Шаруа құралы өзгерді. Англо-сак кезеңі аяғында барлық шаруалар феодалдық қанауға түсті. Аллод правасында жері бар еркін шаруалар мемлекетке түрлі салық төледі. Тәуелді, крепостной шаруалар ірі феодал иелеріне оброк, борщина өтеді, сот ісінде тәуелді болды, жеке бас тәуелділігі де орнады.
Бұлар мынадай категорияларға бөлінді:
Гениттер-едәуір үлес жері бар кіріптар шаруа. Оброк төледі және монорда түрлі жұмыс атқарды.
Гебурлер-(7 акрдей жері бар. Гайда-120 акр) толық крепастной шаруалар. Аптасына үш күн барщина өтейді.
Котсетлдер-тәуелді крепастной шаруа (5 акрдей жері бар), іс жүзінде жер меншігінен жұрдай. Барщина өтейді, түрлі қара жұмыс атқарады.
Тәуелді шаруаның осындай түрлі категорияларының болуы ненің дәлелі?
Англияда феодалдық процестің ХІ ғ. әлі де толық қалыптасып болмағанының дәлелі. Шаруалардың ішінде, ерікті басы бос шаруалар саны өте көп болатын.
Әдебиет Ф. Энгельс. История Ирландии. Соч. Т. 16. стр.515-516.
Петрушевский Д.М. Очеркий из истории англиского государства и общества в средние века. М. 1937 г.