Ғалым Сыздықова.Р бұл еңбектің ерекшелігін дәл байқап, қолданбалы грамматика деп бағалады (5,36). Нұсқау «Тіл құрал» оқулығындағы грамматикалық ұғымдарға және «Әліпбидегі» тексттерге сүйенген
Ғалым Сыздықова.Р бұл еңбектің ерекшелігін дәл байқап, қолданбалы грамматика деп бағалады (5,36). Нұсқау «Тіл құрал» оқулығындағы грамматикалық ұғымдарға және «Әліпбидегі» тексттерге сүйенген.
Ғалым Сыздықова.Р бұл еңбектің ерекшелігін дәл байқап, қолданбалы грамматика деп бағалады (5,36). Нұсқау «Тіл құрал» оқулығындағы грамматикалық ұғымдарға және «Әліпбидегі» тексттерге сүйенген.
Ахмет Байтұрсынов әдістемелік еңбектерінің біраз бөлігі мақалалар тобынан құралады. Әдіскер еңбектерінің биографиялық көрсеткішінде «Ана тілінің әдісі» мақаласы мен «Оқу құралы» еңбегі де аталған (2,443-445). Бұл оқу құралдың өзге оқу құралдардан айырмашылығы онда «Усул сотле жолымен тәртіп етілген қазақша Әліпбиге баяншы» деп жазылған. Бұның бірінші бөлімінде «Балалар бұ жол басы даналыққа» деп келетін алты тармақты «Тарту» өлеңі берілген. Бұл шумақ алғаш рет Ахмет Байтұрсыновтың 1912 жылы Орынбордан шыққан тұңғыш әліппесінде жазылған болатын. Көлемі 15 беттік әдістемелік еңбек. 1921 жылы Ташкент қаласынан шығарылған.
Ал «Ана тілінің әдісі» мақаласы 1927 жылы «Жаңа мектеп» журналының 9-шы нөмірінің №1,23-31беттерінде жарияланған. Бұған қоса ағартушының «Баулу мектеп» (Трудовая школа) атты проблемалы мақаласы журнал бетінде 1925 жылы (1-тамыз) басылған болатын. Өкініштісі сол, жоғарыдағы айтылған екі мақала да Ахмет Байтұрсыновтың қазақ тілі мен оқу ағартуға қатысты еңбектері топтастырылған «Тіл тағылымы» деген бағалы жинаққа енбеген. Бұл құнды екі әдістеме «Тіл тағылымы» секілді екі оқу- ағарту, әдістемелік еңбектерінің топтамасынан көрінуі керек еді. Аталған жазбалардың 1991 жылы «Жалын» баспасынан жарық көрген «Ақ жол» жинағына да ілінбегенін білуші едік. Әрине, мұнда өлеңдер мен тәржімелер , көсем сөздері мен зерттеуінің басы қосылған еді.
Ахмет Байтұрсынов 1912 жылы тұңғыш әліппесін «Оқу құралы» Орынборда шығарды. Оның жаңа әліппесі қазақ халқының мәдени тарихындағы үлкен жаңалық, зор еңбек болды. Ахмет Байтұрсыновтың бұл кітабы тұңғыш рет оқу- ағарту саласында ілгері басуға зор серпіліс туғызды. Оның 1912 жылдан бастап жазған еңбегі, ұсынған жаңа жазуы іч жүзінде қолданыла бастады.
Ахмет Байтұрсынов 1912 жылы тұңғыш әліппесін «Оқу құралы» Орынборда шығарды. Оның жаңа әліппесі қазақ халқының мәдени тарихындағы үлкен жаңалық, зор еңбек болды. Ахмет Байтұрсыновтың бұл кітабы тұңғыш рет оқу- ағарту саласында ілгері басуға зор серпіліс туғызды. Оның 1912 жылдан бастап жазған еңбегі, ұсынған жаңа жазуы іч жүзінде қолданыла бастады.
1912 жылы әдіскер ғалым мектеп балаларын қазақша оқыту үшін арнайы тағы да кітап жазды. Ол әдістемелік еңбегі «Тіл құралы» деп аталады. Бұл оқулық қазақ тілін пән ретінде үйрететін оқулық болды. Әдіскердің ойынша тілдің ғұмыры ұзақ. Сол ұзақ ғұмырында тілдермен бірге олардың жазулар өзгеріп отыратындығын айтады. Оныі «Тіл құралы» тұңғыш оқулық болуымен бірге, қазақ тілінің фонетикалық, грамматикалық құрылымын талдап жүйелеп танытып берген қазақ тіліндегі тұңғыш ғылыми жұмыстың басы болды. Ғалым Р. Сыздықованың айтуы бойынша «Бұл оқулықтар – қазақ тіл білімі» атты ғылым саласының ана тіліндегі бастамасы және дұрыс жазылған жақсы бастамасы. Өйткені, қазақ тілінің дыбыстық құралының классификациясы да сөз топтарын ажыратып сөз тұлғаларын көрсетуде де, сөздердің септелу, тәуелдену, жіктелу тәртібін танытуда да, сөйлем түрлерін ажыратуда да күні бүгінге дейін Ахмет Байтұрсыновтың аталған оқулықтарының негізі сақталып келед. Тілдік әр категорияның классификациясынан бастап бүкіл терминдеріне дейін , қазіргі мектеп грамматикаларынан Ахмет Байтұрсыновтың әдістемелік оқулықтарының ізін табуға болады. 1914 жылы Ахмет Байтұрсыновтың «Тіл құрал» атты әдістемелік кітабы Орынбор қаласынан шықты. Бұл кітаптың «Сөз басында» ғалым былай дейді. «Тіл - адамның адамдық белгісінің зоры, жұмсайтын қаруының бірі. Осы дүниедегі адамдар тілінен айырылып, сөйлеуден қалса, қандай қиын күйге түсер еді. Осы күнге адамдар жазудан айырылып, жаза алмайтын күйге ұшыраса , ондағы күйі де тілінен айыоылғаннан жеңіл болмас еді . Біздің заманымыз жазу заманы...
... Әр жұрт баласын әуелі өз тілінде оқытып, өз тілінде жазу- сызу үйретіп, өз тілінің жүйесін білдіріп, жолын танытып, балалар әбден дағдыланғаннан кейін басқаша оқыта бастайды. Біз де тіліміздің бұзылмай сақталуын тілесек, өзгелерше, әуелі өз тілімізбен оқытып , сонан соң басқаша оқытылуы тиіс.» («Тіл құрал», Орынбор 1914 ж. 1- ші жылдық, 1-бет)