Қабылдаған: Қасқатаева Б. Орындаған : Адилбеков Алмаз Адамбек Жұлдызай Балтабай Рахима Ақтаева Ақерке Баймукаш Жаныл Тобы



бет1/6
Дата27.11.2022
өлшемі0,64 Mb.
#160059
  1   2   3   4   5   6
Байланысты:
ММОК211 МӨЖ-4.


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ


МӨЖ-4

Тақырыбы: «Өзгерістер мен қатынастар» тақырыбын оқытып-үйрету процесінде оқушылардың математикалық сауаттылығын қалыптастыру технологиялары

Қабылдаған: Қасқатаева Б.
Орындаған : Адилбеков Алмаз
Адамбек Жұлдызай
Балтабай Рахима
Ақтаева Ақерке
Баймукаш Жаныл
Тобы: 7М01501 –211 топ
Алматы, 2022
Адамбек Жұлдызай ММОК211
1 – тапсырма Баяндама
Тақырып: «Өзгерістер мен қатынастар» тақырыбын оқыту процесінде 9 сынып оқушыларының математикалық сауаттылығын қалыптастыру»


Халықаралық PISA зерттеуі 15-жастағы білімгерлердің білім жетістіктеріне мониторинг жасау саласындағы көрнекі жобалардың бірі болып табылады. Осы санаттағы білімгерлерді іріктеу, осы жаста көптеген елдерде мектептегі міндетті оқыту аяқталатындығымен және түрлі елдердегі оқыту бағдарламаларының ұқсастығымен түсіндіріледі. Оқытудың тап осы кезеңінде білімгерлердің келешегінде пайдалы болатын білім мен дағдылардың жағдайын, сонымен қатар заманауи өмірге тиімді бейімделу үшін қажетті білімді өз бетімен алу қабілетін анықтап алу маңызды. PISA жобасы зерттеудің үш бағытының біріне көзделіп, үш жылдық кезеңдермен жүргізіледі. 2012 жылы басыңқы бағыт «Математикалық сауаттылық» болды. PISA зерттеуі 15-жастағы білімгерлердің мектепте алған академиялық білімі мен дағдыларын түрлі өмірлік жағдайлар мен тиімді әлеуметтенуде қолдану қабілетін анықтауға бағытталған. Зерттеудегі білімгерлердің тап осы контингентінің іріктелуі, көптеген әлем елдерінде білім беру бағдарламасының негізгі сатысын меңгеруді 15-жасқа толғанда аяқтауымен түсіндіріледі. PISA жобасының білімгерлердің функционалдық сауаттылығын бағалау басыңқылығы үш бағыт болып табылады - оқу біліктілігі, математикалық және жаратылыстану ғылымдарының біліктілігі. PISA зерттеуінде ойлау, дәйектеу, мәселені қою және шешу, модельдеу, нәтижелерді ұсынудың түрлі әдістерін пайдалану секілді қабілеттер бағаланады. Осылайша, халықаралық емтиханға қатысушылардың оқу біліктілігі әрекеттің үш оқу-танымдық түрлері бойынша анықталды - жаңғырту, қолдану және пайымдау. Зерттеудің үш бағыты бойынша білімгерлердің сауаттылығын бағалау технологиясы PISA жобасы қатысушылардың алған білімін қаншалықты экстраполяция (құбылыстың бір бөлігін байқаудан алынған қорытындыларды оның екінші бөлігіне қолдануға саятын ғылыми зерттеулер әдісі) жасап, оларды мектептен тыс қолдана алатынын анықтауға мүмкіндік туғызады. Осы тұрғы заманауи экономиканың академиялық білімді жоғары кәсіби деңгейде қолданатын қоғамды қолдайтыны туралы айғақты көрсетеді. Осыған байланысты функционалдық сауаттылықты зерттеуді бағалау технологиясы әлемдегі 60-тан астам елдің 15-жастағы білімгерлерінің білім жетістіктерінің алты деңгейін қамтиды. Ең жоғары көрсеткіш 5 және 6 деңгей - өз бетінше ойлау, талдау және өз болжамын ұсыну қабілеті, 4-3 - жаңа ақпарат алу үшін бар білімі мен қабілетін қолдану мүмкіндігі, 2 - қарапайым оқудан тыс жағдайда бар білімі мен дағдыларын қолдану мүмкіндігі, 1 деңгей - таяз білімнің төменгі деңгейі мен тапсырмаларды табысты орындаудың аздаған ықтималы. Зерттеудің барлық үш бағыты бойынша қабілеттілік жиынтығы мен білімді қолдану мүмкіндігіне қойылатын нақты талаптар анықталған. Әрбір деңгейге халықаралық шәкілдің нақты саны сәйкес келеді. Осылайша, PISA жобасы білімгерлердің білім жетістіктерін сыни бағалаудың қайталанбас моделін бекітті
Математикалық сауаттылық Білімгерлердің түрлі өмірлік жағдайларда математика саласынан пәндік білімді қолдану дағдыларын қалыптастыру оқыту үдерісі тиімділігінің қағидалық мақсаттарының негізін қалаушыларының бірі болып табылады. 15-жастағы білімгерлердің математикалық сауаттылығы PISA-2012 халықаралық зерттеуінің басты бағыттарының бірі болды (бұдан бұрын - 2003). Халықаралық PISA тесті білімгерлердің академиялық білімін - 15-жастағы оқушының математикадан меңгерген оқу курсының мазмұнын өлшемейді. Халықаралық емтихан инструментарийінің бірегейлігі оның, мектеп түлегі үлкен жастағы өмірінде өзін жеке тұлға ретінде толығымен көрсете алуына мүмкіндік туғызатын білімгерлердің қабілетін анықтайтындығында. PISA тестінің математикалық сауаттылық бағытындағы бағалау технологиясы осы берілген жас санатындағылардың математикалық білімді логикалық тәсіл мен математикалық түйсікті талап ететін жағдайларда қолдану мүмкіндігін тексереді. Осылайша, осы жобаның халықаралық сарапшылары «математикалық сауаттылық» секілді осындай педагогикалық - практикалық ұғыммен жұмыс істейді. Ең алдымен, осы ұғым адамның математика саласындағы білімді түрлі өмірлік жағдайларды шешудегі жеке таңдауын негіздеу үшін қолдану қабілеті ретінде анықталады. Осылайша, «математикалық функционалдық сауаттылық» ұғымының басты тезисі білімгерлердің: - математикалық тапсырмаларды шешу арқылы қоршаған ортада туындайтын мәселелерді айқындау оларды математикалық білім мен әдістерді қолданып шешу; - математикалық пайымдау жолымен қабылданған шешімдерді негіздеу; - қолданылған шешу әдістерін талдау; - алынған нәтижелерді қойылған міндеттерді ескере отырып түсіндіру; - қабылданған шешімдерді тұжырымдау қабілеттері болып табылады. Тест сұрақтарының мазмұнын іріктеу барысында дәстүрлі математикалық курстың әрбір негізгі тақырыптары ескеріледі: сандар, өлшемдер, бағалау, алгебра, функциялар, геометрия, ықтималдық, статистика, сандар теориясының элементтері. Осылардың шеңберінде жоғары практикалық мәнге ие сұрақтар қатарына айтарлықтай көңіл бөлінеді (геометриялық көлемдерді өлшеу, бағалау, пайыз, көлем, диаграммаларды және шынайы байланыс кескіндерін түсіндіру, ықтималдық, статистикалық көрсеткіштер және т.б.). PISA жобасының халықаралық сарапшылары «Математикалық сауаттылық» ұғымының екі негізге алынатын қағидатын анықтайды. Біріншісі, нақты шындықпен өзара байланысты жалпы математикалық ұғымдар тобы ретіндегі фундаменталдық математикалық идеялар. Бұл орайда, олар түрлі нысаналар мен құбылыстардың ортақ қасиеттерін сипаттайды және осылайша, қоршаған шындықты түсіну мен сипаттаудағы математиканың алатын орнын жақсы түсінуге септігін тигізеді. Фундаменталдық математикалық идеялар ретінде әрқайсысына тест тапсырмаларының белгілі саны сәйкес келетін «Өзгерістер мен қатынастар», «Кеңістік пен пішін», «Белгісіздік», «Сан» салалары ұсынылған

Фундаменталдық математикалық идеялар



Салалар

сипаттамасы

Тапсырмалар саны,

өзгерістер мен қатынастар

-түрлі үдерістердегі өзгермелілер арасындағы тәуелділік, яғни алгебралық материал;
-нысаналар арасындағы тұрақты және уақытша байланыстар арасындағы көпжақтылық;
-элеменнтер бір-біріне әсер ететін өзара байланысты нысаналар жүйесіндегі өзгерістер;
-өзгерістердің негізгі түрлерін түсіну мен олардың туындауын анықтау;
-математикалық моделдерді сипаттау мен болжам үшін пайдалану.

25


Кеңістік пен пішн

-кеңістік және жазық геометриялық пішіндер мен қатынастар, яғни геометриялық материал;
-кескініндер, нысаналар қасиеттері, олардың орналасымы;
-заттар туралы ұғым, визуалдық ақпаратт, навигацияны кодтау мен қайта кодтау;

25

Белгісіздік

-заманауи ақпараттық қоғамға тікелей қатысты ықтималды және статистикалық құбылыстар мен байланыстар;
-мәліметтер топтамасына кіріктірілген ақпаратты анықтау мен жалпыламалау;
-көптеген шынайы үдерістерге тән өзгермеліліктің ықтимал ықпалын бағалау;
-түрлі экономикалық моделдерді ғылыми болжау

25

Сан

-әлемдегі нысаналар, қатынастар,жағдайлар мен тұлғалардың сандық белгілері;
-түрлі сандық ұсынымдарды ұғыну;
-санға негіздеоген мәліметтерді түсіну мен дәйектеу;
-өлшем бірліктерін, есептеуді авсалюттік көлемді және көрсеткіштерді, сандық диаграммаларды және кескіндерді түсіну;
-арифметикалық ойлауды, сандардың көпжақты ұсынылуын,ауызша есепті есептеуді пайдалану және нәтижелердің негізделуін бағалау



25


Осылайша, оқытудың негізгі сатысын аяқтап жатқан 15-жастағы білімгерлер өздерінің «математикалық құзыреттілігін» математикалық ситуацияларды шешуді дәйектеу арқылы дәлелдейді. Бұл орайда, зерттеуге қатысушылар математикалық тіл мен ақпараттық материалдармен байланысты заманауи техникалық құралдарды пайдалануы тиіс, сонымен қатар коммуникативтік біліктілікті көрсетуі қажет (жазбаша және ауызша математикалық сөйлеу). Осылайша, білімгерлердің математикалық сауаттылық деңгейі математикалық құзыреттілікпен сипатталады.

1-есеп.


Қанат велосипедпен ауылдан көлге дейін барып, кідірместен кері қайтқан, сонда бұл жолға 1 сағат уақыт кетті. Ауылдан көлге дейінгі жылдамдығы 15 км/сағ, ал көлден ауылға дейінгі жылдамдығы 10 км/сағ болды. Көлден ауылға дейінгі арақашықтықты табыңыз.

Шешуі: Көлден ауылға дейінгі арақашықтық км болсын. Сонда ауылдан көлге дейінгі жүрген уақыт сағат, ал көлден ауылға дейінгі жүрген уақыт сағат болды. есептің шарты бойынша теңдеу құрамыз: . Бұдан , яғни ауылға дейінгі арақашықтық.


Жауабы: 6 км

2-есеп
Маторлы қайық ағыс бойымен 18 км және ағысқа қарсы 14 км жүрді, осы жолдың барлығына ол 3 сағ 15 мин жұмсады. Қайықтың меншікті жылдамдығы 10 км/сағ . Ағыстың жылдамдығын табыңыз.

Шешуі: ағыстың жылдамдығын х км/сағ деп алсақ, ағыспен жүзген жылдамдығы , ал ағысқа қарсы жүзген жылдамдығы болады. Есептің шарты бойынша теңдеу құрамыз:
бұдан, .
Ағыстың жылдамдығы 2 км/сағ.
Жауабы: 2 км/сағ

3-есеп


Мыс пен қалайы қорытпасының салмағы 12 кг, бұл қорытпаның 45% -і мыс. Жаңа қоспаның құрамында 40% мыс болатындай қоспаға таза қалайыдан қанша қосу керек?
Шешуі: Берілген қоспадағы мыс салмағын табамыз:
12 кг* 0,45 5,4 кг (мыс)
Мыстың бұл салмағы жаңа қорытпаның 40% -і, жаңа қорытпа салмағын анықтаймыз: 5,4: 0,4 13,5 кг. Сонда 13,5-12 1,5 кг қалайы қосу керек.
Жауабы: 1,5 кг қалайы

4-есеп
30% -дық тұз қышқылының ерітіндісін 10% -дық ерітіндісімен араластырды да 600 г 15% -дық ерітінді алды. Әр ерітіндіден қанша грамнан алынған еді?


Шешуі: 1) - 30 % ерітінді
2) - 10% ерітінді
Есептің шарты бойынша:


Жауабы: 150 г, 450 г

5-есеп
Квадраттың қабырғалары 25% -ке ұзартылған. Квадраттың ауданы қанша процентке көбейеді?

Шешуі: Квадраттың бастапқы қабырғасы а болсын, онда оның 25% -ке ұзартылғаннан кейінгі ұзындығы болады. Сәйкес аудандары және -қа тең. Есеп шарты бойынша пропорция:
----------100%
-------- ,
Демек, квадраттың ауданы 156,25 - ке артық.
Жауабы:



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет