27
Бұл әңгімені интеграциялық әдісті қолдана отырып өткізетін болса,
Леонардо да Винчидің «Джоконда немесе Мона Лиза» деген атақты
картинасының көшірмесін алып келіп, оқушыларға суреттің тарихы туралы
айтып
беретін
болса,
Р.Отарбаевтың
осы
әңгімесінің
танымдық,
тәрбиелік,эстетикалық әлеуеті танылады.
Поэзиялық шығармалардың қайсысының да болса тәрбиелік әлеуеті мол
екені белгілі. Қазақтың «Өнер алды – қызыл тіл» деген қағидасына сүйенетін
болсақ, Абайдың «Өлеңге әркімнің де бар таласы» дегені рас болса, онда
оқушылардың барлығы дерлік Тәуелсіз Қазақстанның поэзиясын оқып-білуге
деген үлкен құштарлықпен ұмтылатыны анық.
Тәуелсіздік жылдарында дүниеге келген қазақ ақындарының жырлары –
оқушылардың патриоттық, адамгершілік, отаншылдық сезімдерін дамытып,
эстетикалық талғамын ұштай түсуге әлеуеті зор деп айта аламыз. Атап
айтканда,К.Ахметованың «Тәуелсіздік сөзі», Ә.Дастанұлының «Мың сөз»,
О.Асқардың «Тәуелсіздік тартулары», Б.Айболатұлының «Көзмоншақ»,
Р.Есдәулеттің «Бөрінама», Н.Бердалының «Жаңбырлы түн» т.б. туындылардың
тәрбиелік әлеуеті зор.
Ыбыраев Маралтай ақынның «Ай» атты өлеңінің талдау үлгісін көрсетейік.
«АЙ»
Түпсіз дүние, түбің толса, мен ертең,
Келмес жаққа жан сәулесін жөнелтем.
Ай толғанда күрсініп қап көкірек,
Сүрінгенде күрең түсті көлеңкем.
Мен – тірі жан, ол – тірі жан – тәні гүл,
Табсып ек, сәтсіз болды бәрібір.
Өз басымдай көруші ем ғой мен оны,
Көз жасымдай тамып кеткен сары нұр.
Мен сезбеген ішінде бір күнә қап,
Мазаңды алса пәк махаббат кіналап,
Басымдағы айға тигіз ерніңді,
Көктегі Айға мінажат қып, мінажат!..
Түн ортасы. Түннің түріп түндігін,
Жұлдыз ақты.. Анау жұлдыз кімдікі...
Түптің-түбі – біз жолығар нүктеміз,
Көктегі Ай мен жерлегі Айдың кіндігі.
Маралтайдың өлеңіндегі керемет сезім – оның лирикасының қуаттылығын
танытады. Сөздердің үйлесіммен тіркесімі, сөйлемдері – ана тіліміздің адамға
қанат бітіріп, ой-сезімін шарықтататын мүмкіндігін таныта түседі. «Көктегі
Ай» мен «жердегі Айдың» үндесуін тілеген ақынның арманы – оқырманның
тыңнан табатын жаңашыл бейнесі.
28
Бұл ретте Мұқағали ақынның «Жапырақ жүрек жас қайың» өлеңімен үндес
шабыт пен буырқанған сезімнің мұңайған әдемі келбетін танытады.
Драмалық
шығармалардың
тәрбиелік
қуатын меңгерту үшінмұғалім,
міндетті
түрде, театрмен байланысын, мектептегі драмалық үйірменің
жұмысын күшейтуі керек болады. Өйткені, тек драмалық шығарманың мәтінін
мұалімнің оқып беруі немесе оқушының өз бетімен танысып оқып қоюы-
драмалық шығарманың адамның жан-дүниесін байыту құралы ретіндегі
қызметін сенімді атқара алмайды.
Драмалық шығарма – театрмен тығыз байланысты бола отырып, сол күші
арқылы оқырманын, көрерменін ерекше әсерге бөлейтін жанр.
Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ драматургиясының даму қарқыны мен
жай-күйі туралы жоғарыда айтылып кетті. Бұл ретте Жазушылар Одағы
басқармасының
төрағасы
Н.Оразалиннің:
Достарыңызбен бөлісу: