Шағын хикаяттар, әңгімелер, ертегілер, мысалдар



Pdf көрінісі
бет29/134
Дата07.02.2022
өлшемі0,94 Mb.
#88182
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   134
Байланысты:
ZhambylKaldybaev .Tandamaly

 
 
-
57- 


тұра кеп қашты. Балалар ішек
-
сілесі қатып күліп жатыр. Арал кері бұрыла бергенде, кер төбел 
жабағы ойнақтап ауладан шығып бара жатыр еді.
Қоңырау
соғылып, балалар мектепке жамырай бет қойды. Бәрі Аралға күліп барады. Арал 
состиып жалғыз қалды. «Қап, оқуға алса ғой, бұл қорлықтың біреуі де жоқ. Сары бала, сен де, 
кер төбел құлын, сен де қолға бір түсерсіндер, бәлем!»
Арал үйге келсе, атасы мен әжесі әбігерленіп қалған екен.

Балам, тірімісің?

Осы пәлеге мінгенді қойшы. Бір күні жазым қылып жүрер, —
деді атасы мен әжесі.

Мінемін, —
деді Арал. —
Мінемін. Жаңа мені күлкі қылып тастап кетіп
қалғанын қарашы. 
Әбден жуасытамын. Сонда өйтпейтін болады. Қазір қайта барамын мұны мініп мектепке.
Аралдың атасы мен әжесі немерелерінің
бұл кайсарлығын енді шеккі көрмеді.

Мейлің, —
деді де қойды.
Бірақ Аралдың мектеп жаққа қайтып
барғысы келмеді. Ондағы балалардың барлығы 
Аралдан әлдеқайда жақсы, жүздері жарқын сияқты. Жабағыға жарбиып мініп жүргеннен 
шіреніп партада отыру әлдеқайда артық екенін сезді Арал.
Өстіп
жүргенде Арал мен Жайықтың Жамбылда оқып жүрген Жақсылық ағасы мен 
Бағдагүл жеңгесі келді. Арал мен Жайық олардың кішкентай балалары Азаматты алма
-
кезек 
қолдан
-
қолға тигізбей көтеріп, рақатқа батты. Екеуі бір
-
екі рет таласып та қалды. Осындай бір 
сәтте ағасы:

Қане, күресіңдер. Қай
жеңгендерің көтересіңдер


деді.
Арал мен Жайық алыса кетті. Әне
-
міне дегенше болмады, Арал Жайықты атып ұрды.

Аралға жан шақ келмейді, тегі. Екі Жайық жабылса, бой бермейді бұл әуелім. Сөйте тұра 
мұны оқуға алмай қойғанын қайтерсің? —
деді атасы.

Иә, шынында...
Ағасы Аралға қарады. Арал жерге қарады.

Мейлі, мектепке алмаса да, мен Жайықтан оқып жүрмін.
-58- 



Қалайша

Жығылып қалғанына әжептеуір қапа болып тұрған Жайықты Аралдың мына сөзі бір көтеріп 
тастады. Тіптен Арал үшін қуана жауап берді:

Аға, бұл мен не жазсам, дәптеріне соны жазады. Оқи да алады.

Қызық
екен! Қане, екеуің де қағаз, қарындаш алыңдаршы. Көрейін, жазғаңдарыңды.
Арал 
мен Жайық қағаз, қарыңдаштарын алып, дөңгелек үстелге өзді
-
өзі орындарына жайғасты.

Ал енді «А», «Ә», «Б», «В» деп жазыңдар.
Арал мен Жайық дәптерлеріне төне отырып
ағаларының айтқандарын жазып шықты. Жақсылық алдымен Жайықтың жазғанын қолына 
алды. Жайық жап
-
жақсы орындапты.

Жарайсың, Жайық!
Кезек Аралдың жазғанын тексеруге келді. Арал да біршама тәуір жазыпты. Бірақ «В»
-
ны 
теріс жазып қойыпты.
Жарайсың, Арал! Бірақ «В»
-
ны теріс жазыпсың.
-
Бұл сөйтеді. Әнеукүні біздің ағай да айтқан.
Мұның болыңқырамайды екен, Арал. 
Бүйткенше, бізбен бірге қалаға жүр.
Ертелі
-
кеш
Азаматпен ойнап отырасың. Қолым босағаңда 
өзім саған оқу үйретемін. Жайықтан кем білмейтін боласың. Барасың ба?
-
Барамын.Оқуға алынбай қалғанына Жайықтан сәл төмендеңкіреп жүрген Арал осылайша 
әп
-
сәтте өсіп шыға келді.
* * *
Ертеңіне Аралддың ағасы мен жеңгесі
жолға дайыңдалды. Олар Аралды шынымен ала кетпек 
болды. Арал ет қызуымен «барамын» деуін дегенмен, кейін жүрексініп қалған. Қаланы
көру де 
оған бір керемет қызық сияқты. Бірақ Аралдың келісімін ешкім еңді қайтып сұрап жатпады. 
Ағасы мен жеңгесі Аралға жеңілдеу сөмкені ұстатып, автобуспен Шуға, одан пойызбен 
Жамбылға тартып отырды.
Пойыз дегенің бір рақат болады екен ғой. Сиырлы ауыл пойыз жолға жақыңдау Бейсебайға 
көшіп келгенде, Арал пойыздың сарт
-
сүрт етіп әрлі
-
бері өтіп жататынын көретін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   134




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет