Тақырып: Қабылдау бөлімі.
1.Пациенттердін құжаттарын толтыру
2.Пациенттін медициналық аурухана картасын Ф № 003/у титулдік бетін
толтыру
3.Дене салмағын анықтау .
4..Бойды өлшеу .
5.Пациентті педикулезге тексеру.
4.Педикулез шыққан кездегі тазалық.
5.Педикулез шыққан кездегі тазалық
6.Пациентке санитарлық өңдеу
7.Пациентке санитарлық тазалық жүргізу.
8.Гигиеналық ванна.
9.Гигиеналық су-сепкіш.
10.Пациентке жартылай тазалық жүргізу /сүрту/
11.Пациентті бөлімге тасымалдау.
12.Кресло-каталкамен тасымалдау.
«Пациенттердін құжаттарын толтыру»
Құрал- жабдықтар: сырқаттарды тіркеу және ауруханаға жатудан бас тарту журналы (ф № 001/у),ауру тарихы (ф № 003/у), термометр, шпатель, антропометрия өткізуге, пациентке санитарлық өңдеуді өткізуге қажетті құралдар.
Жүргізу іс-әрекеті:
1.Ауруханаға жатқызуға қажетті жеке құжаттарды тексеріңіз.
2. Пациенті дәрігер тексеріп,емдеу мекемесіне жатады деген шешім
қабылдағаннан кейін «пациенттерді тіркеу және ауруханаға жатудан бас
тарту» журналына тіркеңіз
3.Журналға толтырыңыз:
1) түскен уақыты
2) пациенттін аты-жөні
3) толық жасы
4) мекен жайы,телефоны
5) жұмыс орны
6) жіберген дәрігерді
7) жіберген мекеменің диагнозы
8) қабылдау бөлімінің диагнозы
9) пациентті жатқызатын бөлімше
4. «Аурухананың медициналық картасы» алдыңғы бетін толтырыңыз
5. «Ауруханадан шығарылғандағы статистикалық картасы» паспорттық
бөлімін толтырыңыз (ф № 066/у)
6.Пациентті жұқпалы ауруға анықтау іс-шарасын өткізу: қызуын өлшеу,
шпательмен жұтқыншақты тексеру,тері қышымасына,педикулезге тексеру.
7.Антропометрия жүргізіп,температура парағына жазу.
8. «Бит» шыққан кезде дезинсекция өткізу.
9.Пациентке санитарлық тазалық жүргізу (толық немесе жартылай)
10.Пациентті емдеу бөліміне тасымалдау.
Ескерту: Жұқпалы ауруды анықтаған кезде «Жұқпалы ауру туралы жедел хабарландыру» ф № 058/у толтырыңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |