Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі


 Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі



Pdf көрінісі
бет19/46
Дата22.04.2020
өлшемі1,57 Mb.
#64185
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   46
3 Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі

Қазақ  әдебиетін  оқыту үдерісінде  оқушылардың ойлау  және  сөйлеу

мәдениетін қалыптастыру – негізгі  міндетболып  саналады.  Дұрыс  ойлау  және

сөйлеуге үйретуде оқушылардың интеллектуалдық даму деңгейі, өзін-өзі ұстау

тәртіптері,  жан-дүниесіндегі  мәнді  болып  саналатын  рухани құндылықтары

жетілдіруі аса маңызды.

Оқушының интеллектуалдық даму  деңгейі  оның  өзін-өзі  және  басқа

адамдарды  тани  білуі  арқылы  танылады.  Адам  баласы  бір-бірімен  алдымен,

ТАНЫСАДЫ,  сонан  соң БІЛІСЕДІ, үшінші  кезекте – ТАНИДЫ.Бұл – дүниені

тану барысындағы теориялық ойлаудың қалыптасу үдерісі.

ТАНЫСУ сатысында оқушы заттың, құбылыстың сыртқы белгілерін танып-

меңгереді.

БІЛІСУ 

сатысында

оқушы 

заттың,


не

құбылыстың 

құраушы

компоненттерінің  өзара  байланысы  мен  одан  туындайтын қатынастарының

түрін және мәнін танып-меңгереді.

ТАНУ 


сатысында

оқушы 


алғашқы 

екі 


сатыдатанып-меңгерген

заңдылықтары  негізінде өзіндік  ой-тұжырымдар құрап,  жаңа  зат  немесе

құбылыстарды танып, аша алатын қабілетін ашады.

Әдебиетті оқыту әдістемесінің маңызды  тармағы  оқушылардың  әдеби

шығармаларды  оқуын ұйымдастырумен  байланысты.  Көркем  шығарма  мәтінін

оқу , әрине, күрделі де көпқырлы үдеріс.

Мәтінді оқи отырып, оны тақырыбына, идеясына, мазмұндық көркемдігіне,

композициясы  мен  сюжетіне  талдау  жасау – арнайы үйретуді қажет  ететін

біліктілік.

Ал қазіргі  кездегі  оқушылардың ақпараттық технологияның сан  түрін

күнбе-күн  тікелей өмірлік қолданысында  пайдаланып  жүргендігін  ескеретін

болсақ, оқушыларды кітап оқуға отырғызудың өзі – соншалықты қиын мәселе

екендігі таныла түседі.

Қазіргі оқушылардың көркем  шығармаларды  оқуға  бет бұра  алмай

жүруінің, психологиялық тұрғыдан  да, әдістемелік,  тіпті әлеуметтік  тұрғыдан

да күрмелген проблемалары көп.

Олардың  қатарында  оқушылардың  Ұлттық бірыңғай  тестілеуге  даярлану

арқылы өзінің рухани  дүниесін  байытатын  көркем  шығармаларды  оқуға

толыққандылықпен бет  бұруға  уақытының шектеулігі; қазақ тілінде  сөйлеу

мәдениетінің төмендігі;  кітап  сатып  алу  немесе  кітапхана  жазылып  кітап

сияқты  маңызды  шаруаның екінші  деңгейге  түсіп қалғандығы;  ата-ана

тәрбиесінің  қай  тілде  басым  болып  жатқандығы;  болашақ өмірін қандай

модельде құрып  алуымен  (Англияда  оқимын,  Америкада  тұрғым  келеді  т.б.)

байланысты мәселелер орын алып отыр.

Негізінде,  оқушылардың оқырман  ретінде  тәрбиелеудің бірнеше  кезеңі

бары белгілі. Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ әдебиеті шығармаларын оқытуда

осы кезеңге бөлу ерекшелігін басты назарда тұтқан дұрыс. Кезеңдер:



32

1) 5-6 сыныпта оқыту; бұл кезеңде оқушыларды көркем әдебиеттің сезімді,

сезімталдықты  тәрбиелеудегі  ролі өте  күшті;  бұл  жаста әдеби  шығармалар

мазмұны  аса әсерлі  болып қабылданады.  Шығармашылықтан  яғни  автордан

гөрі  бұл  жастағы  оқушылардың ішкі  сезімдері  мен қабылдау әсерлеріне

кейіпкер ықпал етуші басты рольге ие болады.

2) 7-8  сыныпта  оқыту;  бұл  кезеңдегі  оқушылар,  көп  ретте,  адамгершілік

ұстанымдарын таразыға  салып, өзіне,  достарына, ата-анасына, ұстаздарына,

тұтас қоғамға  адамгершілік  нормаларын қалай ұстап  келе  жатқандағы

тұрғысынан  сынай  және  ойлана қарайды; өзіндік  санасы өсіп қалыптаса

бастаған  осы  жастағы  оқушының талғамына  лайық  қазақ  әдебиетінің жаңа

буынын  сұрыптау –

маңызды дидактикалық шешім  болып  табылады;  осы

жастағы  оқушылар  репродуктивтік қабылдаудан  аналитикалық талдауға  көше

бастайды.

3) 9-11 сыныпта оқыту; бұл жастағы оқушыларда кез келген құбылыстың,

оқиғаның нәрсенің СЕБЕБІ  мен  САЛДАРЫН  білуге  деген ұмтылысы  және

құлшынысы өседі; әдеби  шығарманың  өнер  туындысы  ретіндегі қасиеті  мен

қадірін авторымен, ұлтымен, қоғаммен  тарихи  және  эстетикалық тұрғыдан

байланыстыра  түсінуге  талпынады.  Осы  жастағы  оқушы өзінің оқырмандық

талаптарын  жүйеге  түсіріп,  «жақсы»  мен  «жаманды»  айыратындай  дәрежеге

әбден жетеді.

Міне,  осындай  сипаттамаға  сүйене  отырып,  мұғалім  оқушыларға әдеби

шығармаларды меңгерту үдерісін ұйымдастырады.

Әдебиетті оқытуда мәнерлеп оқытуға көп мән бере қарау керек.

Мәнерлеп  оқу – әдебиетті талдаудың негізі,  бастау көзі  болып  табылады.

Әрбір әдеби шығарманы  оқып-меңгерудің басы  көркем  мәтінді  мәнерлеп

оқудан басталады.

Мәнерлеп оқу – әдеби талдаудың ешқайсысымен алмастырымайтын ерекше

қабылдау үдерісі болып  табылады. Әр  буында, әр  сөзде,  сөз  тіркесінде, әрбір

сөйлемде  орныққан  интонация  сол  сөзді  айтып  тұрған  кейіпкердің жан-

дүниесін мәнерлеп оқып тұрған оқушыға бірден ұғындыратыны сөзсіз.

Әрине,  оқушы  сол  интонацияларды  айқын  беруге ұялатыны  белгілі,  бірақ,

мұғалімнің міндеті – шынайы  мәнерлеп  оқу  мен  дұрыс  оқымауды  салыстыра

көрсетіп,  сөздің мәнісін  сол  сөзді қалай  айтуы  арқылы ғана  беруге  болатынын

барынша түсіндіре алса дұрыс болады.

Әдеби шығармаларға түсініктеме  бере  отырып (комментарий  беріп) оқу –

мұғалімнің

оқушыға  көркем  шығарманың

терең


мазмұнындағы  мәнді

қабаттарды тани  білуіне  көмектесетін  тамаша әдіс.  Көркем әдебиетті алғашқы

оқу – көркем  шығарманың тақырыптық-идеялық мазмұнын  бірден  түсіндіре

алмасы  белгілі. Екінші  оқу – талдай  оқудың жаңа  сатыға  көтерілген,  сезімге

ғана

емес,  ақыл-ойға



әсер  етуге  бағытталған  және  басқа

әдістермен

араластырыла қолданылатын әдіс болып табылады.

Түсініктеме бере отырып оқудың лексикалық түсініктеме беру деп аталатын

тәсілі – автордың көркем  шығарма  мазмұнындағы  дәуірге  сай қолданған



33

сөздерін  немесе  автордың  өзіндік  дүниетанымдық деңгейіне  лайықталған

сөздерге  лексикалық түсініктеме  беру – тек  көркем  мәтіннің байлығын

түсіндіріп қана қоймайды,  сонымен  бірге  оқушының сөз  байлығын  да

дамытады.

Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ әдебиетін оқытуда дәстүрлі оқу түрлері –

кітапты мұғалімнің оқуы,  рольге  бөліп  оқу, өз  бетімен  оқу  сияқты әдістермен

ғана шектеуге болмайды.

Жаңа  инновациялық технологияларды  шеберлікпен  және  көбірек қолдану

арқылы  тәуелсіздік  жылдарындағы қазақ  әдебиетін  жаңа  және  сапалы  жүйеде

оқыту дәстүрін қалыптастыру керек.

Қазақ  әдебиетін  оқытдың жаңа  технологиялары – қазақ  әдебиеті  бойынша

оқу  бағдарламасында  берілген  тәуелсіздік  жылдарындағы қазақ  әдебиетінен

берілетін білім мазмұнын жүзеге асырушы тәсілдері жүйесі.

Бұл жүйеде білім берудің көздеген мақсат-міндеттеріне сәйкес формалары,

әдістері мен құралдары өзара байланыспен орналасып, мұғалімнің шеберлігінің

арқасында оқушылардың бірізділікпен білім алуы ұйымдастырылады.

Педагогикалық технология  дегеніміз – жүзеге  асырылатын  педагогикалық

іс-әрекеттің түбінде жемісті  болуына  арналған  жүйені ғылыми  тұрғыдан

жобалау 


және 

оны 


практикада 

сәйкесінше

қолдану. 

Педагогикалық

технологияда кездейсоқтық деген болмайды.

Онда  стандарттан  бастап,  оқу  бағдарламасы,  күнтізбелік  бағдарлама,

оқулық,

оқу-әдістемелік

құралдар,

әдіс-тәсілдер

барлығы  таңдалған



әдіснамалық

негіздерді  басшылыққа  ала  отырып,  пәннің  әдістемелік

ұстанымдарына  сай,  білім  беруші  тұлға – мұғалім  мен  білім  алушы  тұлға –

оқушының


жеке 

тұлғалық 

қасиеттеріне 

сәйкес 


жүйелік 

жиынтыққа

біріктіріледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   46




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет