жуық теңдігімен бағаланады. Осы баяндалған әдісті, әдетте Рунге ережесі деп атайды.
1.4. Пуассон теңдеуіне қойылатын Дирхле есебін тіктөртбұрышта шешу
Эллипстік теңдеулерге қойылған шекаралық жүйелерді әр түрлі әдістермен шешуге болады. Егер шекарасы құрақты тегіс қисықтардан тұратын болса, онда алгебралық жүйенің матрица құрамында қандайда бір заңдылықтың бары байқалмайды. Алайда, тіктөртбұрыш немесе квадрат болғанда, матрицаның элементтері белгілі бір тәртіппен орналасады. Мәселен, ол көбінесе үшдиагоналды клеткалы матрица болып келеді. Мұндай жағдайда алгебралық жүйені шешу үшін белгілі қуалау әдісін қолдану қолайлы болатыны белгілі жай. Сондай-ақ бұл жерде итерациялық әдістерді де пайдалану едәуір жеңілдейді.
Достарыңызбен бөлісу: |