Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының хабаршысы ғылыми-педагогикалық журнал вестник таразского государственного педагогического института научно-педагогический журнал



бет80/203
Дата06.02.2022
өлшемі6,98 Mb.
#34376
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   203
ӘОЖ 159.9
Б 73


ҚАРТТЫҚ ШАҚТАҒЫ ТҰЛҒАЛЫҚ ӨЗГЕРІСТЕРДІҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ МӘНІ


Болтаев А.Т., Сұлтанбекова Ж.Қ., Башен Д.Қ., Таубалдиева М.Ж.
Тараз мемлекеттік педагогикалық институты, Тараз қ.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың халыққа жолдаған жолдауындағы 3.6 бөлімінде былай деп айтқан болатын: «Биылғы жылдан бастап біз әлеуметтік қамсыздандырудың идеологиясы барынша қарапайым үш деңгейлік жүйесін қалыптасырудағы бағытталған әлеуметтік реформаларды тереңдетудің үш жылдық бағдарламасын іске асыруды қолға аламыз. Біріншіден, бұл мемлекет кепілдік беретін негізгі әлеуметтік төлемдер. Екіншіден, бұл міндетті әлеуметтік сақтандыру ақыр аяғында бұл кейіннен әлеуметтік төлемдерге айналатын азаматтардың ерікті жинақтаулары. Міне, осындай үш бастау азаматтарымыздың қарттық кезеңін лайығымен қамсыздандыруға тиісті жағдай туғызады».


Дүние жүзіндегі қарт адамдардың абсолюттік саны күннен күнге өсіп бара жатқандықтан, олар туралы мәселелер де өте тереңдеп бара жатыр. Осы мәселені зерттейтін ғылым «геронтология» деп аталады, яғни ол термин «герон» — қарт, «логос» — ғылым деген екі сөздің тоғысуынан шыққан. Поль де Кюридің айтуы бойынша, бұл терминді алғаш рет Илья Мечников ойлап тапқан. Геронтология қартаю процесін ғана зерттемейді, ол сонымен қатар қартаю кезеңіндегі адам денсаулығын және өмір ұзақтылығына да мән береді.
Қартаю барлық табиғи ағзалар әлеміне тән, тек адам үшін ол экономикалық, әлеуметтік және психологиялық процестермен сабақтасады.
Геронтологияның қазіргі кезде жеке дамыған бөлімі — әлеуметтік геронтология. Ол өмір ұзақтығын және өмірдің салтын зерттейді.
Геронтология ғылымының мағынасын түсіну үші, оның дамуының сатыларын қысқаша болса да білу қажет.Геронтология ерте заманда пайда болған ғылым деп айтады, яғни ол ерте замандағы медицина ғылымының атасы Гиппократ және Ибн-Сина, философтар Цицерон және Сенеки аттарымен байланысты деген. Ал кейбіреулерінің пайымдауы бойынша геронтология өз бастауын кейінгі жүзжылдықтың екінші жартысында, қарт адамдардың саны едәуір өскен шағында пайда болды дейді. Осы уақытта ең алғаш геронтологияның ғылыми-зерттеулік институттары құрылған. Осы айтылған екі пікір де дұрыс деп айтылады, яғни геронтология – жас ғылымдардың ішіндегі ең көнесі және көне ғылымдардың ішіндегі ең жас ғылым болып саналады.
Қоғам мәдени дамыған сайын, адам өмір тарихында өмірді ұзарту және өлімді ысырып тастауға әр уақытта әр түрлі амал-тәсілдер іздеген, бірақ оның нақты эксперименталдық жұмыстары мен практикалық қорытындысы XX ғ. ғана қолданыла бастады.Геронтологияны мәдениеттің құрдасы деп те айтуға болады. Ерте ғасырлардан бері ғалымдар қартаю кезінде жастықты артқа қайтару үшін көптеген амалдар іздеген. Әр ғасырда қартаю ғылымы жаңа білімдер жинай бастады, әрине ол әр түрлі бағыттағы мамандармен байланысты, яғни олар: дәрігер – физиологтар, филологтар және биологтар, психологтар және социологтар, демографтар және этнографтар, тарихшылар және құқықтанушылар.
Қарттық кезеңге тән негізгі белгі-қартаю процесі. Қартаю процесі ағзада нақты жас кезеңдік өзгерістермен сипатталатын генетикалық бағдарланған процес. Қарт адамдардың әлеуметтік ортадағы рөлдерінің өзгеруіне байланысты олардың қарым-қатынас аумағы күрделі өзгерістерге ұшырайды. Қазіргі таңда психология ғылымында қартаю-ерекше бейімделу процестерін сақтай отырып,ағзаның өзіндік қайта құрылуы ретінде қарастырылады. Бұл кезеңді қарастырған ғалымдар: Э.Эриксон, Д.Б. Бромлей, А.А. Богомолец, Ф.Гизе, И.С.Кон, К.Рошак, П.Балтес, Р.Пек. Қартаюға қатынас стратегиясы бірнеше зерттеулердің нәтижелеріне негізделген:
Н.С. Кон бойынша, қартаюдың 1-ші тип- қоғамдық өмірге,жастар тәрбиесіне араласу, белсенді шығармашылық өмір, кемістік сезімінің болмауы.
2-ші тип: Энергияны өзіне бағыттау өзіндік білім, демалыс: нақты әлеуметтік психологиялық бейімделгіштік;
3-ші тип: (негізінен әйелдер) күш жұмсау сферасы жанұя,зерігіп көнілсізденуге уақыттың болмауы; алғашқы,типтермен салыстырғанда өмірге қанағаттанушылықтың төмен болуы;
4-ші тип: өз-денсаулығына көңіл бөлу,осыған байланысты түрлі белсенділік формалары;
5-ші тип: «агрессивті ұрсқақа қарт» айналадығы өмірге қанағаттанбаушылық жағдайы, өзінен басқаны сынау, шексіз талап;
6-ші тип: «жалғыз және жолы болмаушы » өзіне және өз өмірінен түңілу. Жалған және шынайы жіберілген мүмкіндіктерді өзін кінәлау.
Қарттық кезең психология саласында зерттеу адамның бүкіл тіршілік ету барысындағы биологиялық және психологиялық даму факторларының арасында өзара байлансы орнатуға негізделген обьективті-ғылыми мәнге ие.
Қарыттық шақтағы әлеуметтік тұрғыдан да, хронологиялық тұрғыдан да адамның зейнеткерлікке шығуымен сәйкес келеді. Адам белсенді еңбек іс-әрекетін тоқтатады, «істерден алыстайды». Зейнеткерлікке кету қарыттық шақтағы кезеңіндегі даму жағдайының орталақ мезетін құрайды. Психологияда отставкамен естен тандыру туралы айтылады. Отставка (немесе зейнеткерлікке шығу) адамның оған референтті топтан, ұзақ жылдар бойы өзін бағыштаған істен алыстауын білдіреді. Адам қоғамдағы маңызды әлеуметтік рөлінен және маңызды орнынан айырылады.
Қоғамдық және әлеуметтік ьаңызды орнын жоғалту әлеуметтік-психологиялық ынталандыру көздерін жоғалтумен, қалыптасқан кәсіби және тұлғааралық қатынастардың үзілуімен түйіндеседі. Адамның қарым-қатынас шеңбері тарылады,бұл өз кезегінде оның тұлғасындағы өзгерістерге алып келеді.
Зейнеткерлікке шығу көптеген адамдар үшін материалдық жағдайларының едәуір нашарлауымен қатарлас жүреді.Бұл оларды бұрын өздеріне ешқашан шек қоймаған нәрселерінде өздерін шектеулерін мәжбүрлейді. Материалдық шектелгендік немесе өз балаларына тәуелділік бірқатар жағымсыз психологиялық жан құбылыстпрын тудырады.
Белсенді кәсіби іс әрекетін тоқтату психологиялық үдерістердің ( ойлау,ес, зейін, және т.б) толыққанды жүктеме алмауына, олардың жұмыс істеу деңгейінің төмендеуіне алып келеді. Кәсіби білімдерін өзгелерге жеткізу жағдайы болмағанда, кәсіби хабардарлық та төмендейді.
Қазақстан Республикасында болжау жоспары бойынша келесідей құрылымдық-деңгейлік заңдылықтар мен ерекшеліктер тұрақтандырылды: тұрақтылық қарқыны 2015 жылға қарай егде жастағы адамдардың үлес салмағы 13,3%-ға дейін өседі, сонымен қатар 60 жастан жоғары барлық жас санатындағы әйелдердің үлес салмағы ерлердің үлес салмағынан асып түседі. 60 -тан жоғары жастағы халық өлімінің жас-жыныстық көрсеткіштері барлық жас санатындағы ерлер өлімінің жоғарғы деңгейін (t > 2) сипаттайды. Осы құбылыстардың себеп-салдарлық өзара қатынасы келесідей негізгі аурулар класстарын тұрақтандырды: жүрек-қантамыр аурулары (64,5%); жаңа өсінділер(14,5%); тыныс алу мүшелері аурулары (10,6 %); жарақаттанулар мен уланулар (4,8%); ас қорыту мүшелерінің аурулары (3,4%). Үлкен жастағы адамдардың жалпы аурушылдық деңгейі қалалық егде жастағы тұрғындардың аурушылдық деңгейінен 4,7 есеге жоғары. Амбулаторлық-емханалық ұйымдарға жүгінуі бойынша аурушылдық 1307,5‰ құрады.
Әлеуметтік зерттеулер, үлкен жастағы адамдардың денсаулық жағдайының 82,0% қанағаттанарлықсызға сәйкес келетіндігін айқындады және құрылымы мен факторлар рангісі бойынша, егде жастағы адамдардың денсаулық жағдайына әсер ететін басты келесі факторлар анықталынды: экономикалық (32%); психологиялық (18%); экологиялық (14%), өмір салты (14%); денсаулық сақтау жүйесінің жағдайы (10%); отбасы ішілік (7%); биологиялық (6%). Экономикалық факторлардың ішінде аса жоғары корреляциялық мәнді (r=0,75) клиникалық-диагностикалық зерттеулер мен дәрі-дәрмектер (зерттеудің 40%) төлемінің төменгі қабілеттілігі алады. 3,0) келеді. Қорыта келе, ұзақ жасап, ұрпағының қызығын көру – кімнің де болса арманы. Бағзы заманнан қалыптасқан, ұрпақтан ұрпаққа ұштасқан өмірлік мақсаты ел бірлігіне, жер тұтастығына бас-көздік, халықтың бірлігі мен ынтымақтастығын берік дәне­керлеу, ұлттық бай рухани қазынаны шашау шығармай сақтау және молайта түсу еді. Олар қай кезде де осы міндетті жүзеге асыруда көсемдік танытты, бекзаттық пен мәрттіктің рухы бола білді. Егер қоршаған ортасы адамға түрткі болуы мен ынталандыруын жалғастыратын болса, және әсіресе егер болашақ әлі де оныің алдында белгілі мүмкіндіктер ашатын болса, кемел шақтан егде жасқа өту кезінде мінез-құлық тұрақталағының жоғары дәрежесін күтуге болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   203




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет