Тарих және құқық факультеті деканы



бет82/148
Дата05.02.2022
өлшемі3,96 Mb.
#23020
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   148
2. Әлеуметтік құрылымы.
ҮІІ ғ. қарсаңында ағылшын-сак қауымы маркаға айналу сатысында тұрды.
а) қауым мүшелерінің негізгі тобы-керл деп аталды. Олардың егістік участогы –гайда деп аталды. Керлдің вергилдісі 200 шиллингке тең.
б) Эрл-мүліктік жағынан жоғары тұрған адамдар. Эрлдің меншігінде бірнеше гайда жері болды. Әлеуметтік жіктелудің одан әрі тереңдеу барысында олар ірі жерлеріне айналды. Эрл шаруашылығын литтер күшін пайдалана отырып жүргізді. Эрл вергильді 400 шилл. тең.
Саксон правдасы nolilis вергильдісі қатардағы ерікті адам вергилдісінен 6 есе артық болды дейді.
в) Лит. Лит ерікті адамға жақын тұрады. Өз іс-әрекетіне өзі жауап бере алады, сот ісіне қатысады, вергилді 100 шиллингке тең. Эрлден айырмашылы тең. Эрлден айырмашылығы-меншігінде жері болмады, бөтен адам жерінде отырып, оброк төледі. (Некеге отырған кезде де түрлі шектеулерге тап болып отырады). Петрушевский бұлар өз еріктерімен бағынғандар деген болжам айтады. 32 бет. Лит тәуелділігі әлі де феодалдық тәуелділік емес себебі, жерді пайдаланғаны үшін тек қана оброк төлейді, және қоғамда басты жұмыс күші ретінде бой көрсетпейді. Шаруашылық ерікті қауым мүшелерінің жеке еңбегіне негізделген.
г) Құлдар. Құлдың вергилдісі жоқ. Құлды өлтірген адам оның қожайыны алдында ғана жауапты болды. құлдық әкеден балаға көшіп отырды. Құлдар-негізінен бағындырылған жергілікті келт халықтары. Қарыз негізінде де ерікті адамдар құлға айналып отырды.
Саяси құрылысы.
а) Ағылшын-сак жаулау кезеңінен кейінгі кезең-селолық қауым әлі де үстем болған кезең. Өзінің селолық жиналысы-галимотта қауым барлық шаруашылық саяси мәселелерді шешіп отырды. Жиналысты староста басқарды. Алғашқы кезде старостаны қауымның өзі сайлап отырса, кейін оны король тағайындап отырды.
б) Белгілі бір территориялық округке біріккен бірнеше село қауымы-жүздік деп аталды. Жүздік жиналыстары шақырылып, алғашқыда-жиналысқа барлық еркін адамдар қатысып отырды. Жиналыс айына бір-рет шақырылып, село қауымдары арасындағы түрлі мәселелер шешілді. Жүздік басында жүздік старостасы тұрды. Оны жиналыста сайлайтын. Кейін король билігінің бекуіне байланысты жүздік старосталарының жанында король мүддесін қорғайтын өкіл-герефа тұрды. Феодалдық қатынастың дамып, бекуі барысында село бас қосуларының және жүздік жиналыстарының сипаты өзгерді. Бұл органдар король чиновнигі-глафордтарға бағынып сайлап қойылған өкілдер ірі жерлермен ауыстырылды.
в) Бірнеше жүздіктер графстволықтар деп аталды. Графство басында элдормен тұрды. Кейін элдорменді король чиновнигі-шериф ауыстырды. Графство жиналысы жылына екі рет шақырылды. Жиналысқа шериф, элдормэн графствоның осы қалай ірі жерлері, әрбір село қауымының старостолары, священник, және 4-атақты сыйлы деген шаруа өкілдері қатысты. Жиналыс графство орталығында өтті.
Жоғарғы айтқандардан қандай қорытынды шығады. Ағылшын-сак қоғамының саяси құрылысының өзіне тән ерекшелігі болды. Ол-басқарудың ру-тайпалық, қауымдық формаларының ұзақ сақталып, олардың феодаолдық қоғамның органдарына баяу айналуы болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   148




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет