Бағалау өлшемдері:
1. мазмұнының өзектілігі;
2. тақырыптың толық және түбегейлі ашылуы;
3. мазмұнының креативтілігі;
4. тіл мәдениетінің көркемдігі.
Ұсынылған әдебиеттер:
1.Педагогика. Абай атындағы Ұлттық педагогикалық университет. Дәрістер курсы. - Алматы “Нұрлы әлем” 2003.
2. Педагогика: көрнекі дәрістер жинағы. –Алматы, 2009.
№10 Қазіргі мектептегі білім беру мазмұны
Мақсаты: Жеке тұлғаның құндылық бағдарын дамыту.
Негізгі сұрақтар, тапсырмалар:
Дарынды балалар мен мектептен тыс жүргізілетін тәрбие жұмыстарының жүйесі.
Дарындылықтың диагностикасы.
Интелект, қабілеттілік, дарындылық, талант ұғымдары.
Жүргізу формасы: топтық, бинарлы сабақ.
Әдістемелік нұсқау:
Бинарлы сабақтар – бірмәселені шешу үшін түрлі салалардан білімдерді біріктіруге мүмкіндік беріп, тәжірибеде алған білімдерін пайдалануға мүмкіндік береді.
Бинарлы сабақты дайындаудың маңызды кезеңі бірлесіп, тиянақты жоспарлау болып табылады.Сабақ бір-бірін толтыра түсетін бөліктерге бөлінеді, осы ретте қайталауды болдырмау қажет.
Көбінесе бинарлы сабақтар оқып-үйренген материалды шығармашылық пайдалану кезеңінде өткізіледі. Бинарлы сабақтың мақсаты-білімді, дағдылар мен біліктерді дәлелді тәжірибелік пайдаланудың жағдайын жасау, оқушыларға өз еңбегінің нәтижесін көру мүмкіндігін беріп, одан қуаныш пен қанағаттарлық сезімді алу. Сыртқы әсер үшін емес білімді жүйелеу, пәндердің байланысы мен желінің біртұтастығына сендіруді қалыптастыру үшін өткізілген бинарлы сабақ студенттің әлемді тануында ойының дамуында маңызды кезең болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |