Егер орта бағадағы мейрамхана ашсаң, ыдысың, дастар-
қан, орындықтар, санфаянс,
салфетка, қол жуатын сабы-
ныңа дейін қымбат ресторандағыдай болсын. Егер қонақ
үй ашсаң, “Ритц Карлтондағыдай” бэрін өз мәнеріңде жа-
сайсың, бірақ бағасын аспандатып жібермейсің.
Егер көп ақша тапқың келсе, көп ақша табатын адамдарға
қарап, солар сияқты киін. Егер бизнесіңізді дамытқың кел
се, өзіңнен қымбат бизнестерге қара. Солар істегенді істе.
Сырт келбетің олардан кем түспеуі керек.
Өйткені сырт
келбет адамның эмоцияларын тудырады. Біз алдымен көз-
бен ұнатамыз. Тамақ алдымызға келгенге дейін-ақ бұл
дэмханаға екінші рет келетін-келмейтінің жайлы шешім
қабылдайсың. Ал егер
оның палауы дэмді болып шықса,
мынандай дизайн мен мынандай баға үшін, әрине, міндетті
түрде қайтып келесің.
34