88
Сүдігерде изен ызыңдайды
Кейіннен сөйлесе келсек, ол дəрігер екен, Көктоғай
аудандық ауруханасынан осында командировкаға келіп,
енді қайта ауданға ұша алмай отырғанына бүгін үшінші
күн екен.
Күн ашық-жарық болса, Көктоғай самолетке қырық
бес-ақ минуттік жол көрінеді. Ал Арқаның ақ бораны
ұшы-қиырсыз аспан аясымен жер үстінде ойнақ
салғанда, Көктоғайға самолет ұшпайды, машина тіптен
баспайды. Ол жаққа қарай темір жол жоқ.
Жол жүргенде күткен жаман. Үйден бір шыққан соң
тезірек жүріп кеткің келеді. Ал
қыстың зікір салған
долы дауылында аэропортта қамалып отырғаннан
азапты нəрсе жоқ сияқты. Бұл сезім маған белгілі. Әйтсе
де, көрші отырған жігітке самолет күту азаптардың
азабымен барабар болды.
– Несіне сабырсызданасыз, – дедім мен оның
көңілін бір сəтке болса да бөлгім келіп. –
Боран да
басылар, күн де ашылар, мына тұрған Көктоғайға көзді
ашып-жұмғанша жетіп барасыз.
– Мен асығатын себеп бар, туысқан, – деді жігіт
скамейкаға отыра беріп. «Ол себепті айтсам түсіне
аласың ба?» дегендей бетіме біраз қарап қалды.
Аэропорт залының іші жолаушыларға лық толы.
Біздің дəл қасымызда Қарағайлыға баратын бір топ
геолог чемоданды төсей салып,
домино тастарын
тақылдатып отыр. Әріректе əлдекімдер карта
үлестіріп жатыр. Біреулер кітапқа үңілсе, біреулер
жұмыссыздықтан қалғып-мүлгіп қалыпты.
Ал далада боран түтеп, айнала төңіректің түнеріп
кеткені сонша, аэропорттың ішінде күндіз барлық
шамдарды жағып қоюға тура келді.
89
Сүдігерде изен ызыңдайды
–
Мен асығатын себеп бар, – деді жігіт. – Жол тосып
отырғанымызды ұмыта алар ма екенбіз, бізге уақыт
оздыру керек қой. Қаласаңыз, айтайын...
* * *
– Мен медицина институтын Алматыда бітірдім, –
деді Әшім (жігіттің аты Әшім еді) – студенттік қимас
қызықты жылдар көзді ашып-жұмғанша дегендей
жылдам өте шықты. Қазір ойласам, ақ асау толқындай
сапырылысқан, көз ұшынан мұнартып борт-борт желген
сағымдай елес жүректі жылытып, толқытып, балқытып
жүре береді.
Ол күндердің қызығы мол еді ғой. Күнбе-күн
семинардың, жыл он екі айдағы қос сессияның уайымы
зор болса да, студенттік өмір жаздай жадыраған тамаша
өмір ғой.
Институт бітірген
соң мені алыстағы ауданға
қызметке жіберді. Алғашқы күн ауруханамен танысудан
басталды. Аурухананың есігін алғаш рет дəрігер
ретінде аттап басуым. Менен жақсылық, жəрдем күткен
жаутаң көздерді алғаш рет көруім. О, ол көздердің саған
сұқтана қадалуы тым ауыр. Сонда сен өзіңді дəрменсіз
сезінесің. Сен ауру жандар үшін қазір ең құдіретті
адамсың. Бірақ сол құдірет бар ма бойыңда... Әсіресе
сыр алыспаған жас дəрігердің ауpy адамдармен алғаш
кездесуі «қыл көпірдің» үстімен өткенмен бірдей.
Кеше ғана институтта жүргенімде: «Әттең, осы
сессиядан, осы емтиханнан аман-есен өтсем, онан
кейінгісінің бəрі жеңіл болар еді-ау» деп армандаушы
едім. Шіркін, балалық десеңші. Нағыз сын, нағыз
емтихан енді келді-ау.