Қабылдаған: Қасқатаева Б. Орындаған : Адилбеков Алмаз Адамбек Жұлдызай Балтабай Рахима Ақтаева Ақерке Баймукаш Жаныл Тобы



бет4/6
Дата27.11.2022
өлшемі0,64 Mb.
#160059
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
ММОК211 МӨЖ-4.

Актаева Ақерке ММОК211
Баяндама
Өзгерістер мен қатынастар» тақырыбын оқытып-үйрету процесінде оқушылардың математикалық сауаттылығын қалыптастыру технологиялары
Адамның сыртқы ортамен қарым-қатынасқа кіру қабілеттілігі және аса тез бейімделуі мен жұмыс істеуін- функционалдық сауаттылық дейміз. Тұлғаның оқу, ұғыну, қысқа мәтіндерді жасау және жеңіл арифметикалық амалдарды орындаудағы қарапайым сауаттылығына қарағанда тұлғалық сауаттылықтың айырмашылығы тұлғаның нақты мәдени ортада тіршілік ету үшін минималды қажетті болып саналатын әлеуметтік қарым-қатынас жүйесінде тұлғаның қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз ететін біліктілік, икемділік пен дағдылар атомарлық деңгейі, яғни функционалдық сауаттылық болып табылады. Өзгерістер мен қатынастар» тақырыбын оқытып-үйрету процесінде оқушылардың математикалық сауаттылығын қалыптастыру технологияларына тоқталайық.
Өзгерістер мен қатынастар: - түрлі үдерістердегі өзгермелілер арасындағы тәуелділік, яғни алгебралық материал; - нысаналар арасындағы тұрақты және уақытша байланыстар арасындағы көпжақтылық; - элементтер бір-біріне әсер ететін өзара байланысты нысаналар жүйесіндегі өзгерістер; - өзгерістердің негізгі түрлерін түсіну мен олардың туындауын анықтау; - математикалық модельдерді сипаттау мен болжам үшін пайдалану. Орта білімнің бір тұтас жүйесіндегі бастапқы кезеңінің ерекшелігі дәл осы сатыда оқу іс-әрекетінің негізгі икемділіктерін игеру, оқудың қажеттілігі мен ықыласына тиісті жағдай жасау болып табылады. Баланың психикалық дамуында бала орындайтын нақты осы іс-әрекет басқа жұмыстардың түрлері кешенінде (ойын, спорттық, мәдениеттік, еңбектік) жетекші рөл атқарады.
Функционалды сауатты оқушы – бұл пәндік, пәнаралық, интегративтік білімдер, ептіліктер, дағдылар және функционалдық мәселелерді шешу әдістері жиынтығы ретінде алынатын іс процесінде пайдаланылатын, қабылдау, ақпаратты өзгерту, типтік оқулық және қоғаммен қарым-қатынас есептерін шығару процесімен байланысты қажетті және жоғары деңгейдегі білімге ие болатын тұлға.
Әлемдік білім кеңестігіне кіру жағдайында қазақстандық білім беру жүйесінің алдында келесі міндеттер тұрады:
− орта білім деңгейінде барлық оқу пәндерінің мазмұнына сәйкес компонетті жүйелі түрде енгізу арқылы функционалдық сауаттылықтың негізін қалау;
− функционалдық сауаттылықты қалыптастыру және жетілдіру аспектінде бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру деңгейлерінде білім мазмұнының бірізділігін қамтамасыз ету;
− орта, техникалық және кәсіптік, жоғары білім беру деңгейлерінде функционалдық сауаттылықты қалыптастырудың бірізділігін қамтамасыз ету.
Оқушылардың функционалдық сауаттылығы оқу-танымдық құзыреттілігінің базалық құрылымы болып табылады. Тұжырымдамалық тұрғы шеңберінде функционалдық сауаттылықтың қалыптасуы оқу пәнінің негізгі мазмұндық компоненті ретінде алынатын оқулық міндеті арқылы пайда болады.
Бүгінде оқушылардың, қызметтік сауаттылықтың жоғары деңгейіне жету мүмкіндіктері бола тұрып, сондай-ақ социумда органикалық түрде қызмет ету қабілеттілігін, өзін-өзі тану қабілеттілігін, өз тұлғасының дамуына, адамның бойындағы әлеуеттілігін іске асыруға қабілеттілігін де алады. Қазіргі қоғамға қызметтік түрдегі сауатты, анық нәтиже алу үшін жұмыс істей алатын, мәнді жетістіктер мен табыстарға қабілетті тұлғалар қажет.Қызметтік сауаттылық концепциясында негізделген танымал халықаралық бағалау зерттеулердің бірі – Экономикалық серіктестік пен дамуының ұйымының жетекшілігімен өткізілетін 15 жастағы оқушылардың білім жетістіктерін бағалауының Халықаралық бағдарламасы (Programme for International Student Assessment - PISA) болып табылады. 2009 жылы Қазақстан алғашқы рет PISA зерттеуіне қатысты.
 Қоғамның әлеуметтік – экономикалық өміріндегі түбірлі өзгерістерге байланысты білім жүйесінде және оның мазмұны мен оқыту технологиясында да өзгерістер болып жатыр. Қазіргі таңда білім жүйесі туралы түсінік кеңейді, мақсат міндет, мазмұны көзқарасы өзгерді, негізі мақсат жеке тұлғанының қалыптасуы, ойлай және сезе алатын адам дайындық,сонымен қатар алған білімін өмірде қолдана білу. Осы мақсатта оқушылардың функционалдық сауаттылығын дәстүрлі емес сабақтар арқылы көрсетуді негізге алып отырмын. 1. сауаттылығын арттыру Оқушылардың жағдайы. Оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру­жаңаша педагогикалық теория мен практиканың өзекті мәселесі болып тұр. Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту­оқу тәрбие процесіне ықпал етудегі өмір талабы. Оқушылардың функционалдық сауаттылығындамыту жолдары, олардың танымдық қабілеттері мен өзіндік іс­әрекеттерді дамыту педагог, психолог,әдіскерлер және мұғалімдердің міндеті.Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту­мәселені шешуде, оқу функционалдық сапасының артуына, технологияларды ұтымды қолдануға көмек беретін негіз болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет