90. ДЕЗИНФЕКЦИЯ, ДЕРАТИЗАЦИЯ ЖӘНЕ ДЕЗИНСЕКЦИЯ ҚЫЗМЕТТЕРІ
Дезинсекция Дезинфекция Дөратизация
Жоба сауалнамасы: Инвестициялық жобамақсаты: Дезинфекция, дератизация және дезинсекция қызметтерін көрсететін кәсіпорын ашу. Жобаның құны: 10 650 000 теңге. Өзін өзі ақтау мерзімі: 3,82 жыл.
Жоба тұжырымдамасы. Жобаның түжырымдамасы Маңғыстау облысында дезинфекция, дератизация және дезинсекция қызметтерін көрсету жөніндегі кәсіпорынның қызметін үйымдастыруды көздейді. Жобаның мақсаттары: Кәсіпорынды үйымдастыру үшін инвестициялық қаражатты тиімді пайдалану;
Ұйымдар мен жергілікті халықты сапалы қызметтермен (дезинфекция, дератизация және дезинсекция) қамтамасыз ету;
Адамдарға қауіпсіз у химикаттарды пайдалану;
Дезинфекцияның озат тәжірибесін зерттеу және енгізу.
Алға қойылған мақсаттарға жету үшін мынадай міндеттерді шешу қажет:
Лицензия алу.
Инвестициялар тарту.
Қажетті жабдық пен айналымдағы қаражатты сатып алу.
Экономикалық тұрғыдан жоба мыналарға:
жаңа жүмыс орындарын қүру, бүл қызметкерлерге түрақты табыс табуға мүмкіндік береді
Ақтау қ. бюджетіне салықтар мен басқа аударымдар түсуіне ықпал етеді.
Қызметтердің түтынуш^ілары - Маңғыстау облысының заңды және жеке түлғалары жоспарланып отырған кәсіпорын- ның мақсатты тобы болып табылады.
Инвестициялық шығындар мен қаржыландыру көздері:
№
Шығыстар атауы
Қаржыландыру көздері, теңге
Несие
Жеке қаражат
1
Негізгі қаражат
9 650 000,00
0,00
2
Айналымдағы қаражат
0,00
1 000 000,00
Жиынтығы
9 650 000,00
1 000 000,00
Кәсіпорынды сипаттау. Ұйымдастырылып отырған кәсіпорынды 42 ш.м. жалпы ауданымен жалға алынатын үй-жайда орналастыру жоспар- лануда, оның 30 ш.м. қойма және 12 ш.м. кеңсеге арналған, ай сайынғы төлемі 150 000 (сома азаюы мүмкін) теңгеге тең. Осы үй-жайды таңдау снитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сай у химикаттарды сақтау және пайдалану талаптарына негізделген. Кәспорын жолаушылар мен жүк бөліктеріне бөлінген коммерциялық автомобильдерді сатып алуды жоспарлайды. Мүндай автомобильдер түрін таңдау да у химикаттарды тасымалдау нормаларымен және талаптарымен байланысты. Жобаны іске асыру үшін «Улы заттар айналымы саласындағы қызметті лицензиялау» туралы талаптарға сай лицензия алу жоспарлануда. Жоспарланған қызметкерлер қүрамының жоспарланған жалпы штаты - 3 бірлік.
қызмет сипаты. Дезинфекция - бұл жұқпалы аурулар қоздырғыштарын жоюға және сыртқы орта объ-
ектілеріндегі уларды бұзуға бағытталған іс-шаралар кешені. Зарарсыздандырудың бір түрі
болып табылады. Для проведения Дезинфекция жүргізу үшін, әдетте, химиялық дезинфек-
циялайтын дәрі-дәрмектерді, мысалы формальдегид немесе натрий гипохлориті, дезинфек-
циялайтын қасиеттері бар органикалық заттар ерітінділері: хлоргексидин, төрттік аммоний
қоспалары, сіркеүсті қышқылы. Дезинфекция микроорганизмдердің санын қолайлы деңгейге
дейін азайтады, бірақ оларды толық жоя алмауы да мүмкін. Профилактикалық, ағымдағы
және қорытынды дезинфекцияны айырады:
профилактикалық (жоспарлы; жоспардан тыс) эпидемиялық жағдайға тәуелсіз, үнемі
жүргізіледі: бактерицидті қоспалары бар жуатын және тазалайтын заттарды пайдаланумен
қолды, қоршаған заттарды жуу.
ағымдағы - жұқпалы аурулардың ошақтан тыс таралуының алдын алу мақсатында сы- рқаттың төсегенің жанында, медициналық пункттердің изоляторларында, емдік мекемелерде жүргізіледі.
қорытынды - эпидемиялық ошақты сырқаттан тараған қоздырғыштардан тазарту мақсатында сырқатты оқшаулаған- нан кейін, госпитальға жатқызғаннан кейін, сауыққаннан немесе өлгеннен кейін жүргізіледі.
Дезинфекция әдістері: Механикалық - топырақтың жұқпалы қабатын алып тастауды немесе төсемдер құруды көздейді.
Физикалық - ультракүлгін шығаратын шамдармен немесе гамма-сәулелер шығаратын көздермен өңдеу, төсек-о- рынды, ыдысты, бөлмелер жинайтын материалдарды, сырқатты күту заттарды және басқаны қайнату. Негізінен, іштің жұқпалы аурулары кезінде қолданылады.
Қайнату төсек орынды (сабынды-сода ерітіндісінде 2 сағат бойы қайнатады), ыдысты (2% сода ерітіндісінде 15 ми- нут қайнатады), ауыз суды, ойыншықтарды, тамақтарды өңдеу үшін пайдаланылады. Буауалы қоспа пароформалинді дезинфекцилық камерада бірінші қолданылады; дезинфекциялық камераларда сырқаттың заттары мен төсек орынын за- рарсыздандырады. Ультракүлгін сәуле шығару (БУВ-15 немесе БУВ-30 шамасы) емдік және басқа мекемелерде ауаны зарарсыздандыру үшін пайдаланылады. Химиялық (негізгі тәсіл) - антисептиктермен және дезинфекциялайтын заттармен ауру тудыратын микроорга- низмдер мен уды жою.
Құрастырылған - санамаланған әдістердің бірнешеуін (мысалы, кейін ультракүлгін сәуле шығарумен ылғалды та- залау) үйлестіруге негізделген.
Биологиялық - әртүрлі микроорганизмдер арасындағы антагонистік іс-әрекеттерге, биологиялық заттар әрекеттері- не негізделген. Биологиялық стансаларда, ағынды суды тазалау кезінде қолданылады.
Дератизация (фр. deratisation - сөзбе-сөз аударса «егеуқұйрықтарды жою») - кеміргіштерді (егеуқұйрықтарды, тышқандарды, сұр тышқандарды және басқа) жою жөніндегі кешенді шаралар. Бірнеше әртүрлі тәсілдер: азық-түлік у химикаттар (тұзақ жем түрінде), қақпандар, газ тәрізді улар, электронды тұзақтар, шошытуға арналған ультрадыбыстық қондырғылар, сондай-ақ, электрлік дератизация әдісі ОЗДС бар. Кейде дератизация мақсатында биологиялық (халықтық) әдістер - мысықтар, иттер пайдаланылады. Егеуқұйрықтарға қарсы дератизация мәселесі жаз аяқталған кезде, хайуандар- дың өсіп кеткен популяциясы қыстау үшін орын іздей бастағанда өткір тұрады. Кеміргіштермен күрестің химиялық әдісі кеміргіштер үшін у болып табылатын дәрі-дәрмектер арқылы егеуқұй- рықтарды жою, тышқандардан құтылу. Дәрі-дәрмектер, әдетте, шатырдың астына және жертөледе, қоқыс контейнер- лерінің жанында, өндірістік үй-жайлардың қараңғы бұрыштарында орналастырады. Кеміргіштермен күрестің химиялық әдісі әсіресе, сұр тышқандармен күресте аса тиімді. Дезинсекция (фр. des-, жою, жоқ қылуды білдіреді, + лат. insectum - жәндікті) - трансмиссивті жұқпалы ауруларды жұқтыруға қабілетті жәндіктерді арнайы химиялық дәрі-дәрмектің көмегімен, булы ыстық сумен немесе биологиялық дәрі-дәрмектермен әсер ету арқылы жою болып табылатын зарарсыздандырудың түрінің бірі. Сонымен қатар, дезинсекция деп адаммен көршілес болмағаны жөн кез келген жәндіктерді: шыбындар, масалар, төсек қандалалары және т.б. жою рәсімі түсіндіріледі. Дезинсекция әдістері:
Механикалық құралдар, әдетте, бунақ аяқтылармен күресудің тиімділігі төмен тәсілі. Ол терезелерге москитті тор- ларды, қорғаныс костюмдерді, электр шыбын ұстағыштарды, жабысқақ ленталар мен қағаздар пайдалануды көздейді.
Дезинсекцияның физикалық құралдары суық тұман, ыстық тұман шашуды, сондай-ақ жылумен дезинсекция жүргі- зетін арнайы жыбдықты пайдалануды көздейді. Тұман генераторлары мен қыздырғыш пештер ықтимал өңдеу ауданына байланысты сыныпталады және тұрақты мен ұтқырларға бөлінеді. Физикалық дезинсекцияның осы қазіргі тәсілдерінен басқа, қышыма және педикулез ошақтарында төсек орынды, киім - кешекті және аяқ киімді қайнату жүргізіледі.
Биологиялық тәсіл шыбындар мен масалардың личинкаларын жою үшін жиі қолданылады. Осы мақсатта микробио- логиялық инсектицидтер пайдаланылады, бұл энтомопатогенді микроорганизмдердің споралары мен токсиндер болып табылады. Дезинсекцияның биологиялық әдісі кішірек суаттарда, жертөлелер мен қойма үй-жайларында жиі жүргізіледі.
Химиялық тәсіл бунақ аяқтылардың әрбір түріне өзінің химиялық құрамымен өзгешеленетін арнайы дәрі-дәрмек- терді пайдалануды білдіреді. Шыбын-шіркейлерді жою үшін инсектицидтер, кенелерді - акарицидтер, личинкаларды - ларвицидтер, шыбын-шіркейлердің жұмыртқаларын жою үшін - овицидтер пайдаланылады. Бұл құралдар зиянкестерге әсер ету тәсілідерімен де ерекшеленеді.
Нарықты талдау және маркетингтік стратегия. Бүкіл әлемде клининг - бұл ондағы адамдар санынан жетекші орындардың бірін алатын бизнес саласы. Біздің елімізде де нарықтың осы сегментінде бүгінгі күні кәсіби қызметкерлер көп. Еуропаның көптеген елдеріне қарағанда, отандық 8
Қызметтер бағалары
Жұмыстар құны (ауданға байланысты)
№
Атауы
Өлш. бірлі.
3 000 ш.м.-ден 6 000 ш.м. дейін
6 000 ш.м.-ден 8 000 ш.м.дейін
8 000 ш.м.ге дейін және жоғары
1
Жаппай емес жүйелі дератизация
1 м.кв.
18
15
8
2
Ашық аумақтар дератизациясы
1 м.кв.
28
25
15
3
Ашық аумақтар (жаппай) дератизациясы
1 м.кв.
23
20
10
4
Бір реттік дератизация
1 м.кв.
56
55
45
5
Үй-жайлардағы шыбын-шіркейге қарсы дезинсекция
1 м.кв.
25
20
10
6
Үй-жайлардағы масалар дезинсекциясы
1 м.кв.
30
25
15
7
Үй-жайлардағы шыбындар дезинсекциясы
1 м.кв.
20
18
10
8
Ашық аумақта масалар дезинсекциясы
1 м.кв.
40
35
20
9
Санитарлық-қора-қопсылардьщ дезинсекциясы
1 м.кв.
235
230
200
10
Бір реттік дезинсекция
1 м.кв.
85
80
60
11
Дезинфекция (су жүргізілет желілер мен қүрылыстар- дан басқа)
Өндірістік жоспар. Жабдық және автокөлік. Мынадай жабдықтарды сатып алу жоспарлануда:
№
Атауы
саны
бағасы
сомасы
1
Лада Ларгус автокөлігі (жаңа)
1
3 600 000
3 600 000
2
Пикап автокөлігі (қ/б)
1
5 000 000
5 000 000
3
Ыстық түман генераторы
1
800 000
800 000
4
Компьютер
1
150 000
150 000
5
Кеңсеге арналған жиһаз (кешен)
1
100 000
100 000
6
Айналымдағы қаражат
1 000 000
1 000 000
Сомасы
10 650 000
Өндіріс және сату көлемі Өндірістер жоспарына сай, қызметтің үш түрін көрсету жоспарлануда: Дезинфекция қызметтері.
Дератизация қызметтері.
Дезинсекция қызметтері.
Қызметтердің барлық түрлері бойынша сатылатын қызметтердің күтілетін көлемі 1 987 237,33 теңгеге немесе орта есеппен14 000 ш.м.өңделген үй-жайларға тең. Ұйымдық жоспар. Штат кестесі. Қызметкерлер қүрамын басқару адмирнистратордың бақылауына беріледі. Қызметкерлер қүрамын басқарудың келтірілген қүрылымын линиядағыға жатқызуға болады. Ол администраторға кәсіпорынның жүмысын жедел басқаруға және оқиғалар жайлы хабардар болуға мүмкіндік береді.
Қызметкерлер құрамы
Саны адамдар
Айлық
Айлық қор, теңге
Жылдыө қор, теңге
Бухгалтер
1
50 000,00
50 000,00
600 000,00
Дезинфектор
2
45 000,00
90 000,00
1 080 000,00
Жалпы жалакы қоры:
3
140000,0
140000,0
1680000,0
Барлық қызмткерлердің еңбекақысы бекітілген болып табылады. Кәсіпорын толық қуаттылықпен мынадай кесте бойынша: 5/7 09-00-дан 18-00-ге дейін, демалыс күндері қызметтер көрсете алу мүмкіндігімен жүмыс істейтін болады. Қаржылық жоспар. Инвестициялық жоспар. Жоба бойынша жалпы инвестициялық шығындарға мыналар кіреді:
№
Атауы
Сома
1
Негізі қаражат
9 650 000,00
2
Айналымдағы қаражат
1 000 000,00
Жиынтығы
10 650 000,00
Жобаны қаржыландыру жоба бастамашысының өзіне меншікті қаражаты есебінен сияқты, сондай-ақ заемды капитал есебінен жүзеге асыру жоспарлануда.