Сапа менеджмент жүйесі


Тақырып 12. Жетекшілік негізі және басшылық стилі



бет13/44
Дата21.01.2022
өлшемі146,1 Kb.
#113102
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   44
Байланысты:
УМК менеджмент (1)

Тақырып 12. Жетекшілік негізі және басшылық стилі.
Мақсаты: Басқару шешімдерінің маңыздылығын ашу және оның ұйым қызметі барысындағы орынын анықтау. Басқару шешімдерін қабылдау жолдарын анықтау және оны жүзеге асырудың негізгі жолдарын қарастыру.
12.1 Басқару шешімдері түсүнігі.

12.2 Басқару шешімдерінің жіктелуі.

12.3 Басқару шешімдерін қабылдау технологиясы.
1. Басқару шешімдері-бұл шығармашылық нәтижесі, проблемалық жағдайды шешуге мақсатты бағытталу, даму жолдарын таңдап алу, менеджмент жүйесіне сәйкес әдістер мен тәсілдерді таңдау болып табылады.

Әрбір адам өз өмірінде күнделікті шешім қабылдайды. Бұл шешімдердің кейбіреуі аса маңызды болмаса, ал кейбіреулері аса маңызды және көп ойланып, жан-жақты талдауды қажет етеді.

Менеджерлер үшін басқару шешімдері-бұл тұрақты түрдегі жауапкершілік. Басқару шешімдерінің негізі, кез-келген деңгейдегі басшылардың қызметтері мен жауапкершіліктерін айқын түсіну және ұйым мақсаттарын нақтылап, олардың өз уақытында орындалуын қамтамасыз ету. Басқару аймағындағы табыстылыққа жету үшін кез-келген адам оның мазмұны мен ерекшеліктерін түсіне білуі керек. Басқару шешімдерін өңдеумен қабылдау-бұл басшы қызметіндегі шығармашылықтық процесс. Ол талаптарға сәйкес келесі кезеңдерден тұрады:

- алдыға мақсат қою және оны шешу;

- проблеманы зерттеу;

- қабылданатын шешімдердің жүзеге асырылуы мен тиімділігі анықталады қабылданатын шешімдердің нұсқаларын қарастыру;

- шешімдерді нақты өңдеу және таңдау;

- шешімдерді қабылдау;

- шешімдердің орындалуын қамтамасыз ету.
2.Басқару шешімдерін көптеген сипаттарына қарай жіктеуге болады.

Ұйымның болашағына әсер ету дәрежесіне қарай шешімдерді стратегиялық және тактикалық деп бөледі.

Уақыт шегіне қарай преспективалық шешімдер туралы айтуға болады, олар болашақта жүзеге асырылуы және ағымдағы шешімдер бүгінгі күннің қажеттіліктеріне байланысты қабылдану.

Басқару субъектісі бойынша мемлкеттік, шаруашылық, кәсіпкерлік және қоғамдық ұймдардың шешімдері болады.

Функционалды тағайындалуы бойынша ұйымдастырушылық реттеуші, координациялаушы, белсенділендіреуші, бақылаушы шешімдерді ажыратамыз.

Қабылдау тәсілі бойынша таңдаулы және жүйелі шешімдер болады. Алғашқысы, әдетте, қарастыратын мәселеге жақын бір немесе бірнеше аспектіге байланысты болады, екіншісі мәселені толығымен қамтып қарастырады.

Шешімді қабылдаушылардың санына байланысты жеке және ұжымдық шешімдер болады.

Қабылдау тәсілі бойынша кеңестің, серіктестік, парламенттік болады.

Ауқымдау көлемі бойынша жалпы және арнайы шешімдер анықталады.
3. Шешімдерді қабылдау технологиясы дегеніміз – оның құрамы мен қажетілігі, олардың ұйым мәселелерін шешуге көмек көрсетуі.

Шешімдерді қабылдау процессі - басқару субъектісінің іс-әрекетінің жүйесі, олар ұйымның мәселелерін шешуге бағытталған, шешім қабылдағанда жағдай талданып, оның орындалуы да қарастырылады.

Басқарушылық шешімдерді қабылдау процесінің кезеңдерінің құрамы мен кезектілігі бірнеше стадиядан тұрады. Шешімдерді қабылдау процесінің стадиялары:

- жағдайды талдау;

- мәселені идентификациялау;

- таңдау критерийлерін анықтау;

- баламаларды құру;

- баламаны таңдау;

- шешімнің кесімділігі;

- жүзеге асыруды басқару;

- нәтижелерді бағалау және бақылау.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   44




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет