қойылады? Сөйлем ішінде жер-су аттары, адамның аты кездессе қалай жазылады? Әр жазған сөйлемді тексеріп отыру керек па? Неліктен?

ІІІ.Білімдерін тексеру:Диктант мәтінін мұғалім 2 рет дауыстап оқып, қиын сөзді тақтадан қарап алу керектігін ескертеді. Диктантты жазып болған оқушылар іштерінен оқып, мұғалімнің оқуы бойынша тексереді.

Сауысқанның белгісі

Орман ішімен түлкі келе жатты. Алаңқайлардан жүгіріп өтеді. Қалың ағаштардың арасынан ептеп жүреді. Бір бұтаға да соқтықпайды. Кенет ол жер бауырлап жата қалды. Балапандарын ертіп бөдене келе жатыр екен. Сол арада сауысқан шық ете қалды. Бөдене мен балапандары пыр етіп ұша жөнелді. Түлкінің әрекеті зая кетті.Бөдене түлкіден құтылып кетті.

Тапсырма. 1. Балапандарын, ағаштардың деген сөздерді құрамына талда, белгіле.

2. Ептеп, зая сөздерін басқаша қалай айтуға болады?

ІҮ.Үйге тапсырма: пысықтау.Ү.Оқушыларды бағалау оқушылардың жазған жұмыстарына сәйкес бағалау, талдау жұмыстарын жүргізу.
101. Тақырыбы: Қатемен жұмыс

Мақсаты: Оқушыларға жазған диктанттарын талдау, қате сөздерін тақтаға жазу, жіберген қателерін қайталамауға, алған білімдерін тиянақтауға, тексеруге, сауатты көркем жаза білуге мүмкіндік туғызу; танымдық қабілетерін, ақыл-ойын дамыту; адамгершілікке, сұлулыққа, ұжымшылдыққа баулу.

Сабақтың түрі: жалпылау жәнеқорытындылау сабағы. Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, түсіндіру. Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру кезеңі: оқушылардың назарларын сабаққа аудару, құрал-жабдықтарын түгендеу. ІІ. Мақсат қою кезеңі: Бүгінгі сабақта біз қатемен жұмыс жасаймыз. дәптерлерін тарату, сабақтың мақсатын толықтай хабарлау.

ІІІ. Білімдерін тексеру: Диктантта кімнің қандай қате жібергендігін анықтау, талдау. Қате жіберген сөздерді тақтаға жазу, ережелерге сүйене отырып сөздердің жазылуы туралы айту, түсіндіру. Келесе ретте бұндай қателерді жібермеуге тырысу.

Берілген сөздердің түбірін жазу:

Сушы жылқышы Сусын жылқылар Сулық жылқыны Суат жылқыда

Тапсырма:Сусын, жылқыны сөздерін қосып сөйлем құра.



ІҮ.Үйге тапсырма: ережелерді қайталау, пысықтау. Ү.Оқушыларды бағалау оқушылардың жазған жұмыстарына сәйкес бағалау, талдау жұмыстарын жүргізу.
102. Тақырыбы: Сөйлеу мәдениеті, тест

Мақсаты: Оқушылардан тест жұмысын ала отырып, алған білімдерін тиянақтауға, тексеруге, өз ойларын толық тексере білуге мүмкіндік туғызу: танымдық қабілетерін, ақыл-ойын дамыту; адамгершілікке, сұлулыққа, ұжымшылдыққа баулу.

Сабақтың түрі: білімді тексеру және бағалау сабағы. Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, түсіндіру. Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: оқушылардың назарларын сабаққа аудару, құрал-жабдықтарын түгендеу.

ІІ. Мақсат қою кезеңі: Бүгінгі сабақта біз тест жазамыз. Тестті жазуға дайынбыз ба? Ондай болса жұмысты бастамай тұрып есімізге бірнеше ережелерді түсіріп алайық: тесттің бір ғана жауабы дұрыс болады, әр сұрақта бір жауап сондықтан сұрағы мен жауаптың саны сәйкес келу керек. Тест әр оқушыға жеке беріледі

ІІІ Білімдерін тексеру:

Тест:

1. Төрт дыбыстан құралған тасымалданбайтын сөзді белгіле.

а) бала


ә)шала

б) бұлт


2. Үш дыбыстан құралған бір буынды сөзді белгіле

а) ана


ә)апа

б)ант


3. Тек қана қатаң дауыссыздары бар сөзді белгіле

а) жаңғақ

ә)қатық

б)қаңбақ


4. Негізгі түбір сөзді тап

а) биші


ә) алаш

б) өнерпаз

5. Заттың сынын білдіретін сөзге қойлатын сұрақты тап

а) не?


ә) неше?

б) қандай?



6. Жалқы есімді тап.

а) жалбыз

ә)Ораз

б)Қарбыз


7. Тәуелдеулі зат есімді тап

а) кісі


ә)інісі

б) кірпі


8. Күрделі етістікті тап

а) ақ қағаз

ә) алты кітап

б) алып отыр

9. Болымсыз етістікті тап

а) келді


ә) айтты

б)алмады


10. Бастауышты белгіле

Асқар сурет салды.

а) Асқар


ә)сурет

б) салды



ІҮ. Үйге тапсырма: ережелерді қайталау, пысықтау. Ү. Оқушыларды бағалау оқушылардың жазған жұмыстарына сәйкес бағалау, талдау жұмыстарын жүргізу.
103. Тақырыбы: Сын есім

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға сын есім туралы 2-сыныпта алған алған білімдерін тиянақтауға, тереңдетуге мүмкіндік туғызу; оқушылардың өз бетімен жұмыс жасауы арқылы теориялық ойлауын, сөйлеу тілін дамыту; ұйымшылдықа, достыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, іздену, көрнекілік, талдау, жинақтау

Сабақтың көрнекіліктері: мазмұнды суреттер. Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру кезеңі:сабаққа даярлық. ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.54,55-жаттығу,181-бет. 55-жаттығудағы батаны жаттап алу. 54-жаттығудағы Ребустың шешімі: Малыңа сүйенбе,

Арыңа сүйен.



ІҮ. Жан-жақты білімдерін тексеру. 1-жаттығу. Жұмбақты түсініп оқу, шешуін табу үшін тірек сөздерді, суретті пайдалану. Берілген тапсырманы орындау: жасыл, қап-қатты, қызы, тәп-тәтті сөздер қандай сұрақдарға жауап береді? Бұл сөздерді қалай атаймыз? Сын есім дегеніміз не? Ол қандай сұрақтарға жауап береді?

Ү. Жаңа материалмен жұмыс: а) оқулықпен жұмыс, дәптермен жұмыс. Күн ретін жазу. Көркем жазу. 2-жаттығу Суретке мұқият қарау. Сұрақтармен жұмыс: 1. Күн қандай? (Күн ашық.)2. Аспан қандай? (көк, көгілдір) 3. Жапырақтар қандай? (жасыл) Қай сөз алғашқы екі сұрақтың жауабы бола алады? (ашық) Сұрақтарға жауап жаз. 3-жаттығу. Өзіндік жұмыс ретінде орындау. Қиярдың белгілерін пайдаланып жұмбақ құрастыру, оқу, талдау. Жұмбақтағы сын есімдерді білдіретін сөздер қандай сұрақтарға жауап беріп тұр?

4-жаттығу. Өлеңді түсініп, мәнерлеп оқу, мазмұнын ашатын сұрақтар қою: 1. Өлеңде не туралы айтылған? 2. Өлеңді кім жазған? Тапсырмаларын орындау: сын есімдерді табу, олар ай заттың сынын білдіріп тұр? Оны не арқылы білдіңдер?

ҮІ.Бекіту.5-жаттығу, Суретке мұқият қарау. Сұрақтармен жұмыс: 1. Суретте кімдер бейнеленген? Олар не істеп тұр? Тапсырмаларды орындау: суреттердің мазмұнына лайық сөйлемдерді табу.

ҮІ. Қорытындылау - Балалар, біз бүгін сендермен қандай тақырыпты өттік? Сын есім дегеніміз не? Мысал келтір. ҮІІ Үйге тапсырма: 6-жаттығу. 183-бет. ҮІІІ. Оқушыларды бағалау

104. Тақырыбы: Сын есімнің мағынасы туралы түсінік



Сабақтың мақсаты: Оқушыларға бір зат есімге бірнеше сын есім таба білуге, сын есімді зат есіммен байланыстырып сөйлем құрай білуге мүмкіндік туғызу; оқушылардың өз бетімен жұмыс жасауы арқылы теориялық ойлауын, сөйлеу тілін дамыту; ұйымшылдықа, достыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, іздену, көрнекілік, талдау, жинақтау.

Сабақтың көрнекіліктері: мазмұнды суреттер. Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру кезеңі: сабаққа даярлық. ІІ.Үй тапсырмасын тексеру 6-жаттығу, 183- бет. Әткеншекте жасырылған жидек аттарын табу: таңқурай, қараат, құлпынай, бүлдірген. Олар қандай болады? ІҮ. Жан-жақты білімдерін тексеру. 7-жаттығу. Зат есімнің әр түрлі белгісін білдіретін үш түрлі сын есім табу: Тақта – жасыл, үлкен, пайдалы, сәбіз – дәмді, пайдалы, сарғыш. Қандай? сұрағына жауап беретін сөздерді қалай атаймыз?

Ү. Жаңа материалмен жұмыс: а) оқулықпен жұмыс, дәптермен жұмыс. Күн ретін жазу. Көркем жазу. 8-жаттығу Кестені толтыру:

Зат атауы

Түсі

Дәмі

Пішіні

доп

көк

-

домалақ

алмұрт

сары

тәтті

сопақша

жапырақ

жасыл

-

үлкен

пияз

сырты сарғыш

ащы

домалақ

9-жаттығу Суретте берілген зат атауларының әрқайсысына қатысты бірнеше сын есім тауып жазу: Түлкі – қу, сұлу, қызғылт. Кітап – қалың, ақ, қызықты. Өрік – тәтті, домалақ, сары.

10-жаттығу берілген сөздер кімнің немесе ненің белгілері екендігін анықтау: Адам: үнемшіл, көңілді, қара шашты, қой көзді. Жануар: қорқақ, сақ, ұзын, арық.

11-жаттығу заттардың барлық белгілерін көре аламыз ба? (Жоқ) Алмалар бір-бірінен қандай белгілері арқылы ерекшелінеді? (түсі, түрі, пішіні) Алманың қай белгісін көзбен көре алмаймыз? (Дәмін) Заттың сынын, сапасын білдіретін сөздерді қалай атаймыз?

ҮІ. Бекіту. 12-жаттығу. Өлеңді түсініп, тиісті дауыс ырғағымен, мәнерлеп оқу, мазмұнын ашатын сұрақтар қою: 1. Өлеңде не туралы айтылған? 2. Өлеңді кім жазған? Тапсырмаларын орындау: сын есімдерді табу, қиярды сипаттап жазу. ҮІ. Қорытындылау Балалар, біз бүгін сендермен қандай тақырыпты өттік? Сын есім дегеніміз не? Мысал келтір.ҮІІ Үйге тапсырма: 13-жаттығу, 185 –бет. ҮІІІ. Оқушыларды бағалау
105. Тақырыбы: Сын есім туралы түсінікті пысықтау.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға бір зат есімге бірнеше сын есім таба білуге, сын есімді зат есіммен байланыстырып сөйлем құрай білуге мүмкіндік туғызу; оқушылардың өз бетімен жұмыс жасауы арқылы теориялық ойлауын, сөйлеу тілін дамыту; ұйымшылдықа, достыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, іздену, көрнекілік, талдау, жинақтау

Сабақтың көрнекіліктері: мазмұнды суреттер. Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру кезеңі: сабаққа даярлық.ІІ.Үй тапсырмасын тексеру. 13-жаттығу. 185- бет. Ребусты шешу, мақалды оқу, сын есімді табу: Өтірік сөз өрге баспас.

ІҮ. Жан-жақты білімдерін тексеру: 14-жаттығу берілген сөздерге қарсы мағыналы сын есімдерді тауып жазу, мағыналарын салыстыру: қымбар-арзан, жаңа-ескі, лас-таза, сұйық-қою, жақсы-жаман, ащы-тәтті.

Ү. Жаңа материалмен жұмыс: а) оқулықпен жұмыс, дәптермен жұмыс. Күн ретін жазу. Көркем жазу.15-жаттығу. Мәтінді дауыстап, түсініп, мәнерлеп оқу, мағынасын ашу, түсіндіру, сұрақтармен жұмыс ұйымдастыру. 1. Қарағай қайда өседі? Оның иісі қандай? 2. Қарағай ағашында нелер мекен етеді? Тапсырмаларды орындау: көшіру, сын есімдерді табу. Мәтінге қандай ат қоюға болады? Бұл мәтіннің қай түріне жатады? (Сипаттау мәтіні)

16-жаттығу затты берілген белгілері бойынша табу. 17-жаттығуды өзіндік жұмыс ретінде орындау. 18-жаттығу бір сын есімге қатысты бірнеше зат есім тауып жаз: ескі қалақ, сызғыш, сөмке. Жұқа дәптер, киім, кітап. Қысқа шаш, бау. 19-жаттығу көп нүктенің орына зат есімнің алдындағы сын есімдерді қойып жазу: Қар қалың. Көше түзу. Тағам дәмді. Сын есімдерді тап. ҮІ. Бекіту. Терме диктант.

Балалар қысқа қашықтыққа жүгіруге дайындала бастады. Алда тегіс жол жатыр. Мұхтар мен Асан кішкентай балаларға қамқорлық жасап жүр. Олар жоғарғы сыныпта оқиды. Бойлары ұзын, денелері ірілей. Балғын спортшылар жүгіріп келеді. Аяққа артық салмақ түсірмейді. Жеңіл денелері қалықтап келе жатқандай. Сын есімдерді теріп жазу.



ҮІ. Қорытындылау - Балалар, біз бүгін сендермен қандай тақырыпты өттік? Сын есім дегеніміз не? Мысал келтір.ҮІІ. Үйге тапсырма: 20,21-жаттығу, 187- бҮІІІ. Оқушыларды бағалау

Тақырыбы: Негізгі және туынды сын есім

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға негізгі және туынды сын есімдіктер туралы топтастырылған ұғым қалыптастыруға мүмкіндік туғызу; оқушылардың өз бетімен жұмыс жасауы арқылы теориялық ойлауын, сөйлеу тілін дамыту; ұйымшылдықа, достыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, іздену, көрнекілік, талдау, жинақтау. Сабақтың көрнекіліктері: мазмұнды суреттер. Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру кезеңі: сабаққа даярлық. ІІ.Үй тапсырмасын тексеру. 20,21-жаттығу. 187-бет. Берілген сөздердің сын есім екендіктерін дәлелдеу.

ІҮ. Жан-жақты білімдерін тексеру. 22-жаттығу сөздерді салыстырып оқу, оларға сұрақтар қою: Ақыл-ақылды, тәртіп-тәртіпті, біл-білгіш, айна- айнадай. Бірінші сөздер зат есімдер, ал екінші сөздер жұрнақтар арқылы жасалған туынды сын есімдер екен.

Ү. Жаңа материалмен жұмыс: а) оқулықпен жұмыс, дәптермен жұмыс. Күн ретін жазу. Көркем жазу. Ережемен жұмыс: түсініп оқу, талдау, есте сақтау. 23-жаттығу, Мақалды түсініп оқу, мағынасын ашу, жатқа жазу. сын есімдерді табу, сұрақ қою, негізгі немесе туынды екендерін анықтау. 24-жаттығу, сөздерді көшіріп жазу, туынды сөздерді сөз құрамына талдау: талапты, білімді, әдепті, ажарлы, сәнді, саналы, көңілді. Туынды сын есімдер қай сөз табынан жасалған? Осы сөздерді қатыстырып сөйлемдер құрау. 25-жаттығу. Мәтінді дауыстап, түсініп, мәнерлеп оқу, мағынасын ашу, түсіндіру, сұрақтармен жұмыс ұйымдастыру. Мәтін не жайында? Аспан қандай болып тұр? Тапсырмаларды орындау: сын есімдерді табу, олардың қай түрге жататынын анықтау.

ҮІ.Бекіту. 26-жаттығу берілген негізгі және туынды сын есімдерді сылыстырып, ұқсастығы мен айырмашылығын табу:

Негізгі сын есім

Туынды сын есім

Жаңа, көк, жүйрік.

Әдепті, сүтті, атақты, көктемгі.

І. Қорытындылау - Балалар, біз бүгін сендермен қандай тақырыпты өттік? Сын есім дегеніміз не? Мысал келтір. Негізгі және туынды сын есімдер туралы не білдіңдер?

ҮІІ. Үйге тапсырма: 27-жаттығу, 189 –бет. ҮІІІ. Оқушыларды бағалау

Тақырыбы: Негізгі және туынды сын есім 28-32 жаттығу

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға негізгі және туынды сын есімдіктер туралы алған білімдерін ары қарай тереңдетуге мүмкіндік туғызу; оқушылардың өз бетімен жұмыс жасауы арқылы теориялық ойлауын, сөйлеу тілін дамыту; ұйымшылдықа, достыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, іздену, көрнекілік, талдау, жинақтау. Сабақтың көрнекіліктері: мазмұнды суреттер.

Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі: сабаққа даярлық.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. 27-жаттығу, 189- бет. Ұйқасын тауып оқу:

Тауда жүрген тарғыл аң, Ол –қайратты қабылан.



ІҮ. Жан-жақты білімдерін тексеру. 28-жаттығу. Жұмбақты түсініп оқу, шешуін табу үшін тірек сөздерді, суретті пайдалану. Берілген тапсырманы орындау: туынды сын есімді табу: үкілі, өткір.

Ү. Жаңа материалмен жұмыс: а) оқулықпен жұмыс, дәптермен жұмыс Күн ретін жазу. Көркем жазу. 29-жаттығу. Мәтінді дауыстап, түсініп, мәнерлеп оқу, мағынасын ашу, түсіндіру, сұрақтармен жұмыс ұйымдастыру. Тапсырмаларды орындау: ішінде сын есімі бар сөйлемдерді теріп жазу, сын есімдердің астын сызу.

30-жаттығу Негізгі сын есімдерді бір бөлек, туынды сын есімдерді бір бөлек жазу:



Негізгі сын есімдер

туынды сын есімдер

тұнық су, жаңа дәптер, әдемі қыз, биік тау.

әсерлі әңгіме, атақты әнші, сүтті сиыр.


ҮІ. Бекіту. 31-жаттығу Қатар бойынша жарыс түрінде өткізу: - ті, - ді, - лы жұрнақтарын пайдаланып сын есімдерді тауып жазу.

І Қорытындылау - Балалар, біз бүгін сендермен қандай тақырыпты өттік? Сын есім дегеніміз не? Мысал келтір. Негізгі және туынды сын есімдер туралы не білдіңдер?

ҮІІ. Үйге тапсырма: 32-жаттығу, 191- бет.

ҮІІІ. Оқушыларды бағалау.


Тақырыбы: Негізгі және туынды сын есімдерді пысықтау

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға негізгі және туынды сын есімдіктер туралы алған білімдерін ары қарай тереңдетуге мүмкіндік туғызу; оқушылардың өз бетімен жұмыс жасауы арқылы теориялық ойлауын, сөйлеу тілін дамыту; ұйымшылдықа, достыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, іздену, көрнекілік, талдау, жинақтау

Сабақтың көрнекіліктері: мазмұнды суреттер.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: сабаққа даярлық.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру 32-жаттығу 191 бет ребусты шешу. Сын есім дегеніміз не? Мысал келтір. Негізгі және туынды сын есімдер туралы не білдіңдер?

ІҮ. Жан-жақты білімдерін тексеру. 33-жаттығу. Өлеңді түсініп, мәнерлеп оқу, мазмұнын ашатын сұрақтар қою: 1. Өлеңде не туралы айтылған? 2. Өлеңді кім жазған? Тапсырмаларын орындау: негізгі, туынды сын есімдерді табу, мағынасын түсіндіру.

Ү. Жаңа материалмен жұмыс: а) оқулықпен жұмыс, дәптермен жұмыс. Күн ретін жазу. Көркем жазу. 34-жаттығу берілген етістіктерге тиісті жұрнақтар жалғау арқылы туынды сын есімдер жасау. Білгіш, жүзгіш, тапқыш, сезгіш, байқағыш, сөйлегіш, айтқыш. 36-жаттығу. Мақалды түсініп оқу, мағынасын ашу, жатқа жазу. Болымсыз етістіктердің сыз. Мақалда қандай болу керек дейді? Сын есімдерді табу.

37-жаттығу. Суретке мұқият қарау. Сұрақтармен жұмыс: 1. Суретте кімдер бейнеленген? Олар не істеп тұр? 2. Қай мезгіл деп ойлайсың? Тапсырмаларды орындау: әңгіме қрау қандай? сұрақтарына жауап беретін өздерді табу.



ҮІ.Бекіту 38-жаттығуды «Ойлан, тап» ойыны арқылы өткізу, туынды сын есімдер туралы білімдерін тиянақтау.

І.Қорытындылау - Балалар, біз бүгін сендермен қандай тақырыпты өттік? Сын есім дегеніміз не? Мысал келтір. Негізгі және туынды сын есімдер туралы не білдіңдер?

ҮІІ. Үйге тапсырма: 39-жаттығу, 193- бет.

ҮІІІ. Оқушыларды бағалау
Тақырыбы: Негізгі және туынды сын есім пысықтау 40-46 жаттығу

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға негізгі және туынды сын есімдіктер туралы алған білімдерін ары қарай тереңдетуге мүмкіндік туғызу; оқушылардың өз бетімен жұмыс жасауы арқылы теориялық ойлауын, сөйлеу тілін дамыту; ұйымшылдықа, достыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, іздену, көрнекілік, талдау, жинақтау

Сабақтың көрнекіліктері: мазмұнды суреттер.

Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру кезеңі: сабаққа даярлық.

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.39-жаттығу,193-бет.Сөз тіркестерін құрау.

ІҮ. Жан-жақты білімдерін тексеру, 40-жаттығу берілген зат есімдерге – дай, - дей жұнақтарын жалғап, туынды сын есімдер жасау: таудай, даладай, гүлдей, тайдай, бұлбұлдай. Туынды сын есім мен негізгі сын есімнің айырмашылығы неде?

Ү. Жаңа материалмен жұмыс: а) оқулықпен жұмыс, дәптермен жұмыс. Күн ретін жазу. Көркем жазу.41-жаттығу Мәтінді дауыстап, түсініп, мәнерлеп оқу, мағынасын ашу, түсіндіру, сұрақтармен жұмыс ұйымдастыру. Тапсырмаларды орындау: көшіріп жазу, негізгі туынды сан есімдерді табу, түсіндіру. 42-жаттығу Өлеңді түсініп, мәнерлеп оқу, мазмұнын ашатын сұрақтар қою: 1. Өлеңде не туралы айтылған? 2. Өлеңді кім жазған? Тапсырмаларын орындау: сын есімнің қай сөздермен байланысып тұрғанын айту.

43-жаттығу: көп нүктенің орнына тиісті жұрнақ қою рқылы көшіріп жазу: Балалар әсерлі әңгімені ұйып тыңдады. Оқушылар пайдалы жұмыс істеді. Назым гүлді көйлек алды. Малды шөпті жерге жаю керек. 44-жаттығуды «Бал жина» ойыны арқылы талдау:




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   53




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет