Шағын хикаяттар, әңгімелер, ертегілер, мысалдар



Pdf көрінісі
бет18/134
Дата07.02.2022
өлшемі0,94 Mb.
#88182
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   134
Байланысты:
ZhambylKaldybaev .Tandamaly
№2 Нарык экон сипаттама 42 топ тапсырмалар, №2 Нарык экон сипаттама 42 топ тапсырмалар, user file 5829f37e87cf4
 
 
-35- 


Төрде Рахима мен
Бауыржан ойнап отыр. Мен жантайып, қызықтап
жатырмын. Әрнені 
ойлаймын. Кеше Төкендер дұрыс айтқан екен, көктем кедді. Біреу есік ашса болды, үйге дымқыл, 
ауыр ауа лап қояды. Шатырдан сорғалаған
тамшының жерге тырс
-
тырс тамғаны естіледі. Мен 
көктемнің келгеніне кәміл сендім. Өйткені жыл сайын көктем
шығатын сәтте осылай ауырып 
қалатыным бар. Мына ауруым да сол екен.
Кенет Рахима мен Бауыржан болар
-
болмас нәрсеге келісе алмай, опай
-
топай болды. Рахима 
ойыншықты құшақтап еді, Бауыржан:

Тиме, бұл менікі, —
деп жабыса түсті.
Рахима жармасып, жіберер емес. Бауыржан қатты жұлқып кеп қалды. Рахима етпетінен түсті де, 
жылап түрегелді. Апам далада жүрген, Рахима бірден есікке қарай елпеңдей жөнелді. Барды да, 
итеріп
-
итеріп аша алмады. Маған қарап жылайды. Есікті ашып бер деп тұр.

Қойшы, әке, жылама. Басым ауырып жатыр, маза
берші.
Рахима көнбеді, жылауын қоймады.

Қой
еңді.
Қоймады. Одан сайын қатты жылады.
-
Қап, ауырып жатқанда құртты
-
ау әңкілдеп. Кәдімгідей ашу шақырып айтқан бұл сөзіме өзім
күліп жібере жаздадым. Аузыма тура апамның сөзі түсіпті. Апам бізге өстетін.
Рахима жылауын үдете түсті. Ауырған адамға тыныштық керек қой! Ашуым қайта қозды. 
Басымдағы жастықты Рахимаға қарай жіберіп кеп қаддым. Жастық зу еткен бойы Рахиманың 
тұлымын жалап өтіп, есікке сарт ете түсті. Есік ашылып кетті. Рахима жылауын кілт тоқтатты. Не 
есікке беттемейді, не маған қарамайды. Көңілі басылып, мөлиіп төмен қарап тұр. Жүзінде үрей, 
мүсәпірсу бар.
Бауыржанға бүйтіп көр, тіріде жылауын
қоймайды. Шешесін көргенше өкіреді. Жас баланың 
жылағаны өз бағасын білу, міңдетсіну екен. Рахима көз жасын Бауыржан құсап пұлдай алмайды. 
Әке
-
шешең қасыңда болса, сен де шыңғырып жылар едің
-
ау!
Мен аяқ астынан басымның ауырғанын ұмытып, жүгіріп барып, Рахиманы жерден көтеріп 
алдым. Сөйттім де, аспандатып көтере бердім, көтере бердім.
 
-36- 


Рахима мен қанша көтергеніммен, бұрынғыдай қорықпады. Мен аспандатып көтергенімді 
қоймадым. Енді оның ашуы біртіндеп сергіп,
жүзіне қуаныш оты жүгіре бастады. Әрі
-
беріден соң 
сақылдап күлді. Менің де көкірегімді қуаныш кернеп, денем сергіп қалды. Төсекке қайтып жатқым 
келмеді.
* * *
Бәріміз жатып қалғанбыз. Соған қарамай Бауыржан мен Рахима ойнап, жуық арада ұйықтай 
қоймады. Түпкі үйдегі маған қайта
-
қайта жүгіріп келе береді. Ұйқы беретін емес. Сонан соң:

Келіңдер, менің
қойныма жатыңдар, —
деп екеуін жаныма шақырдым.
Екеуі де жақындап 
келді. Бауыржан:

Ы
-
ы, жатпаймын, 

деп шегіне берді. Рахима да қашқақтап
барады.
-
Ой, ойын ғой. Бұл —
ойын. Кішкене жатыңдар. Кетесіңдер содан кейін.
Екеуі қайта
жақындады. Рахиманы шап беріп ұстай алдым:

Кел, сен жат. Бауыржан жатпаса қойсын. —
Бауыржан енді бір нәрседен құр қалғандай дереу:

Мен де жатамын, —
деп төсегіме тұра ұмтылды.

Ал жатыңдар.
Рахиманы оң жағыма, Бауыржаңды сол жағыма жатқызып, көрпеммен бүркеп алдым. Екеуі 
қыбырлайын десе, қымтап қоямын. Біраз уақыт өтті.

Бекен, жібер балаларды, ұйықтасын.
Апамның осы сөзді айтуы мұң
екен, Бауыржан қыңқылдап
төсектен сырғып түсе бастады. 
Рахима да сөйтер деп едім, қыбыр етпеді. Қарасам, ұйықтап кетіпті. Қыбырлап, маған қарай бір 
аунап түсіп, кішкене білегін мойныма салып, құшақтап алды.

Апа, Рахима ұйықтап қалыпты. Осында жата берсінші.

Мейлі. Бірақ түнде оянып, мазаңды алады ғой.

Ештеңе етпейді.

Өзің
біл.
Менің көпке дейін ұйқым келмеді. Рахиманың кішкентай танауларынан шыққан ыстық леп тұла 
бойымды жылытып, қыз
-
қыз қайнап барамын. Оның сәби,


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   134




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет