Сборник республиканских Педагогических чтений для педагогов в сфере дошкольного образования



Pdf көрінісі
бет20/50
Дата06.12.2022
өлшемі3,05 Mb.
#161640
түріСборник
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   50
Байланысты:
Sbornik 241221

 
 
 
 


31 
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БІЛІМ БЕРУДІ ЖАҢҒЫРТУ: 
ТӘЖІРИБЕСІ ЖӘНЕ БОЛАШАҒЫ 
 
 
 
Ы.АЛТЫНСАРИН & ЖАҢАШЫЛДЫҚ 
 
Губайдуллина Бибинур Тураковна
№29 «Балауса» бөбекжайы 
компьютерлік сауаттылыққа
үйрету мұғалімі
БҚО, Орал қаласы 
Бір Аллага сыйынып, 
Кел, балалар, оқылық, 
Оқығанды көңілге, 
Ықыласпен тоқылық 
(Ы.Алтынсарин) 
Қазақтың аса көрнекті ағартушы-педагогі Ыбырай Алтынсарин екі 
негізгі мақсат қойды: біріншісі - мектеп ашу, балаларды оқыту және жалпы 
халықты ағарту; екіншісі - халықтың санасын жаңаға бейімдеу бойынша 
ағарту жұмысы. 
Бүгінгі күні мектепке дейінгі ұйымдарда инновациялық технологияны 
енгізу іске асырылуда. Осыған байланысты мектепке дейінгі ұйымдардағы 
педагогтердің негізгі міндеті: әдіс-тәсілдерді дұрыс таңдау, жаңа 
педагогикалық технологияларды тиімді қолдана білу, жеке тұлғаның дамып 
қалыптасуы үшін жайлы жағдай жасау. 
Мектепке дейінгі ұйымдарда педагогикалық технологиялар Мектепке 
дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартын 
жүзеге асыруға бағытталған. Педагогикалық технологияда ең маңызды жағы 
білім беру мен тәрбие жүйесінде ересектер мен балалардың қарым-қатынасы 
болып табылады. 
Инновациялар бала тұлғасына, оның қабілеттерін дамытуға 
бағдарланған педагогикалық практикада қолданылатын жаңа әдістерді, 
нысандарды, құралдарды, технологияларды анықтайды. Қазақстанның 
заманауи даму сатысында білім беру үдерістерінде өзгерістер орын алуда: 
мектепке дейінгі білім беру жүйесіндегі педагогтердің назарын балалардың 
шығармашылық және интеллектуалдық дамуына, эмоционалды-еріктік және 
қозғалыс аясын түзеуге бұра отырып, білім беру мазмұны күрделене түсуде; 
дәстүрлі әдістердің орнын баланың танымдық дамуын белсендіруге 
бағытталған 
тәрбие 
мен 
оқытудың 
белсенді 
әдістері 
басуда.
https://kk.wikipedia.org/wiki/
 Ыбырай_Алтынсарин 
Қазіргі таңдағы инновациялық білім беру технологиясының қатарына 
мыналар кіреді: 


32 
- Денсаулық сақтау технологиясы 
- Жобалы-іс шығармашылығы 
- Ізденіс-шығармашылық технологиясы 
- Жаңа-ақпараттық технология 
- Жеке тұлғаға бағытталған технология 
- Бала мен тәрбиеші портфолио технологиясы 
- Ойын технологиясы 
- Триз технологиясы және т.б 
https://infourok.ru/mektepke-deyingi-bilim-berude-innovaciyali-
tehnologiyalardi-oldanu-843793.html
  
Қоғамдық ақпарат педагогтер мен балалар алдында мынандай міндеттер 
қояды:
- жаңа заманға қадам басу;
- жаңа технология әлеміне балаға жолсерік болу;
- компьютерлік бағдарламаға тәлімгерді таңдау;
- ақпараттық мәдениетті жеке тұлға қалыптастыру;
- педагогтердің кәсіби деңгейін және ата-аналардың құзіреттілігін 
арттыру. 
Ақпараттық технологиялар – анимацияларды, фильмдерді, слайдтарды 
қолдануды үйренуге, құбылыстарға балалардың белсенді танымдық 
қызығушылықтарын танытуға мүмкіндік береді. Танымдық ертегілер 
балаларды қоршаған ортамен таныстыруға, айнала қоршаған шындыққа 
белсенді танымдық қарым-қатынасты туындатуға және құбылыстардың 
мәніне жетуге мүмкіндік беретін білім қорын жинақтауға бағытталған. 
Танымдық ертегілер балаларды деректермен таныстырады, құбылыстардың 
астарында не жатқанын анықтауға көмектеседі. Ертегілер мынадай талаптарға 
сәйкес болуы керек: танымдық материалдан құрылуы, баланы бала жасына 
сәйкес білімнен хабар етуі, оның мазмұнын білуге деген қызығушылыққа 
баулуы керек.
Ертегі балаларды қызықтыруы үшін: ертегідегі барлық қимылдардың 
өрбуі сол сауалдардың шешімі болуы, сауал мен оның шешімі бала үшін 
жағымды кейіпкердің тұлғасында нақтылануы, сонымен бірге ол 
қуанатындай, қобалжитындай, ойша күресе алатындай, қойылған мақсатты 
іздеуді және шешуді, сауалды шешу жай ғана баяндау сипатында берілмей
кейіпкердің белсенді әрекетінің нәтижесінде берілуі қажет. 
Мен осы компьютерлік сауаттылыққа үйрету 
оқу қызметінде өз шығармашылық жұмысымды 
анимацияларды жасау бағдарламасы SCRISH – 
кейіпкерлерге жан бітіру бағдарламасын балаларға 
үйретіп, болашақта өз қолдарымен анимация жасай 
алатындығын көріп, олардың жаңа ақпараттық 
технологияларға 
деген 
қызығушылықтарының 
артып келе жатқанын байқадым. 
Мысалы, мектепке дейінгі ұйымдарда көп колданатын, кең тараған 
ертегілердің бірі «Мақта қыз бен мысық» ертегісіндегі кейіпкерлерді осы 


33 
бағдарлама арқылы таңдап, тышқанды шерту арқылы орындарынан қозғап
дыбыстар шығару пунктімен сөйлетуге болатындығын көрсеттім. Өз 
қалауымыз бойынша фон-әрлеу мәзірінен ертегінің фонын жасап аламыз. 
Міне, мектепке дейінгі ұйымдарда осындай қызықты әрі жаңа форматтағы 
бағдарламалармен жұмыс істеп, оны педагогтер өз жұмысына пайдаланса, 
балалардың танымдық, ақпараттық қабілеттері арта түседі. 
Кез-келген әрекеттер тізбектеліп орналасады. Оны 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   50




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет