Тақырыбы: altyn bank туралы


Пайдаланушы туралы ақпарат



бет3/9
Дата02.01.2022
өлшемі33,58 Kb.
#107842
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Банк ісі 3 апта
Заманауи тұрғыдағы инклюзитивті білім берудің мәні
Пайдаланушы туралы ақпарат. Есепке алу жазбасын жасау және/немесе тіркеу кезінде Банк Пайдаланушы туралы ақпаратты сұратады, мысалы, аты-жөні, жынысы, туған күні, тұратын және тіркелген мекенжайы, электрондық пошта мекенжайы, телефон нөмірі, камераны пайдалана отырып алынған фотобейнелер мен бейнежазбалар, азаматтық жағдайы, Пайдаланушының білімі, байланыс деректері туралы ақпарат (телефон және/ немесе мекенжай кітабы, ұялы құрылғыдағы байланыстар), сондай-ақ веб-сервер автоматты түрде жіберген деректер. Банктің сонымен қоса қосымша ақпаратты сұратуы мүмкін.

Ұялы құрылғы туралы ақпарат. Банк ұялы құрылғының моделі, операциялық жүйе нұсқасы, құрылғының бірегей сәйкестендіргіштері, сондай-ақ ұялы желі туралы деректерді және ұялы телефон нөмірі сияқты пайдаланушылардың ұялы құрылғылары туралы деректерді жинайды. Сонымен қатар, құрылғының сәйкестендіргіші мен ұялы телефон нөмірі Пайдаланушының есепке алу жазбасына байланысты болуы мүмкін.

Орналасқан жері туралы ақпарат. Пайдаланушының ұялы құрылғысының географиялық орналасқан жері функциясын қолдайтын банк қызметтері банкке ұялы құрылғымен жіберілетін GPS деректерін қоса алғанда, Пайдаланушының нақты орналасқан жері туралы ақпарат алуға мүмкіндік береді. Атқарылатын операциялар туралы ақпарат. Тауарлар мен қызметтерге, ақша аударымдарына және басқаларына төлем жасау операцияларын жүргізу кезінде Банк жасалған операциялардың орны, уақыты және сомасы туралы деректерді, төлем тәсілінің түрін, сатушы және/немесе қызметтерді жеткізуші туралы деректерді, егер бар болса, операцияны жасау себептерін сипаттауды, сондай-ақ жоғарыда көрсетілген операцияларды жасауға байланысты өзге де ақпаратты жинайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет