Байланысты: 100 proektov malogo biznesa kaz 020819
Инвестициялық жоба мақсаттары: компьютерлік диагностика бойынша ТҚКС қызметін қүру. Жоба құны:1 568 901 теңге. Өзін өзі ақтау мерзімі: 12 ай. Жоба тұжырымдамасы Жоба түжырымдамасы 1 568 901 (бір миллион бес жүз алпыс сегіз мың тоғыз жүз бір) теңге мөлшерінде заемды қара- жат тарту арқылы компьютерлік диагностика бойынша ТҚКС қызметін қүруды көздейді. Көлік қүралының диагностикасы - оны өткізбей көліктің жағдайын тексеру мүмкін емес қажетті процедура. Кәсіпкер- ге осы салада өз ісін ашу үшін, автоны компьютерге қосға арналған адаптерді, арнайы софтты және диагностика жүргізу үшін сканерді, жабындының қалыңдығын дәл анықтау үшін қүрылғыны сатып ату қажет. Үй-жайға келсек, онда қажет болғанда анықталған ақауларды жоюға көмектесетін автомеханиктен гаражды жалға алу оңтайла нүсқа болады. Шағын кәсіпкерлік үшін авто диагностика бизнесі келешегі бар жоба болып табылады. Диагностика автосервис қызметтерінің ішкі түріне жатады, сондықтан, айтарлықтай тар, бірақ түтынушылар арасында сүранысқа ие бағыт. Осы бизнес-идея автоны тексеруді және сыну себептерін анықтау мен жөндеуді қарастырады. Негізі қызмет түрлері: автокөлік диагностикасы, қозғалғышты жөндеу, электр жабдықты жөндеу, инжекторларды та- залау, генераторлар мен стартерлерді жөндеу, шағын-жылдам жөндеу. Қалаларда мүндай тар мамандандырылған тауаша бос деп айтуға болады. Автоиелерге ақауды байқаған кезде ірі автосервистерге баруына тура келеді, онда үқсас қызмет- тер бірнеше есе қымбат түрады. Сондықтан, кәсіпкер өз ісін үйымдастыра алады. Осы бағытты және бизнестің орналасатын жерін таңдау мынадай факторлаға байланысты:
Автокөлікті жөндеу қызметтеріне және қызмет көрсетуге үдайы сүраныстың болуы.
Бүл салада жүмыс тәжірибесінің болуы.
ТҚКС-тің «Ескі әуежай» автонарық ауданында орналасуы.
Басты артықшылығы бәсекелестіктің төмендігі, ең төмен салым.
Жобаға сай, автокөлікті жөндеу қызметтерін және қызмет көрсету жоспарлануда. Өнім сипаты. Жобада «Автокөлік қүралдарының компьютерлік диагностикасы және жөндеу жөнінде ТҚКС» қүру көзделеді. Қызметтің артықшылықтары:
компьютерлік диагностика жөнінде ТҚКС орналасқан жері мен жүмыс режимі жергілікті халықтың баруына ыңғай- лы, «Ескі әуежай» автонарық ауданынан өте жақын жерде орналасқан.
Компьютерлік диагностика. Қазіргі заманғы отандық автомобиль-
дер инжекторлы болып табылады. Бұл не? Бұл қозғалтқыштың жұ-
мысын электронды басқару блогы (ЭББ) басқаратынын білдіреді.
Инжекторлы қозғалтқыштар - мұндай қозғалтқышты жөндеу біздің
автосервис үшін әлі жаңалық. Мұндай қозғалтқыштың диагностика-
сы мен оны жөндеу проблема болып табылады. Табыс табу мүмкінді-
гі айқын. Кәсіпкер өз қаласында инжекторлы қозғалтқыштар диагно-
стикасы және ақаулар анықталған жағдайда ілеспелі жөндеу жөнінде
қызметтер көрсетуді шешті. Чим-тюнинг. Бұл не? Инжекторлы қозғалтқыштың жұмысын электронды басқару блогы (ЭББ) басқарады. Басқа- ру блогына оның жұмыс бағдарламасы салынған. Басқару блогы, әртүрлі бергіштерден сигналдар ала отырып, қозғал- тқыштың жұмысын басқарады. Басқару бағдарламасын өзгерте отырып, біз оның жұмысына әсер ете аламыз. Осы чип-тю- нинг деп аталады. Чип-тюнингпен неге қол жеткізуге болады? Қозғалтқыштың динамикасы мен қуатын арттыру: сіз автомобиль «төменнен» жақсы тартқанын қалайсыз. Қуат шамалы өскен кезде тиісті бағдарлама төмен және жоғары айналым аймағында жоғарырақ сәтті (қарқынды күшейту ди- намикасы) қамтамасыз етеді. Қалалық қозғалыс үшін жақсы шешім.
Бейтараптағышты алып тастау: егер автомобильде каталитикалық бейтараптағыш болса, онда катализатор мен от- тегі бергішті этилирлі бензінмен уландыру тәуекелі әрдайым бар. Катализаторды алып тастаса, онда бүрку жүйесіне эти- лирлі бензін қорқынышты болмайды. Бұл ретте қозғалтқыш қуатының артуы байқалады.
Жылжымалы ақауларды жою: автомобильді сервистерде қарады және сырттай қарағанда қозғалтқыштың әдет- тегі жұмысы кезінде қозғалтқыш бос айналған кезде әлсін-әлсін сөніп қалу, немесе қозғалтқышты қыздырған кезде CheckEngine шамының жану себебін таба алмады. Себебі бағдарламадағы қатеді болуы мүмкін. Жиі мұндай проблемалар ескі сериялы бағдарламаны жаңа сериялымен ауыстыру арқылы шешіледі.
Барлық тюнингтік нұсқаларда бос жүру, суық іске қосу режимдері жақсартылған, салқындату жүйесі желдеткішін қосу температурасы («қайнайтындар» үшін) төмендетілген, ескі сериялы нұсқаларда болған, анықталған қателер жой- ылған. Осы қызметті көрсете отырып, жақсы табыс табу мүмкіндігін тағы да байқауға болады. «Автокөлік құралдарының компьютерлік диагностикасы және жөндеу жөнінде ТҚКС» таңдалған қызметтерінің түр- лері:
Компьютерлік диагностика.
Қозғалғышты жөндеу.
Инжекторларды тазалау.
Генераторлар мен стартерлерді жөндеу.
Форсункаларды тазалау.
Электр жабдықты жөндеу.
Нарық және маркетингтік стратегия. Автокөлікке техникалық қызмет көрсету саласында әрекет ететін кез келген кәсіпорын, негізінен, бәсекелес болады, себебі авто иелері, әдетте, қанағаттандыратын деңгейде ала алу үшін кез келген жерге баруға дайын техникалық қызмет көрсету мен жөндеу қызметтері ерекше өнім болып табылады. Қарағанды облысында бұл нарықтың сыйымдылығы үлкен және ішінара бос. Бұдан басқа, бұл бағытта қызметтерді көрсету деңгейінің сапасын әлі жақсарту қажет. Қызметтің бұл түріне шамалы маусымдық ауытқу тән. Қазақстанда жаңа және қазіргі жүрдек автомагистралдар салынуымен, атап айтқанда батыс Қытай-Еуропа жолының салынуымен байланы- сты коммерциялық қалааралық, халықаралық жүк тасымалдарының айтарлықтай өсуі күтілуде. Және, Қарағанды облысы географиялық жағынан тиімді жерде орналасқанын, ал автошеберхананы салу орыны болашақ автомагистралға жақын болатынын атап өткен жөн. Бүгінгі нарықтың жағдайы - бұл азаматтардың әл-ауқатының өсуі, және осыған орай халықтың жан басына шаққанда жеңіл көлік құралдарының үнемі артуы мен коммерциялық жүк автомобиль тасымалының өсуі. Сондай-ақ, кез келген, тіпті жаңа техниканың өзі қызмет көрсетуге және жөндеуге мұқтаж екені белгілі. Жаңалармен салыстырғанда, ескі автомашиналар жөндеуді жиірек талап ететінін ескере отырып, нарықта мұндай қызметтер түріне сұраныс әрдайым болады деп айтуға болады. Сондай-ақ, Қазақстанның ДС¥-ға кіруіне және соның салдарынан импортқа, атап айтқанда әкелінетін қолданыста болған және жаңа автоларға кедендік баждың төмендеуін, соңғылардың саны едәуір көбейетінін ескермеуге болмайды. Және осы барлық көлік құралдары қызмет көрсетуге мұқтаж болады.
Кәсіпорынның қызметкерлер құрамы. Жобада жөндеу жүмыстарына арналған 50 ш.м жалпы ауданымен боксты жалдау көзделген. Жобаны тікелей басқа- руды жеке кәсіпкер жүзеге асырады, ол бухгалтердік қызметін бірге атқарады. Қызметкерлер қүрамы 3 адамнан түрады, соның ішінде: автоэлектрик, автослесарь, моторист.
Жоспарланған штат
саны
Айлықақы
Жалпы ЕТҚ
Басшы
1
Салық кодексінщ схемасы бойынша
Автоэлектрик
1
50 000
50 000
Автослесарь
1
100 000
100 000
Моторист
1
100 000
100 000
Жиынтығы:
4
250 000
250 000
қаржылық жоспар. Төмендегі кестеде жоба бойынша қызметтерді сату нәтижелерінен қарастырылған болжам келтірілген. Сату көлемдері бойынша шығыс деректер өндірістік бағдарламаның және сату бағалары кестесінен теңгемен пайдаланылған. Қызметтер көлемі: