Тарих және құқық факультеті деканы


Ағылшын-сак Англиясында феодалдық қатынастың дамуы



бет83/148
Дата05.02.2022
өлшемі3,96 Mb.
#23020
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   148
Ағылшын-сак Англиясында феодалдық қатынастың дамуы.
Ағылшын-сак корольдіктерінде де феодалдық қатынас басқа ерте феодалдық мемлекеттердегі бағытта дамыды. Бірақ бұл процестің өзіндік ерекшеліктері болды. Қандай?
1.Ұзақ уақыт село қауымының сақталып қалуы болатын. Неге ? Немен түсіндіріледі ?
а) Рим тәртіптерінің ықпалы өте әлсіз болды, және жаулау сипатымен түсіндіріледі.
б) Галлияға қоныстанған франк, бургунд тайпаларына қарағанда британияны жаулап алып, қоныстанған ағылшын-сак тайпалары әлеуметтік-экономикалық дамуы жағынан төмен сатыда тұрды.
в) Феодалдық қанаудың қалыптасуына қарсы күресте шаруалар берік қауымға сүйенді, міне осы шаруалар қарслығы Англиядағы феодалдық процесті тежеп ерікті шаруалардың ұзақ сақталуын қамтамасыз етті.
Дегенмен феодалдық құрылыс қалыптасып шықты?
Неге? Қандай қолайлы жағдай болды?
Феодализациялану процесі дегеніміз-ірі жер иеленудің өсіп, шаруалар тәуелділігінің пайда болуы. Феодалдық қатынас Англияда англо-сак кезеңінің аяғында (ХІ ғ.) қалыптасты.
Феодалдық қатынастың қалыптасуына мемлекет үлкен роль атқарды. Мемлекет халыққа үлкен алым-салық салды. Бұл салықтар бара-бара феодалдық рента формасына ие болды. Сонымен Аглиядағы феодалдық қанаудың бастамасы-шаруалардың жеке вотчиналық тәуелділігінің қалыптасуынан басталмай, ерікті шаруаларға мемлекеттің фискалдық салым салуынан басталады.
(Франк мамлекетінде басқаша болған еді).
Бірақ процесс мәні өзгермейді.
2). Король үкметі шаруалардан жиналатын алым-салық жинау правасын, және олардың жерлерін ірі феодалдарға берді. Осындай праваға ие болған ірі феодал бара-бара шаруа отырған жер иесіне және шаруаның қожайынына айналды. Жердің король грамота бойынша жеке меншікке айналуы көптеген әдістің бірі болды. Кең тараған әдістің бірі-шаруа, қауым мүшелерінің жерін (айлық) күшпен тартып алу болды. Шаруа үлес жерінің жеке меншікке айналуы барысында, бұл жер-аллод көптеген себептермен феодал, монстырь қолына көшіп отырды. Ауыр мемлекеттік салықтар шаруаны күйзелтті, ол жерге жеке меншік правасынан айырылды, жеке басы кіріптарлыққа түсті, сөйтіп ең ақырында тәуелді шаруаға айналды.
3). Феодализациялану процесінде шіркеу үлкен роль атқарды. ҮІ ғ. басталған ағылшын-сактерде хрестиан дініне айналдыру ҮІІ ғ. екінші аяқталған болатын. Хрестиян діні король билігін ірі жер иелер билігін нығайтты. Жер алуға мүдделі болған шіркеу, жерге жеке меншіктің орнауын жан-жақты қолдап отырды. Хрестиян дінінің тарауына ағылшын-сак шаруаларының қарсылық көрсетуі тектен-тек емес болатын.
4). Феодализациялану процесінде корольдің жерді сыйға беру актісі үлкен роль атқарды.
Сонымен қатар король магнаттарға-иммунитет және сот-әкімшілік праваоларын берді. Бұндай корольден сыйға жер және т.б. биліктер алған жер иесі-глафорттар деп (кейін лорд-деп аталды «сеньер», «господин» деген мағынада). Король үкіметі глафорттарды жергілікті жерлердегі өз тіректері деп есептеді. Олар мынадай міндет атқарды. Жергілікті жерлерде мемлекеттік алымдарды жинады. Иммунитет территориясында тәртіпті қадағалап сол жерде полицейлік функция атқарды.
Х ғ. глафордат барлық жерінен айырылғандар үшін міндетті болды (930 ж. король Ательстан правдасы жарияланды). Правда былай дейді «Глафорды жоқ адамдарға туыстары глафорд тапсын». Егер белгілі бір мерзім өткеннен кейін де адам глафордат қамқорлығына алынбаса, ондай адамды өлтіруге дейін болады. Петрушевский «Очерки из истории Англиского государства и общества в среднее века» деген еңбегінің 44-бетінде мынадай қорытынды жасайды:
«Сонымен ағылшын қоғамы екіге-глафордтарға және оның адамдарына» бөлінді. Лордтар тек өз манорларының тәуелді адамдарын ғана өз биліктеріне бағындырып қоймай иелік шеңберіндегі ерікті адамдарды да өз сокаларына (иммунитнт) алды.
Халықтан түскен түрлі штраф, сот табыстары мемлекеттік қазынаға түспей, лорд-иммунист куриясына түсті. Нәтижесінде мемлекеттік-сот-әкімшілік ұйым-манорлық-вотчиналық ұйыммен ауысты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   148




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет