Сәулембек Г. Р



бет10/11
Дата08.11.2022
өлшемі76,33 Kb.
#157035
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
2592-1-4930-1-10-20190524

Қорытынды


Тұтастықтан қашқан авторлар романдары түрлі дискурстардың жиынтығынан тұратын синтетикалық құрылымды құрайды. Жоғарыда аталған үш роман да белгіленген құбылысты объективті терістеу және оның салдарынан жаңасын жарату, жасау, құрау қатар жүретін үдеріске негізделген. Үш автордың шығармаларынан постмодернистік дискурс аясындағы құрылым бұзушылық әдістеріне келгенде ортақ ұқсастықтарды да, айырмашылықтарды да кездестіресіз. Үш роман кейіпкерлері – қоғамда да, отбасында да өзін жалғыз сезінетін өзіндік орнын таппаған, шынайы өмірден алыстап, саяқ жүргенді жаны қалайтын жандар. Көбіне-көп өздері өмір сүріп отырған қоғамнан әр түрлі себептермен шеттеп қалғандар мен шеттетілгендердің ішкі әлемі сыртқы әлеммен үйлеспеуі, өзін қоршаған орта және адамдармен ой-пікірінің қабыспауы кереғар сезімдер тудырады. Үш романға ортақ кейіпкерлер типтерінің нарративтері аталмыш романдарға ортақ қасиет (Ф. Гваттари мен Ж. Делез ғылыми айналымға ендірген) шизофрениялық дискурсты туындатады. Осы орайда Ж. Делез бен Ф. Гваттаридің «Анти Эдип» еңбегінде кездесетін шизофренияның



220 Хабаршы. Филология сериясы. №4 (172). 2018



психиатриалық жағы да қарастырылғанымен, әлеуметтік-саяси ұғымдық мәні басым екендігін айта кеткеніміз жөн. Ғалымдардың А. Арто, С. Беккет, Ф. Кафка кейіпкерлерін прототип етіп алған еңбегіндегі «шизо» нақты психикалық науқас емес, капиталистік қоғамды жат көретін және «тілек өндірісінің» табиғи заңдылықтарымен өмір сүретін адам. «Ант ұрғандардың түстері», «Гүлдер мен кітаптар»,
«От орны» романдарындағы кейіпкерлер типтерінің аталған бейнелермен сәйкестігіне қоса, құрылым бұзылымның түрлі деңгейлеріне негізделген мәтін нарративінің табиғаты осы шығармалардың бір қырын шизофрениялық дискурс аясында қарастыруымызға басты себептердің бірі болып отыр. Ж. Делез бен Ф. Гваттари Ж. Лаканның бейсананың психона- нализдік талдау барысында белгілі мағынаға саятын символдармен бейнелеуді дұрыс тауып, оны символдармен ғана шектеп қоюына қарсы болған ғалымдар көркем мәтінді реализммен
тұсаулау автордың шығармашылық әлеуетін толық паш етугедегенкедергі депбіледі. Олардың тұжырымы бойынша шизоанализде бейсана таңбалар арқылы берілгенімен бұл таңбалардың белгіленген мәні жоқ, яғни көп мағыналы дейді. Романдардың алогизмге, абстракцияға құрылуы, сөз бен әрекеттің, уақыт пен кеңістіктің үйлесім таппауы, кейіпкерлердің өз тәнін өзге бір зат ретінде сезінуі сынды тәжірибелер Ж.Делез бен Ф. Гваттари ғылыми айналымға енгізген шизо-машинаның осы аталған сипатының өнердегі баламаларына жатады. Үш автордың да шығармашылығы интертекстуалдық орай- да мәтін ішіне ендірілген мәтіндер, түрлі стильдік оралымдар, жанрлар т.б. тәсілдерге жүгінуімен ерекшеленеді. Ал айырмашылығы Д. Нақыпов пен А. Жақсылықовтың Д. Амантай шығармаларынан айырмашылығы, бұл жазушы- лардың романдарында психоделикалық дис- курстың шизофрениялық дискурстан өзге түрлерінің үлесі басым.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет