Өзгерістер мен қатынастар:
-түрлі үдерістердегі өзгермелілер арасындағы тәуелділік, яғни алгебралық материал;
-нысаналар арасындағы тұрақты және уақытша байланыстар арасындағы көпжақтылық;
-элеменнтер бір-біріне әсер ететін өзара байланысты нысаналар жүйесіндегі өзгерістер;
-өзгерістердің негізгі түрлерін түсіну мен олардың туындауын анықтау;
-математикалық моделдерді сипаттау мен болжам үшін пайдалану.
Зерттеушілер берілген фундаменталдық математикалық идеялар 15-жастағы білімгерлерге келешектегі өмірде математиканың негіздерін қолданудың негізі ретінде қажетті математикалық білім ауқымын қамтитындығын атап өтеді. Одан маңыздылығы кем соқпайтын басқа қағидат - ол түрлі мәселелердің тиімді шешілуін қамтамасыз ететін адамның математикалық білімінің, біліктілігінің, тәжірибесінің және қабілетінің қосындысы ретінде математика саласындағы білім қолдануды талап ететін математикалық құзыреттілік. «Математикалық сауаттылықтың» халықаралық тесті жеке өмірмен (мектептегі, үйдегі, демалыстағы), кәсіби әрекеттермен және қоғамдық өмірмен (жергілікті қоғаммен, бүкіл әлеммен), оқыту мен ғылыммен байланысты түрлі мәтіндік ситуациялардан тұрады. Айта кетерлік жәйт, математикалық тапсырмаларда білімгерлердің танымдық қызығушылығын туындататын мәтіндер ұсынылған. Бұл орайда, зерттеуге қатысушылар математика курсының түрлі тақырыптары мен бөлімдерінің білімін пайдалануды көрсетіп қана қоймай, сонымен қатар басқа да оқу пәндерін немесе мектептен тыс ақпарат дереккөздерін пайдалануды көрсетуі тиіс. Осылайша, оқытудың негізгі сатысын аяқтап жатқан 15-жастағы білімгерлер өздерінің «математикалық құзыреттілігін» математикалық ситуацияларды шешуді дәйектеу арқылы дәлелдейді. Бұл орайда, зерттеуге қатысушылар математикалық тіл мен ақпараттық материалдармен байланысты заманауи техникалық құралдарды пайдалануы тиіс, сонымен қатар коммуникативтік біліктілікті көрсетуі қажет (жазбаша және ауызша математикалық сөйлеу). Осылайша, білімгерлердің математикалық сауаттылық деңгейі математикалық құзыреттілікпен сипатталады.
2-тапсырма:5-есеп.
Достарыңызбен бөлісу: |