Қайруллаев Нұртілек ҚТӘ-33 тобы “Ұстаз бен шәкірт қарым-қатынас мәдениеті” туралы қазақ, орыс тіліндегі әлем ойшылдарының, педагог ғалымдарының, белгілі атақты тұлғалар айтқан «афоризмдер». 1.Егер ертең шәкірттеріңе үлгілі ұстаз боламын десеңдер, еңбекшіл болыңдар!
Әзілхан Нұршайықов
2.Ұстаз деген ұлағатты атауды естігенде, күні бүгінге дейін өзімді шәкірттей сезінемін.
Серке Қожамқұлов
3.…Түсінгендіктің шын белгісі-«иә» деген жауап емес, шәкірттің жүзіндегі қуаныш болып табылады.
Абу-ль-Фарадж ал-Исфахани 4.Ғылымды күшті меңгерген және оны сүйетін мұғалім ғана өз шәкірттерінің бәріне жемісті ықпал жасайтын болады.
Дмитрий Менделеев 5.Өнерде шəкірттік сезімін ұмытқан адам – ұстаз да бола алмайды.
Әбіш Кекілбаев
6.Адамның адамшылдығы жақсы ұстаздан болады.
Абай Құнанбайұлы
7.Мұғалімнің бүкіл мақтанышы - шәкірттерінде, өзі шашқан ұрықтарының өсіп-өнуінде. Дмитрий Менделеев 8.Ұстаздық ету – уақыт ұту емес, өзгенің бақытын аялау, өзіңнің уақытыңды аямау. Бірақ бұған өкінбеу керек. Жер үстінде адам тәрбиелеуден асқан абыройлы іс, ардақты жұмыс жоқ. Ұстаздық – ұлы нәрсе.
Зейнолла Қабдолов
9.Мұғалім өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, оқуды, ізденуді тоқтатысымен оның мұғалімдігі де жойылады.
Константин Ушинский
10.Мұғалімге сенім білдірмесе, оқу игі жеміс бере алмайды.
Дмитрий Менделеев
11.Ұстаз ізденгіш болуы, ойлай білуі, қандай істі болсын, бар ынтасымен атқара білуі керек.
Владимир Маяковский
12.Мұғалімнің ұдайы жақсы оқитын балаларға ғана сүйсініп, ылғи соларды ғана оқытуы дұрыс емес.
Мұхтар Әуезов
13Мұғалімнің ең жауапты міндеті – ол адамды қалыптастыру.
Дмитрий Менделеев
14.Мұғалім, егер ол адал болса, әрқашан зейінді шәкірт те болуға тиіс.
Максим Горький