<…> я востаю опять и вновь начинаю свирепо истреблять чуждые мне мгновения-вторже- ния из зон вчера-завтра и никто не остановит во мне это великое испепеление печали я съел еще один день ия снова голоден и засыпаю непо- бежденным... (Nakipov 2005: 39) деп сөйлемдер кейде тек үтірмен беріліп ұзап созылып барып көп нүктемен аяқталып жатса, кейде мүлде ты- ныс белгісіз жарты беттен бір-екі бетке дейін созылатын, ойдың аяқталған тұсында нүкте қойылмайтын сөйлем көп нүктемен баста- лып, көп нүктемен аяқталып жатады. Сөйлем синтаксистік тұрғыдан сауатсыз құрылу тәсілі арқылы роман кейіпкері Гевраның соққы алған санасының ойдан-ойға тоқтаусыз қыдырыстарын сипаттаған. Жазушының дилогиясында жиі қолданылған бұл тәсілдер туралы ғалым В. Са- вельева «Приём художественного синкретизма, к которому прибегает Д. Накипов, соединяя в финале «Круга пепла» музыку (строчка нотного текста), живопись и слово порождает закодиро- ванное послание. Финальные космические пас-
сажи романа «Тень ветра» представляют собой ряды словосочетаний, разъединенных многоти- чиями. Всё это напоминает сюрреалистический текст, имитирующий бред» (Saveleva 2012: 169),
– деп баға береді.
Көп қабатты, шытырман роман оқиғаларын бір арнаға тоғыстыратын оқырман. Бұл оқиғалар тек оқырман санасында ғана бір-бірімен байла- нысады. Кейбір оқиғаны бір-бірімен байланы- стыру оқырманға қиындық тудырмаса, кейбірі логикалық ой қуатын, ассосация арқылы бай- ланыстыра білу қабілетін талап ететіндігін байқаймыз. Жазушы бір мезетте елестерден, галюцинациялардан, туындап отыратын күр- делі сезімдер қатпарларын шебер бере алған. Романдағы жатжерлік тіршілік иелері оносам- дар мен самиондар туралы оқиғалар суретші С.Калмыковтың қиялынан туындап картинаға айналғандығын тек ассосациялар арқылы ғана аңғарып байланыстыруға болады.
Шизофрениялық дискурста болмыс, космологиялық денелер, өзге ғаламшарлықтар, ғажайып нұр, сәуле, Құдай мен шайтан, жа- сырын құдіретті күштер жиі қозғалатын тақырыптар. Гевра Жермен егіз ғаламшардың және онда мекендейтін Оносамдар өркениетінің бар екеніне сенеді. Ғылым барынша дамыған ғаламшарда жерде дүние салған баланың кло- нын жасау жолға қойылғандығы және Раль есімді жерлік баланың клоносамға айналғаны да Гевраның сырқат қиялының жемісі.
Өзін билеген түрлі ойлар мен сезімдер, об- раздар диссоциациялар тудырып, естілетін және елестейтін галлюцинациялар ақиқат өміріне қарағанда шынайырақ болып көрінеді. Оқтын- оқтын есін жоғалқанда естілетін галлюцина- циялар мен өң мен түстің арасында берілетін елестер, шизоидты сандырақтар негізгі мәтін желісін бұза отырып берілген. Бізге де керегі осы романдағы құрылым бұзушылыққа себеп болған шизофрениялық дискурстың тілдік белгілері. Шизофренияның түрлі дәрежелері дискурстың ерекшеліктерін анықтауға мүмкіндік береді.
Бұл туралы ғалым В. Савелева: «Фантастиче- ский сюжет вводится в текст романа «Круг пеп- ла» курсивным шрифтом как мнимая реальность, сон, шизоидный бред травмированного ката- строфой сознания. Но постепенно ему начинают отводиться целые главы романа. Читатель узна- ет о существовании вырождающейся цивилиза- ции оносамов в созвездии Близнецов, куда до- ставили ген погибшего на земле мальчика Раля» (Saveleva 2012: 170), – деп бір-бірте ұлғайып та- рау дәрежесіне жеткен мұндай мәтіндерді енгізе
ISSN 1563-0323 Eurasian Journal of Philology: Science and Education. №4 (172). 2018 217
отырып автор романның құрылымын бұзады дейді.
Гевраның адамзаттың пайда болуы туралы мистикалық галлюцинацияларында кейде толық ойды білдіретін сөйлем бір сөзден, екі сөзден не- месе тіркестерден тұратын бірнеше сөйлемдерге бөлініп беріледі. Мысалы, «Первой. Рявкнул вождь. В низу холма.» немесе «Охота. Щелчок. Взгляд. Взгляд. Жест. Вновь бегут-стелют- ся. Щелчок. Слушают. Рев. Жест. Окружа- ют. Стоп. Слушают. Ветер. Бегут. Против ветра. Выше. На склон. Там оплешь. Камен- ная...» (Nakipov 2005: 137), – деп Самиондардың аңшылықтағы іс-әрекеттері мен сезімдер кернеуін оқырман жүйкесінің әрбір талшығы арқылы сезінуіне қызмет етіп тұр. Жалпы ата- улы сөйлемнің өзі қате болмағанмен, оны осы- лай тізбелей беру классикалық шығармалардағы секілді сөйлем құрылымына едәуір өзгеріс әкелген. Сөйлем құрамындағы бірнеше сөз таптарынан тұратын сөйлем мүшелері бөлініп, жеке-жеке атаулы сөйлемдерге айналған. Тіпті сөйлемдегі орын тәртібі де ауысқан күйде берілген. Мысалы, «Все самионки взошли на холм.» деп аяқталуы тиіс сөйлем романда Взош- ли. На холм. Самионки. Все. (Nakipov 2005: 139),
– деп беріледі. Мұнда сөздердің орын ауысты- ру тәртібі арқылы шизоидты тіл ерекшелігін көркем мәтінде дәл көрсете алған.
Ә) Сөйлемнің әдеттен тыс типографиялық рәсімделуі. Біз жоғарыда аталған роман- дар мәтінінің тіліне жасаған тәжірибелерді қарастыра келе, (шығармашылығын сыншы- лар кейде модернизм бағытына, кейде пост- модернизм бағытына жатқызатын) С. Беккет шығармашылығымен үндесетінін анықтадық. Уақыт жағынан сәйкес келмегенімен, авторларға олардың постмодернизм бағытының бастауында болуы сынды ортақ сипат осы сәйкестікке себеп болды деп айта аламыз.
Д. Нақыповтың шығармалары сөйлемнің синтаксистік құрылымын өзгерту және сөздер- дің графемалық, фонетикалық бұзылысы, еш- бір тыныс белгісіз берілген мәтіндер, бір-біріне біріктіріліп берілген сөздер немесе сөздер- дің созылып берілуімен ерекшеленсе, С. Бек- кет шығармалары да сөйлемнің әдеттен тыс типографиялық рәсімделуі жағынан онымен үндестік тауып жатады. Екі автор да роман- ды жазуда лингвистикалық элементтерді таң- дап алудан әдейі, мақсатты түрде бас тарту сияқты постмодернистік дискурс элементтерін пайдаланған. Автор сөйлемнің әдеттен тыс типографиялық рәсімделуін шизофрениялық
дискурстың бір ерекшелігі ретінде пайдаланған. Осы тұрғыдан талдасақ, романның мәтініндегі ең ұсақ құрылым бұзушылық – фонетикалық деңгейдегі ойындар да автордың назарынан тыс қалмаған. Графикалық тәсілдерді қол- дану автордың басты құралы. Жоғарыда атап өткеніміздей, Гевраның жарақаттанған санасы- ның әсерінен пайда болатын галлюцинация- лар курсивпен (қиғаш таңба) беріліп отырса, мистикалық жаратылыс иелері самиондардың тағы басқа да кейіпкерлердің дыбыстау мәнерін сызықшалармен бөле отырып сөзді созып береді. Мысалы: «Огг-а-ей-я... О! Лень! Орр-ро- гаю! Рр-ро-гач! Другие следом... Уу-ю-ю-ий-о! Лень! О-лл-е-ле-ле-ийха! Олениха! Рр-ы-рр-а-рр- у-хх-а!..» (Nakipov 2005: 138). Мысалдан байқа- ғанымыздай, автор мұнда сөздің алғашқы түзілі- сін көрсетпек болады. Сөздің нақты күніміздегі мағынасына (Олениха!) жеткенше бірнеше ды- бысталу формасының болғандығын көрсету үшін бірнеше сөздер (О! Лень! О-лл-е-ле-ле- ийха!) ойлап табады. Бұл нақты мағынасына жете қоймаған күңгірт сөздер дефисті пайдалану арқылы жүзеге асып шизофрениялық дискурстың ерекше түрінде беріледі. Мұнда жазушы жаңа сөздің пайда болу құбылысын көрсетпек ниетте роман жазылған тілде кездеспейтін мағынасыз жаңа сөздер-окказионализмдерді ойлап таба- ды. Әрине, мұндағы «сөзжасам» ешқандай тіл заңдылықтарына орай берілмегендіктен, тек постмодернистік романға тән ирониялық сипа- тын ғана көре аламыз.
Мұнан өзге дыбысты созылыңқы немесе тұтығып айтылуын, сөйлем ортасында сөздер- ді ерекше етіп көрсету мақсатында бас әріп- термен графикалық рәсімделуін екі жазушы да пайдаланған. Мысалы:
Д. Нақыпов: …ччеловвеччььего… рода са- мионного первого, ибо сами они сотворят деянья свои необъятные… ммир… (Nakipov 2005: 128).
С. Беккет: Он принимал хииииииииииинин… (Bekket 1998: 208). «Какое насчастье»)
Nisschit möööööööglich! – простонала физиономия и сгинула (Bekket 1998: 88). («Дождливый вечер»)
Д. Нақыпов: ...с утра займись делами солнца и испарения росы и попечалься чуть судьбою подорожника что расстается с поцелуем бытия чтобы затем лечить идущих внебыль пилигримов чъи ноги искровавлены о корни древ и десна одряхлевших от ветров камней <...> и это назовется просто и банально вновь наступило утро дел и маленьких шагов от протобуквы к смыслу СЛОВА-ТАНЦА... (Nakipov 2005: 7).
218 Хабаршы. Филология сериясы. №4 (172). 2018
Беккет: Какая разница когда главное это точ- то Я ЛЮБЛЮ ТЕБЯ И ВСЕГДА БУДУ ТВОЕЙ СМЕРАЛЬДИНОЙ! (Bekket 1998: 275).
Екі жазушының шығармашылықтарындағы осы ұқсастықтар мұнымен бітпейді. Д.Нақыпов романында нота жазбаларын, формулаларды ендірсе, С.Бекетте де осы ерекшеліктермен қоса шақыру билетінің мәтіні, т.б. шығарма мәтініне ендірілгенінің көрінісіне куә боламыз.
Жоғарыда көрсетілген ұқсастықтардан өзге айырмашылықтардакездесіпотырады. Мәтіндегі бір сөз табынан тұратын бірнеше сөздердің
«Племя-семя-споры-личинки-корни-черви-ко- коны, муравьи-жучки-мошки-пауки-гусеницы, тварное-плотьное-тысячеименное-насекомое- травное, малые-большие-мохнатые-аурные-зев- но-зубастые-смрадные-срамные-утробно-голод- ные» деп дефис арқылы қосарланып берілуі Д. Нақыпов қолданған тілдік ойындардың бір түрі болып табылады. А. Жақсылықов романында бұл әдіс жиі қолданылмаса да, ішінара кездесіп отырады. Мысалы: Они просто не могут ина- че. Иначе их не обучали (Zhaksylykov 2005: 422). Ты другой сам составил великий Реестр. (Zhaksylykov 2005: 419), – деп сөйлемді қанық бояумен беру арқылы мәтінге назар аудар- ту әдісін пайдаланған. Ал С.Беккет жоғарыда аталғандардан өзге кейіпкердің сөздерінің ара- сына бос орын қалдырмай біріктіріп жазуды секілі сөйлемді ерекше рәсімдеудің тосын түрін қолданады. Мысалы:
Достарыңызбен бөлісу: |