өзгерістер мен қатынастар;
-белгісіздік.
Сонымен бірге математикалық сауаттылық деңгейі математикалық құзіреттіліктің даму деңгейімен сипатталады. Ол үш деңгеймен сипатталады, яғни елестету деңгейі, байланыс орнату, ойлау деңгейі.
Сондықтан, оқыту мақсаты үшін математикалық сауаттылық аспектілерінің санын анықтау қажет. Мұндай аспектілер- төртеу, оның екеуі негізгі, екеуі қосалқы.
Негізгілер- математикалық компотенттілік негізгі математикалық түсініктер.
Қосалқы- математикалық оқу программасының элементтері.
Математикалық \құзырлылыққа\ компотенттілікке жалпы дағдылар мен білім, яғни есеп шығара білу, математикалық тілді және модульді пайдалана білу, негізгі математика –ұғымдар.
Қосалқы аспектілер:
-Математикалық оқу программасының элементтері:
-Жағдаяттар мен орта\ қоршаған\ математикалық құзырлылыққа жалпы дағдылар мен білім,яғни есеп шығара білу, математикалық тілді және математикалық модульді пайдалана білу дағдылары жатады.
Негізгі математикалық ұғымдар:
Негізгі математикалық ұғымдар тобының кейбіреулері, мысалы: ықтималдық, өзгеру мен өсу, тәуелділік пен өзара байланыс т.б.
«Негізгі ұғымдар» деп айырықша таңдау жасаудың өзіндік себебі, бұл ұғымдар математиканы жасанды бөлімдер мен тақырыптарға бөлмейді.
Математикалық аспектілердің қосалқы тобына сауаттылықтың негізгі аспектісі математикалық құзырлылық дедік. Бұл топқа төмендегі элементтер жатады.
1. Математикалық ойлау дағдысы:
-Математикаға ойлау дағдысы;
-Математикаға ғана тән –«қалай табу керек? қанша?» т.б. сұрақтарды қамтитын мәселелерге тиісті жауаптарды білу.
-әр түрлі, яғни анықтама, теорема, қорытынды, болжам, мысал, тұжырым т.б әр түрлі орындағы ұғымдардың арасындағы айырмашылықты ажырата білу. Берілген математикалық концепциялардың шегі мен шетін түсініп оларды шеше білу дағдыларын қамтиды.
2.Математикалық дәлел дағдысы:
Бұл математикалық дәлелдеулерді білу, олардың басқа математикалық дәлелдерден өзгешелігін ажырата білу. Математикалық дәлелдемелерді құра білу дағдылары қамтиды.
3. Модульдеу дағдысы.
Бұл мәселе есептер,математикалық модульдің түрліше түрлерін білу. Математикалық модульмен жұмыс істей білу, модульді және оны нәтижесін талқылау, бақылай білу дағдыларын қамтиды.
4.Есеп шығара білу дағдысы.
Бұл- әр түрлі математикалық есептерді тұжырымдау, анықтау және оларды түрлі әдістермен шеше білу дағдыларын қамтиды.
5. Баяндау дағдысы- бұған барлық математикалық түрлі интерпретациялық қолдана білу дағдысы жатады.
6. Коммуникациялық дағды – математикалық мазмұндағы мәселелердің бәрінде ауызша, жазбаша түрде өзін көрсете білу, түсіну дағдысын қамтиды.
7.Құрал жабдықтар мен оларды қолдана білу дағдысы.
Математикалық әрекетке мүмкіндік беретін ретін, барлық құрал-жабдықтарды оның ішінде информациялық технология инструменттерін қажетіне қарай қолдана білу дағдысын қамтиды.
8.Символдық, техникалық және формулалық тілдерді интерпретациялау дағдысы. Бұдан символдық, техникалық және формулалық тілдерді түрлі интерпретацияда қолдана білу, табиғи тілмен байланысын түсіну, табиғи тілді символдық, техникалық және формулалық тілдерге аудара білу.
Сонда нақты математикамен шұғылданғанда жоғарыдағы айтылған дағдылар түгел қолданылады.
«Математика» пәнін оқыту барысында математикалық сауаттылықты қалыптастыру мақсатында:
- оқушыларға анықтамалықтарды қолдану, оқу, әдістемелік және анықтамалық әдебиеттерден анықтамаларды, формулалар және басқа да тұжырымдарды іздеу;
- математикалық формулаларды қолдану, дербес жағдайларды жалпылау негізінде шамалар арасындағы тәуелділіктің формулаларын өздігінен құрастыру;
- игерілген математикалық білім, білік, есептеу, өлшеу және графиктік дағдыларды пайдаланып практикаға бағытталған тапсырмаларды шешу;
- дәлелдемелі пайымдау жүргізу, талқылауға қатысу және логикалық негізделген қорытындылар жасау;
- математикалық мәтінмен жұмыс жасау (талдау, қажетті ақпаратты алу)
- математикалық терминология мен символдарды қолдана отырып, өз ойын ауызша және жазбаша түрде анық және нақты түсіндіру іскерліктерін үйренеді.
Есептер:
1-есеп. Ставрополь станциясынан Григорополисская станциясына дейін (қашықтық 150 км) теміржол арқылы ағаш материалдарын тасымалдау 44 рубльді құрайды, ал Прохладная станцияға дейін (қашықтық 505 км) – 105 рубль.Кисловодск (472 км) және Пятигорск (434 км) станцияларына дейін бірдей көлемдегі материалды тасымалдау құнын анықтаңыз.
Шешуі: (105-44) руб. Григорополис станциясына қарағанда Прохладная станцияға тасымалдау құны көп.
(505-150) км-де Григорополис станциясына қарағанда Прохладная станцияға дейінгі қашықтық үлкен.
Бірдей жүкті х км-ге тасымалдау y рубль тұрсын.
Бұл (y-44) руб. - Григорополис станциясына қарағанда қымбатырақ.
(Х-150)км - Григорополис станциясына дейін.
Тасымалдау құнының айырмашылығы арақашықтық айырмашылығына пропорционалды, біз бұдан мынадай пропорцияны аламыз:
=
(у-44) ∙ (505-150)=(х-150) ∙(105-44)
(у-44)∙ 355= (х-150) ∙ 61
355∙ у-15620= 61∙ х –9150
355 у = 61х – 9150+15620
у = х +
у = 0,172 х + 18,2
Табылған функцияның көмегімен кез-келген станцияға тасымалдау құны анықталады.
Пятигорск станциясына дейін тасымалдау құны: у = 0,172 ∙ 434+18,2= 92, 85 руб.
Кисловодск станциясына дейін тасымалдау құны: у = 0,172 × 472 + 18,2=99,38 Б.
Жауабы: 92,85 рубль; 99,38 рубль.
2-есеп. Салымшы банкте шот ашып, оған S0=150 000 рубль салды.4 жыл мерзімге жылына 18%(5%) ставка бойынша қарапайым пайызбен. Салымшы салым жабылған кезде алатын S4 сомасы қандай болады? 4 жылда салым қанша рубльге өседі? Жинақтау коэффициенті неге тең?
S0=150000 руб.
n=4
p=18% (5%)
S4= 150000 ∙(1+ ) = 258000 руб.
S4= 150000 ∙(1+ ) = 180000 руб. )
(180000 – 150000 = 30000руб.) 5% жылдық өсім бойынша 4 жылда өсуі
258000-150000= 108000 (руб.) 18% жылдық өсім бойынша 4 жылда өсуі
= 1,72 ( 1,2) өсу коэффициенті. Ол 4 жыл ішінде бастапқы жарна 1,72 есе өскенін көрсетеді.
Жауап: 258000 рубль(180000 рубль),108000 рубль(30000 рубль), 1, 72(1,2)
3-есеп. Қыздыру басталған кезде қайнаған су 6°C температураға ие болды.қызған кезде судың температурасы әр минут сайын 2°C-қа көтерілді. T(t) функциясы сызықтық бола ма? Т(20), Т(31) неге тең? Қыздыру басталғаннан кейін қанша минуттан кейін су қайнайды?
Шешуі:
Т (t)=6+2t, мұндағы 6°C су қыздыру басталған кезде, 2°C су температурасының жылыту кезінде әр минут сайын көтерілуі, Т су температурасының өзгеруі, t су қыздыру уақыты.
Т(t) - сызықтық функция.
Т(20) =46°С
Т(31) = 68°С
100°С-судың қайнау температурасы
100=6+2t
t=47мин – су қайнайды.
Жауабы: T(t)=6+2t- сызықтық функция; Т(20) =46°С, Т(31) =68°С; t=47мин.
4-есеп. Салымшы банктегі шотқа 2 жылға 700000 рубль салды. Банк қарапайым пайыздарды жылына 5,5% мөлшерлемемен төлейді. Салымшы салым жабылған кезде алатын S4 сомасы қандай болады? 2 жылдан кейін салым қанша рубльге өсетінін анықтаңыз?
Шешім:
S0=700000 рубль.
n=2
р = 5,5
S4= 700000 =(1+) = 777000 рубль.
777000-700000 =77000 рубльге. үлес 2 жылда артады
Жауабы: 777000 руб. 77000 руб.
5-есеп. Автомобиль жолымен жүк тасымалдаудың өзіндік құны
С=0,25х1,6 функциямен көрсетіледі, ал теміржол арқылы - С=0,2 х+3,6 функциясы бар, мұндағы 10≤ х≤1000 - километрдегі қашықтық, ал С - көлік шығындары. Бір жүкті тасымалдау үшін қай көлік түрі тиімдірек екенін және қай қашықтықтан бастап анықтаңыз?
Шешуі:
Х=100 км. автокөлік үшін тасымалдау құны 23,4 рубльді құрайды; ал теміржол үшін 23,8 рубль.
Х=300 км кезінде автокөлікпен тасымалдау құны 73,4 рубльді құрайды; ал теміржол үшін-63,8 рубль.
Сонымен, қысқа қашықтықта жүктерді тас жол бойымен, ал үлкен қашықтықта – теміржол арқылы тасымалдау тиімдірек.
Теміржол көлігін қай қашықтықтан пайдалану тиімді екенін анықтайық. Ол үшін теңдеуді шешейік
0,25 x-1,6=0,2 x + 3,8
x=108
Жауабы: 108 шақырымнан бастап Теміржол көлігімен тасымалдау үнемді.
Достарыңызбен бөлісу: |