Тақырыбы: altyn bank туралы


Ақпараттың құпиялылығын сақтау үшін пайдаланылатын қауіпсіздік шаралары



бет5/9
Дата02.01.2022
өлшемі33,58 Kb.
#107842
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Банк ісі 3 апта
Заманауи тұрғыдағы инклюзитивті білім берудің мәні

4. Ақпараттың құпиялылығын сақтау үшін пайдаланылатын қауіпсіздік шаралары


Банк Пайдаланушылардың ақпаратының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және рұқсат етілмеген қолжеткізу әрекеттерінен, өзгертуден, ашудан немесе жойылудан, сондай-ақ тиісті емес пайдаланудың өзге де түрлерінен қорғау үшін барлық мүмкін шараларды қабылдайды. Атап айтқанда, Банк мүлікті ұрлау, фишинг және алаяқтықтың өзге де түрлеріне қарсы тұру мақсатында банк жүйелеріне рұқсатсыз қолжеткізуге қарсы әрекет ету үшін физикалық қауіпсіздік шараларын қоса алғанда, деректерді жинау, сақтау және өңдеу тәсілдерін үнемі жетілдіруде. Банк сондай-ақ қызметкерлерге, мердігерлерге және агенттерге Пайдаланушылардың ақпаратына қолжеткізуін шектейді, оларды бұзғаны үшін қатаң жауапкершілік шаралары мен айыппұл санкциялары қарастырылған құпиялылық саласындағы қатаң шарттық міндеттемелерді қарастырады. Банк Сервистерін пайдалану қауіпсіздігі сондай-ақ Банктің ресми сайтында танысуға болатын ұсынымдарды Пайдаланушының сақтауына байланысты. Пайдаланушы логин мен құпия сөз сияқты есепке алу жазбасының деректерін үшінші тұлғалардан жасырын сақтауға тиіс. Пайдаланушы өзінің есепке алу жазбасының рұқсатсыз пайдаланылуы туралы күдік туындағанда Банкке дереу хабарлауға міндеттенеді. Пайдаланушының Банк ұсынымдарын сақтауы Банкке ұсынылған ақпараттың, оның ішінде Пайдаланушының банктік картасы деректемелерінің (немесе өзге де электрондық төлем құралы) және басқа да деректердің барынша сақталуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, сондай-ақ тауарлар мен қызметтерді, оның ішінде Интернет арқылы қолма-қол ақшасыз төлеу кезінде банктік картаның деректемелерін (немесе өзге де электрондық төлем құралы) пайдалана отырып операциялар жасау кезінде ықтимал тәуекелдерді төмендетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет