Шағын хикаяттар, әңгімелер, ертегілер, мысалдар



Pdf көрінісі
бет27/134
Дата07.02.2022
өлшемі0,94 Mb.
#88182
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   134
Байланысты:
ZhambylKaldybaev .Tandamaly
№2 Нарык экон сипаттама 42 топ тапсырмалар, №2 Нарык экон сипаттама 42 топ тапсырмалар, user file 5829f37e87cf4
 
 
-54- 


Аралдың атасы мен әжесі жарыса үн қатты:

Қалайша


Терісі несі?

Сол, теріс.
Шындығында, Арал әріптерді теріс жазып жүретін. Атасы қатар отырғызбайтын болған соң, 
қарсы
қарап отырып алып, Жайық дөптеріне не жазса, соны көшіре беретін.
Әрине, мүнысы 
Аралдың өзіне әбден оңды тәрізді еді. Жайыққа да бір қарағанда дұрыс болып көрінетін.
Мұғалім
ағай істің мәнін бәріне жақсылап тұрып түсіндірді.
Аралдың атасы да, әжесі де:

Біз мұны бірдеңе үйреніп қалды десек, бәрін теріс жазып, бүлдіріп жүр екен ғой.

Онда бұған
енді қайтып қағаз, қарындаш бермеу керек, —
десіп дүрдиісіп қалды.
Арал да бүлдіргенін сезіп, үнсіз отыр. Аралдың көңілсіз күйін мүғалім ағай жақсы ұқты
.

Арал, сен оқуға асықпа. Ендігі жылы келесің. Сонда бойың да, ойың да өсіп, миың толық 
болады, —
деді.

Е
-
е, бәсе десеңші. Бір жылдың әрісі не, берісі не? —
деп қостады атасы.
Олар не десе, о десін, Арал алған бетінен қайтпақ емес Теріс болса да, Жайыққа
қарап 
жазғанын қоймайды қайтсең де. Қораш санап, қорлауын. Ешкімнен де кем емес бұл.

Мен қоймаймын, жаза беремін.

Жаза бер, Арал. Оң жазып үйрен. Бірақ Жайықтың оқуына кесіріңді тигізбе, —
деп мұғалім
ағай Аралдың ата
-
әжесімен қоштасты.
Есіктен шығып бара жатып:

Әбден
қапа болып, қырсығып қалған екен бұл балаларыңыз. Мейлі, Жайықтан үйрене берсін. 
Бірақ ол сабаққа дайындалғанда мазасын алып жүрмесін, —
деп қатты тапсырып кетті.
Енді атасы Аралға бұрынғыдай еркіндік бермейтін болды. Екеуінің ортасына отырып алып
қымс етсе болды:

Арал, тыныш. Мешайт етпе оқушы балаға, —
деп Аралды қақпайлайтынды шығарды.
Осындайда оның Жайықтың дәптерін шимайлап бүлдіргісі де келіп кетеді. Жайықты аяйды. 
Оның не жа

 
-55- 


зығы
бар? Қайта Аралға үйретіп
-
ақ жүргені. Атасы ғой оны «оқушы бала» деп оқшауландырып 
отыратын.
* * *
Жайық оқуға кеткен
кезде Арал өзін қоярға жер таппай, іші қатты пысатын. Немересінің 
мұнысын сезген атасы Аралды оны
-
мұныға көп жұмсайды. Қара кер бие мен кер төбел 
құлынды ауыл шетіндегі тоғаннан суарып келеді, жаңартып шөп салады. Биені сауған
сайын 
құлыңды салып, орнына апарып байлайды. Қара кер бие де, кер төбел құлын да Аралға әбден 
үйреніп адды. Аралды анадайдан көрісімен оқыранып, жем
-
шөп сұрайды.
Малды ауылда өскен емес пе, Арал —
аттың құлағында ойнайтын бала. Қара кер биеге 
мініп
-
түскенін місе тұтпай, бүгін ол мынандай бір ойға келді: «Мен сияқты балалар оқып жүр. 
Мен не бітірмекпін? Асау үйретемін. Сосын сауын биеге тиіспей, кер төбел жабағыны мініп 
жүремін. Мектепке барып балаларды бір таңдандыруым керек қайтсем де».
Сәске түс. Күздің шағырмақ күні қара кер биені суарып тұрған Аралдың торсықтай 
шекесін қыздырып, су бетіне сансыз сәуле
шашып көзін ұялтады. Күзгі дымқыл
жер бусанып, 
ауа бірте
-
бірте қызып келе жатыр. Жер де, ауа да жұмсақ бір әдемі шақ. Жығылса, оны осы 
жұмсақ жер көтереді.
Бие мен құлын суға қанып жағаға шықты. Арал енді биеден түсті де, жүгенін сыпырып
қоя берді. Сөйтіп, кер төбел құлыңды жүгеңдеді. Қара кер бие былайырақ барды да, оттап 
тұрды. Кер төбел құлын алғаш оқыранып тыпыршып еді, енесінің отқа бас қойғанын көріп, 
тынышталды. Жүген, әрине, құлынға
үлкен келді. Арал құлынның құйрығынан он шақты тал 
қыл
жұлып алып, жүгенді желкелігінен түйіп
қысқартты. Ол енді кер төбел құлынға
қарғып 
мінді. Жаздай салқын жерде
тұмсығын көк жоңышқаға тығып тұрған үлкендігі тайдай кер төбел 
жабағы атқып кетті. Арал алғаш жүрексініп тізгінді босатып алған, кер төбел енесіне қарай 
ойнақтай жөнелді. Қара кер бие оған көрсетілген жәбірге төзбей араша түскеңдей
болып 
оқыранып, жерден басын жұлып алды. Құлынының үстіндегі Аралды көрген соң: «Е
-
е, 
өзіміздің бала екен


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   134




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет