«Қазақстан-Шымкент» Теледидарының және «Оңтүстік Қазақстан» газетінің тілшісі
Пресс-секретарь
2.2. Шардара су қоймасындағы балық шаруашылығы және оның даму мәселелері Шардара су қоймасы Сырдария өзенінің жағалауында Шардара су торабының плотинасында орналасқан. Бұл су торабының құрамында су электр станциясы бар. Оны толтыру 1965 жылы басталды. Ауданы 900 км2, көлемі 5,7 км3, ұзындығы 70 км, ең үлкен ені 25 км, орташа тереңдігі 6,5 м. Бұл су қоймасы жаңа жерлерді суару және Сырдария өзенінің бойында болатын жиі су басуды жою мақсатында салынған.
2002 жылы Шардара су қоймасында Қазақстан республикасының ең ірі өзендерінің бірі Сырдария өзенде балық аулау 129 тоннаны құрады. Бұл көрсеткіш 1992 жылмен салыстырғанда 16 есе аз. Бұл туралы мәліметті Қазақстан республикасы балық шаруашылығы ғылыми - зерттеу орталығы ғалымдары орындаған арнайы есептен көруге болады. Бұл есепте Шардара су қоймасы салынған уақыттан бастап қазіргі кезеңге дейінгі балық шаруашылығының дамуына талдау жасалынған.
Шардара су қоймасы республикадағы балыққа ең бай су қойма болып табылады. Оның тек облыста ғана емес, сонымен қатар республиканың балық шаруашылығында алатын орны ерекше. Шардара су қоймасы Оңтүстік Қазақстан облысының территориясында жатқандықтан, аймақта ауыл шаруашылығы интенсивті түрде жүргізілетіндіктен оны балық шаруашылығында пайдалану мен ирригациялық - энергетикалық пайлану арасындағы шиеленіс өте үлкен. Бір жағынан биоөнімдеудің жоғары қарқында болуы, екінші жағынан бұл су қоймасын ауыл шаруашылығында жерді суару үшін және энергетика ресурсы ретінде интенсивті пайдалану су қоймасының экожүйесін өте қиын жағдайда қалдыруда. Бұл су қоймасында үнемі балық аулау 1968 жылдан басталған және 1974 жылы оны өндіру көлемі 400 ден 1652 тоннаға дейін өсті. 80 - жылдардан бастап, балық аулау көлемі күрт төмендей бастады. Су қоймасының пайда болуынан бастап мұнда мекен еткен балықтың 33 түрінен 2001 жылы тек 19 түрі ғана қалды. Шардара су қоймасында балық аулау көрсеткіші төмендегідей, егер 1998 жылы- 868 тонна болса, 2002 жылы – 129 тонна болды. /17/
Бұл көрсеткіштің мұндай көп көлемде болуын мамандар арнайы балық қорғайтын құралдардың болмауынан деп есептейды. Шардара су қоймасында қазіргі таңда тек бір ғана балық қорғайтын құрал Қызылқұм шлюз-реттегіш құралы болып табылады., оның өзінің қазіргі кезде тозығы жетіп, күрделі жөндеуді талап етеді. Бұл құралды пайдалану 1985 жылы басталды., ол құрал ең алғашқыда дұрыс орнатылмаған болатын. Соған қарай бұл шлюз өзінің қызметін тек 10 пайызға ғана орындайды. Ғалымдардың айтуы бо йынша балықты жинау үшін тереңде жүру керек, өйткені балық негізінен судың ортаңғы және жоғарғы қабаттарында мекен етеді. Арнасай су қоймасында ешқандай қорғаныш құралдары жоқ. Ең аз дегенде жылына ай бойы шлюз арқылы секундына барлық ихтиофаунамен бірге 800 - 1600 кубометр су өтеді. 1992 жыл мен 2000 жыл аралығында 2 ай бойында былықтың құнды түрлерінің 18-64 млрд. данасы өтеді. Оның барлығы Өзбекстан республикасы территориясына өтіп кетеді. Екінші бір мәселе көктемгі ауыл шаруаышылығы жерлерін суару мен балықтардың уылдырық шашу уақыты бірге келеді. Су деңгейінің төмендеуі уылдырықтардың өлуіне әкеліп соғады. Оңтүстік Қазақстан облысында 43 көл бар, олардың жалпы ауданы – 98,5 мың га, балық аулайтын 20 участок бар. Мұндай өзендер мен каналдардың жалпы ұзындығы 486 км. тағы да бір келеңсіз жағдай балықтардың пестицидтермен улануы.
70 - жылдардың аяғы мен мен 80 - жылдардың басында Шардара су қоймасында экологиялық катастрофа болды. Бұл жылдары арасында балықтар көп қырылды. Тонналап өлген балықтар болды. Бұған басты себеп ғалымдардың зерттеулері бойынша балықтардың пестицидтермен улануы болды. Пестицидтердің көп жиналуына байланысты балықтардың иммунитеттері төмендеген. Балық шаруашылығы ғылыми - зерттеу институттарының мәліметтеріне қарасақ, 1980 - 1989 жылдар арасында әр түрлі балық түрлерінің 864,5 тоннасы қырылған. Ғалымдар Шардара су қоймасында пестицидтің 19 түрін тапқан. Жыл сайын 1 - сәуір мен 20 - мамыр арасында Шардара су қоймасында балық аулауға шек қойылған.
2.3. Шардара су қоймасында балық аулау шаруашылығының даму келешегі Шардара су қоймасында балық аулау шаруашылығының дамуының облыс экономикасында алатын орны ерекше. Жергілікті халықтың айтуы бойынша «Шардара су қоймасының балығынан тәтті және майлы балық жоқ». Жыл сайын 200 тоннаға дейін балық өңделіп шығарылады. Қазіргі таңда Шардара су қоймасынан ауланған балықтарды «Шардара балық» ЖШС өңдейді. Олардың өндіретін өнімдері негізінен филе және кептірілген балық. Олардың сапасы өте жоғары, сондықтан ол тек республика көлемінде ғана емес, шет елдерде де үлкен сұранысқа ие. Бұл балық өнімдері Ресей федерациясы, Германия, Түркияға экспортталады. Мұндағы қазіргі таңдағы негізгі мәселе – браконерлердің балық аулауы.
Егер 90 - жылдардың ортасында бір күнде 4 - 5 тоннаға дейін балық ауланса, қазіргі кезде одан да көп балық ауланады. Мұндағы зауыттардың қуатын сақтау үшін басқа жақтан балық сатып алады. Негізінен балықты Арал және Балхаштан әкеледі. Шардара су қоймасында балықтардың санын және түрін көбейту үшін арнайы қорық (питомник) ұйымдастырылып, балықтар көбейтілуде. /18/
Қазірде Шардара су қоймасын қорғау мақсатында мемлекет 2005 жылы тендер жариялады. Ол тендер бойынша Сырдарияның оңтүстік бөлігі бірнеше жеке кәсіпкерлердің қолына тиді. Ол тендердің құрылуының негізгі мақсаты балықтарды броканиерлерден қорғау және шет елдерге балықты экспорттау. Сол жеке кәсіпкерліктердің бірі «Серманизов и К» ЖШС болып табылады. Оның басшысы Сермаңызов Бақытжан Қыпшақбайұлы. Ол өзінің тендерін 2005 жылдың 4 – ші желтоқсанында ұтып алды. Ол бойынша Сермаңызов Бақытжан Қыпшақбайұлы мемлекетке жылына 5 млрд шамасында қаржы төйлеумен қатар нологта төйлеуде. Қазірде ауланылып жатқан балықтар Қазақстанның бірнеше қалаларына және алыс – жақын шет елдерге уақытылы жеткізілуде.
Егер жұмыс осы қарқынмен жүретін болса, ондағы оңтүстіктегі ең балғы көп су қоймасы негізінде бірнеше балық өңдеу зауытары жұмыс істеп, оның өнімдерін шет елге экспорттауға болады. Жыл сайын Шардара су қоймасынан ауыл шаруашылығы жерлерін суаруға су алынған кезде диаметрі 1 метрден асатын үлкен трубалы насостар тек суды ғана емес, сонымен қатар балықтарды да сорып әкетеді. Ауыл шаруашылығы жерлері тек сумен ғана емес, балықпен де суғарылып жатады. Мұндай жұмыстарды болдырмас үшін су тартатын насостарға арнайы сүзгіштер қондыру қажет.