Тіл біліміндегі дифференициация мен интеграция процесі және оның тіл туралы ғылым құрылымындағы көрінісі


Тіл өміршеңдігінің объективті және субъективті көрсеткіші



бет13/89
Дата26.08.2020
өлшемі269,31 Kb.
#76968
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   89
Байланысты:
жтб 401 удачи

8. Тіл өміршеңдігінің объективті және субъективті көрсеткіші

Тілдің өміршеңдігі (лат. vitalis – өміршең; орыс. витальность  языка)   тілдің  өмір  сүруге,  дамуға  құштарлығы,  табандылығы,  икемділігі.  

Т.ө.мынадай обьективті  және  субьективті көрсеткіштер жиынтығымен өлшенеді.  

1.  Әлеуметтік-саяси  көрсеткіш,  оның  ішінде  тілді  мәртебелік жоспарлау мен тілді кешенді жоспарлаудағы мақсаты бағытталған  тіл  саясатының  жүргізілуі,  тіл  дамыту  мен  оған  қамқорлық  жасаудың нақтылы мемлекеттік бағдарламасының болуы, тілдің  толық  мәнде  қызмет  ететін 

әлеуметтік  инфрақұрылымдарының  дамуы,  (білім  беру  мекемелері,  баспасөз  органы,  радио  желі,  телекомпаниялар мен телебағдарламалар, кітап басу ісі т.б.) 

Әлеуметтік  демографиялық  көрсеткіш,  оның  ішінде  мемлекет  шегінде өзге  тілдік  ұғымдарға  қарағанда  сол  тілдегі  сөйлеушілер саны, сол этникалық топтың жалпы санының ішіндегі  тіл  тұтынушылардың  (ана  тілі 

 ретінде  білетіндер  саны)  жастар  арасындағы,  ол  тілдегі  монолингвистер  мен  билингвистер  саны,  сол тілдегі қостілді білетіндер дәрежесі т.б.  


3.  Таза  лингвистикалық  көрсеткіштер,  оның  ішінде  әдеби  тілдің болу, тілдік норманың жасалуы мен тұрақтылығы, тілдік  инновациялардың таралу жылдамдығы, шетелдік әсер етушілікке  табандылығы,  салалық  терминдердіңбарлығы,  сөздік  қордың  дамудинамикасы т.б.  

4.Әлеуметтік – қызметтік көрсеткіштер – бұл тілдің әлеуметтік  қызметінің  қоғамдағы  біршама  маңызды  өмір  салаларында,  

оның  ішінде  алдымен  ағарту  саласында  (тілдік  құзіреттіліктің  негізгі  салаларында   қалыптасуы),  ғылымда  (гуманитарлық  және  жаратылыс,техникалық),  бұқаралық  ақпарат  құралдары  тілі,  әкімшілік қызметте және іс қағаздарын жүргізуде, сот ісін жүргізуде  өнеркәсіп  органдарында  және  өндірістің  өзге  салаларында  қолданылуымен өлшенеді.  

5.Ұлттық=мәдени  көрсеткіштер,  оның  ішінде  ұлттық  өнерде,  театр, кино, дінде, 

әдебиеттің әралуан түрлерінің (көркем әдебиет,  лексиокография, діни=сезім іскерлік, оқулық, терминонологиялық  т.б.)  ғұрыптық  дәстүрдің  барлығы  т.б.  



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   89




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет