Шағын хикаяттар, әңгімелер, ертегілер, мысалдар



Pdf көрінісі
бет30/134
Дата07.02.2022
өлшемі0,94 Mb.
#88182
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   134
Байланысты:
ZhambylKaldybaev .Tandamaly

 
 
-59- 


Оған
мінбегеннен кейін қайдан білсін. «Бұл да бір салдырлаған үлкен арба ғой» деуші еді. Сөйтсе, 
пойыз дегенің арба емес екен, ішінде сартыл да жоқ, сұртыл да жоқ әдемі үй екен, әншейін. Біреуі 
жатып, біреуі түрегеліп отырған жұрт. Бәрі мейірімді, бәрі көңілді.
Аралдың көңілі өсіп келеді. Терезеден сыртқа көз тастады. Айнала дөңгеленіп артқа қарай 
зулап көшіп жатыр. Телеграф бағаналары бірінен соң бірі шошаң етіп шыға келіп, лезде жоқ болады. 
Үлкенді
-
кішілі бекеттер мен стансалар
да артта қалып жатыр. «Жайық мұның бірін де көрген жоқ 
қой. Оқымасам, оқымайын, пойызға міндім, енді қаланы көремін».
Аралдың ойын ағасы бұзды.

Қалай, Арал пойыз ұнай ма?

Ұнайды.

Несі ұнайды?

Бәрі. Ауылдағы балалардың бірі де көрген жоқ мұны. Ал мен мініп келемін.

Дұрыс
-
дұрыс. Олардың көбі қаланы да көрген жоқ. Сен қалалық боласың еңді.
Арал қалалық болады енді. Қандай қызық. Аралдың бойын қуаныш кернеп кетті. Қай
-
қайдағы 
әдемі ойлар оралады басына. Қала керемет болып елестейді. Қалада бұл көрмеген ғажаптардың бәрі 
бар сияқты.
Пойыз қалаға түңде келді. Ол қалаға жақындап, жұрт түсуге әзірлене бастағанда, Арал терезеге 
тағы үңілген. Самсаған қалың жарық көрінді. Қала оттары сансыз жұлдызша жымың
-
жымың етеді.
Арал қанша асыққанымен, бүл күні қаланың жарқыраған жарығынан басқа еш нәрсе көре 
алмады. Бұлар мінген такси іші де жарық, көше де, оны бойлай салынған
үлкенді
-
кішілі үйлердің 
терезелері де жарық. Айналаның бәрі жарық.
Қала
халқы түңде де жатпай, көшеде қаптап жүреді екен. Оны Арал такси қаланың 
ортасындағы алаңның тұсынан өте бергенде байқады. Алаң
үстіне айқыш
-
ұйқыш шамдар іліп 
қойыпты. Бәрі түрлі түсті жарық шашып, маңайды қуанышқа бөлеп тұр. «Қалада жарық өте көп 
екен. Соңдықтан қалалықтар түнді білмейді, ұйықтамай
-
ды екен. Балаларға айтып баратын 
қызықтың көкесі осы емес пе?!»


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   134




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет