Тарау. Тәрбиенің әлеуметтік философиялық негіздері


Оқушылардың мінез-құлқына бақылау жасау, талап қою әдісі



бет45/165
Дата11.01.2022
өлшемі415,77 Kb.
#111271
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   165
Байланысты:
Тәрбие теориясы, әдістемесі ЭЛЕКТР.ОҚУЛЫҚ 2017 Иманбаевой
входной тест және to be
Оқушылардың мінез-құлқына бақылау жасау, талап қою әдісі. Баланың мектептен тыс уақыттағы мінез-құлқын бақылаудың немесе еңбектің бір түрінен екінші түріне ауыстырудың тәлімдік маңызы зор. Талап қою дегеніміз – баланың іс-әрекетін белгілі бағытқа бейімдеу. Талап қою - баланың жауапкершілік сезімін ояту. Бұл әдісті іске асырудың құралы – мұғалімнің сұрауы және орынды нұсқау беруі. Бұл әдістің ерекшелігі- баланың тез іс-әрекет етуіне, оның мінез–құлқын, өзін-өзі реттеп тәртіпке келтіруге үйретеді. Ол көбінесе мұғалім мен оқушының арақатынасы дұрыс, бірін-бірі түсінген, дұрыс талап қойған кезде болатын жағдай.

Бақылау әдісі дегеніміз - баланың іс-әрекетін, мінез-құлқын, белгілі нормалар мен ережелерді орындауға ынталандыруды көздейтін әдіс. Олбелгілі тапсырмалар мен талаптарды орындауға бағытталады. Ал оны орындату құралына баланың күнделікті мінез-құлқын, іс-әрекетін, жұмысын бақылау, тапсырмалардың орындалу барысы туралы әңгімелесу, оқушының мұғалім мен жолдастарының алдында есеп беруі сияқты іс-әрекеттер жатады. Бақылау баланың іс-әрекеттерін бақылай отырып, бағыт-бағдар беруге бейімделе жүргізіледі.

Баланың бір іс-әрекет түрінен екінші іс-әрекет түріне ауысуының психологиялық негізі педагогикадан өзгеше. Бала өзі дағдыланған іс-әрекетін өзгертуге бастапқы кезде қарсылық білдіреді. Ондай балаға жаңа іс-әрекеттің пайдалы жағын жайлап түсіндіріп, ол істі атқаруға ынтасын ояту керек. Тәрбие әдісін орынды жерінде қолдану ғана оң нәтиже береді. Тәрбиенің әдіс-тәсілдерін кешенді түрде қолданғанда ғана тәрбие ісі жемісті болады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   165




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет