Шағын хикаяттар, әңгімелер, ертегілер, мысалдар



Pdf көрінісі
бет34/134
Дата07.02.2022
өлшемі0,94 Mb.
#88182
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   134
Байланысты:
ZhambylKaldybaev .Tandamaly

ҚОРҚАҚ
 
КІМ?
 
 
 
Қыстың
аяғын ала бере, Бауыржандар жаңа үйге қоныс аударған.
Жаңаның аты жаңа, қайда 
қарама, үйдің іші
-
сырты да, есік
-
терезесі де жарқырап тұр. Бәрі көз тартады.
Барлық жерден
көңілділік
еседі. Үлкен де, кіші де қуанышты. Әсіресе, балалар жағының қуанышы ерекше.
 
 
-66- 


Жаңа үйдің жаны толған қызық
оларға. Өздері үлкендер құсап бірін
-
бірі көп тосырқап жатқан 
жоқ, демнің арасында танысып, бірігіп ойнап кетті.
Әдетте

жаңа үйдің кем
-
кетігі болмай тұрмайды. Айталық, пәтерге электр қуаты, газ бірден 
берілмейді. Үй айналасын ретке келтіріп,
көріктендіретін біраз жұмыс болады.
Бауыржандар 
кірген
жаңа үйдің жағдайы да дәл осындай еді. Әне
-
міне дегенше бәрі де біртін
-
біртін ретке 
келе бастады. Алдымен барлық пәтерге өзді
-
өзі иесі көшіп кірді де, кешке қарай самсаған 
терезелерден жарық
саулап, тәтті тамақтың иісі мұрын жарды. Бүл жаңа үйге электр қуаты да, 
газ да берілді деген сөз. Бітті, жаңа қоныс иелерінің көңілі жай тапты. Енді өмір сүруге болады.
Алайда жаңа үйдің ауласы құрылыс материалдарының қалдықтарынан тазартылмай, тротуар, 
кірме жол асфальтталынбай біраз жатты. Сөйтсе, оның жөні бар екен. Құрылысшылар көктем 
шығуын күтіп жүріпті. Қар кетіп, жер дегдісімен, жаңа үй маңын мотор үні
басты. 
Құрылысшылар экскаватор, каток, автомобиль айдап келіп, жұмысқа жапатармағай кірісіп кеп 
кетті. Құрылыс қалдықтары экскаватормен сыпырылып, машинаға тиелініп әкетіліп жатты. Үй 
маңындағы тазартылып, тегістелген жерге көшеттер отырғызылып, жол атаулыға, алаңқайға 
асфальт төселе бастады.
Жаңа үй тұрғындарының балалар жағы жұмыс тез бітсе, ойнайтын жер кеңісе екен деп 
асыққан еді, оған болмады. Басқа жұмыс шапшаң
бітіп
-
ақ еді, асфальт төсеу созылыңқырап 
кетті. Аптаның соңғы жұмыс күні аяқталған
кезде ауланың сол жақ шетіндегі осы
үйге келіп
-
кеткен машиналар тоқтауға
арналған алаңқай жартылай асфальтталынып қалып қойды. Содан 
барып олар қалған жерді бітіріп тастамақ болып, сенбі күні де жұмысқа
келген, бірақ асфальт 
жеткізетін машина бір
-
ақ рет қатынады
да, түске жуық тарап кетті. Жартылай асфальтталынған
алаңқайдың арғы шетінде моторлы каток қаңтарулы қалды.
Құрылысшылар
кетісімен, бұл маң жаңа үйдің бір топ баласына еркін тиді. Алдымен олар әлі 
жөнді қата қоймаған
асфальтқа келіп тиісті, өкшелерін қадап, іздерін түсіріп байқады. Аяқ 
киіміңді аямасаң болғаны, асфальт беті
 
-67- 


әжептәуір айғыздалады екен. Балалар енді ал кеп тепкілесін. Демнің арасында асфальт бетін 
майда шұрқ
-
шұрқ тесік басып кетті. Балалар сонда да қояр емес, есіріп алған, шамалары 
келгенше жер, жер емес
-
ау, асфальт тепкілеп жатыр.
Мына тірлік Бауыржанға бір ыңғайсыз болып көрінді. Біреудің еңбегін еш ету ғой бұл!

Балалар, қойыңдар! Мұнымыз ұят! Әсіресе құрылысшылардан ұят. Мынаны көргеңде олар не 
дейді? «Мына үйдің
балалары тәртіпсіз екен» дейді. Тоқтатыңдар! Келіңдер, қайта мына ізді 
қайтадан тепкілеп көмейік.

Мынау не деп тұр, ей? Ұятшылын қарай көріңдер мұның! Ұялса, өзі ұяла берсін. Ал біз 
асфальтқа өзді
-
өз атымызды жазып шығамыз, ел оқып жүреді.
Төртінші подъезде тұратын, Бауыржанмен бірге екінші сыныпта оқитын Талғат деген толық, 
бадырақ көз қара бала осылай деді де, асфалыты екілене тепкілей бастады. Балалар Талғаттың 
айтқанына еріп, Бауыржанды күлкіге айналдырды:

Ұялатын бала —
бала емес, ол —
қыз. Бар, қуыршақ ойна

Бұл ұялшақ емес, қорқақ. 
Құрылысшылардан қорқып
тұр.
Бауыржанға еңді бұл ойынның қызығы азайды, шеттей берген. 
Балалар жемге жабылған балапандар құсап, жерден бас алар емес.
Осы сәт бір нәрсе аяқ астынан 
құлақ тұндыра дар
-
р
-
р ете
қалды. Қазір ғана батырсынып тұрған балалар тым
-
тырақайы шығып 
қашып бара жатты. Ал
Бауыржан бір орнында состиып тұрып қалды. Тіптен мырс етіп күліп 
жіберді.

Ой, қорқақтар!
Барлық бала бір
-
бірінен ұялып, көздерімен жер шұқып түр.

Ой
-
ба
-
ай, өл
-
ді
-
ім!..
Енді бәрі дауыс шыққан жаққа жалт
-
жалт қараған. Міне, қызық! Каток от алып кетіпті, бері 
жылжып келеді. Үстінде еңіреп жылап Талғат отыр. Басқаның бәрі ұмыт болды, балалардың бәрі 
катокқа қарай лап қойды.
Каток бір қалыпты дүрілдеген күйі ақырын жылжып келіп, асфальтқа 
жаңа ғана бәрі жабыла түсірген ізді тап

-68- 


тап өте шықты. Енді тіке үйге қарап тартты. Жолда жаңадан отырғызылған гүл, ағаш көшеттері 
сап түзеп тұр. Бұл бетімен жылжи берсе, мына каток алдымен соларды жаншып өтеді, сонан соң 
барып үйді құлатады!
Талғаттың есі
шығып кеткен, екі көзі жасқа толып отыр, еш әрекетсіз. Бауыржан жүгіріп келіп, 
катоктың артына жармасты да, үстіне қарғып шықты. Талғатты баса
-
көктеп барып жанына отыра 
кетіп, рульге жармасты. Талай шыр айналдырған ойыншық машинанікіндей емес, катоктың рулі 
ауыр екен. Сонда да тас болып қатып, оңға қарай бұра берді. Сөйтсе, каток қалай шабан жүрсе, 
солай қиын бұрылады екен. Әне
-
міне дегенше, каток көшеттерді жанап өтіп, қайтадан алаңқайға 
бет түзеді.
Балалар қапталдап секіріп, шулап жүр.

Бауыржан, пәле екенсің ғой!

Нағыз механизатор де!

Бұл экскаватор айдауды да білер, тегі!

Талғат қорқақтың өзі екен!
Бауыржан бұл сөздерді елең қылған жоқ, катокты тоқтатпақ болып, әр рычагты бір тартып 
барады. Талғат жылдамдығын тоқтатқан.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   134




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет