Сабақ: қазақ әдебиеті
|
Сынып: 10 «а» - сынып
|
Уақыты: 10.00-10.45
|
Шаяхметова А.Е.
|
Сабақтың тақырыбы: Ақан сері Қорамсаұлы өмірі мен шығармашылығын қайталау
|
Сабақтың мақсаты : Ақан сері Қорамсаұлы туралы ойларын тереңдету, сын тұрғысынан ойлай білуге үйрету, ізденгіш қасиетін арттыру, сөздік қорларын молайту,Ақан сері шығармашылығынан алған білімдерін толықтырып, пысықтау
оқушылардың Ақан туралы білімдерін ұштастыру,жинақтау, Ақанды сүйе білуге, оның өлеңдері арқылы табиғатты, елді, жерді қадірлеуге, сабақ барысында бір-бірін пікірін тыңдап, құрметтеуге тәрбиелеу.
|
Ресурстар: Оқушылар оқулығы,
Оқушы дәптерлері. Ресурстар мәліметтер
Интербелсенді тақта
Плакат, маркерлер, стикерлер.
|
Сабақтың әдісі: Ой ашар.
Психологиялық тренинг
Ойын ойнату
Топқа бөлу ойын шарттарындағы атаулар арқылы
Диалог арқылы оқыту /сұрақ-жауап оқушы мен мұғалім арасындағы және оқушы мен оқушы арасындағы диалог/
Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету
/топпен жұмыс, деңгейлік тапсырмалар/
Оқытуда ақпараттық – коммуникациялық технологияларды пайдалану
Слайд көрсету, «Балқадиша» әнін тыңдату
Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау
Оқушылар топ арасында бірін-бірі бағалайды және мұғалімнің бағасы
|
Уақыты:
|
Жұмыс түрі:
|
Мұғалім әрекеті:
|
Оқушы әрекеті:
|
10.00-10.05
|
Сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру.
Топқа суреттер арқылы бөлемін /4 топ/
Психологиялық тренинг /әр топ біріне - бірі тілек айтады/
|
Сабақты бастамас бұрын сыныппен жылы амандасамын ынталандыру жұмысын жүргізуді ұйымдастырамын, топқа оқушыларды бөлемін.
|
Оқушылар мұғалімнің дайындап келген тренингі арқылы сабаққа қызығады, ойын ойнау арқылы ынталанады, топқа суреттер қиындыларын табу арқылы бөлінеді, отырады.
|
10.05-10.10
|
Үй жұмысын тексеру
Тест арқылы
|
Мұғалім оқушыларға өткен сабақ бойынша тест береді
|
Оқушылар тестті орындайды.
|
10.10-10.12
|
Ой шақыру.
топтастыру
|
Ақан туралы не біліп келдік? деген сұрақ төңірегінде балаларға сұрақ қоямын
|
Оқушылар әрқайсысы өздерінің ойын ортаға салып айтады. Бірін-бірі толықтырады.
|
10.12-10.20
|
Топтық жұмыс.
Интербелсенді тақтадан слайд көрсетіп қоямын.
|
4 топқа ресурстар таратып беремін. 1.Ақанның өмірі мен балалық шағы
2.Ақанның серілігі. Ақанның Құлагері
3.Ақанның шығармалары.
4.Ақан – керемет атбегі және құсбегі.
|
Оқушылар берілген тапсырмаларды алады сол тапсырма көлемінде жұмыстар орындайды, плакатқа өз тапсырмаларын түсіреді. Ортаға шығып жұмыстарын қорғайды.
|
10.20-10.25
|
Топпен жұмыс. Диалогтік оқыту
|
Ал, балалар енді әр топ бір – біріңізге сұрақтар дайындай қойыңдар. Әр топтан 1 сұрақ қойылу керек.
|
Оқушылар оқулықтың көмегімен ережеге сүйеніп, қойылған сұрақ төңірегінде жұмыстар атқарады. Бірімен – бірі пікір алмасады. Толықтырып отырады бірін-бірі.
|
10.25-10.30
|
«Үш жақты күнделік» әдісі. Ақан өлеңдерінің шығу тарихы
|
Мен балаларға алдарына кестені таратып беремін.
|
Оқушылар берілген тапсырма бойынша тапсырманы орындайды.
|
10.30-10.35
|
Шығармашылық жұмыс
|
Балалар, Ақан өмірімен байланысты тағы қандай шығармалар білеміз? Өткен сыныптарда өткен С.Жүнісовтің «Ақырғы бәйге» 5-сынып, І.Жансүгіров «Құлагер »поэмасы н/е Құлагер фильмін салыстырамыз.
|
Оқушылар өткенге оралады, естеріне Ақан өміріне байланысты естерінде қалған шығармаларды «Эйлер» шеңберіне сызады.
|
10.35-10.40
|
Семантикалық карта
|
Оқушыларға кесте таратып беремін
|
Оқушылар сол кестедегі үзінділерді оқу арқылы қандай өлеңнен алынған үзінді екенін белгілеп береді
|
10.40-10.42
|
Интервью әдісі:
|
Балаларға ғалымдардың пікірлері жазылған кесте беремін
|
Оқушылар берілген пікірлер төңірегінде ойланады, өз пікірлерін жазады, сынып алдына шығып жауап береді
|
10.42-10.43
|
Рефлексия
|
Плакатты тақтаға іліп қоямын
|
Оқушылар стикерлерге бүгінгі саабаққа қорытынды жазып іледі
|
10.43-10.44
|
Үйге тапсырма
|
«Халқының ардақтысы – Ақан сері» ойтолғау жазып келу
|
Оқушылар күнделіктеріне тапсырманы жазып алады.
|
10.44-10.45
|
Бағалау
|
Келген қонақтарға бағалау парақшаларын таратып беремін, бағалайды.
|
Топ ішіндегі басшылары әр топты бағалайды
|