Тіл біліміндегі дифференициация мен интеграция процесі және оның тіл туралы ғылым құрылымындағы көрінісі



бет12/89
Дата26.08.2020
өлшемі269,31 Kb.
#76968
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   89
Байланысты:
жтб 401 удачи

Қолданбалы тіл білімі - қоғамдық қажеттікті қанағаттандыру мақсатындағы проблемалар мен әдіс-амалдардың жиынтығы. Қолданбалы тіл білімінің дәстүрлі және жаңаша мақсаттарға сай түсініктері бар. Дәстүрлі түсінікке - сөздіктер түзу, әліпби мен жазу жүйесін өңдеу (зерттеу), ана тілі мен шет тілдерін оқытудың лингвистикалық негізінен құру, бір тілден екінші тілге аудару, орфография мен емлеге, тіл мәдениеті және сөйлеу шешендігі мәселелері жатады. Ал жаңаша мақсаттағы түсінікке: машинамен аудару, ақпараттар тілі, терминология және оның ақапарат тілі, терминология және оның ақпаратты іздеудегі рөлі, автоматты миндекстеу, құжаттардың рефераты мен аннотациясын алу, ақпаратты жүйесінің лингвистикалық негізін құру, ақпаратты іздеу қажеттігі үшін тезаурус-сөздіктер түзу, тіл құрылымын анализдеу мен синтездеу жұмыстарын автоматтандыру және т. б. мәселелер жатады. Қолданбалы тіл білімінің жаңа проблемалары дәстүрлі түсініктегі мәселелерді терістермейді, тек қана тілшілер мен математиктердің тығыз одағы мен олардың ЗЕМ-мен қатынаста болуын қалайды. Дәстүрлі қолданбалы тіл білімінің ең құнды проблемаларына жалпы және терминологиялық тіл мәдениеті жатады. Осыған байланысты тілдің коммуникативтік қасиетіндегі сапасын анықтайтын сөздер мен ұғымдары терминдеу қажеттігі туады. Осы тұрғыдан алғанда терминдеуге жататындар: "дұрыстылық", "байлық", "дәлдік", "тазалық", "көркемділік", орындылық", "әрекеттілік", "нанымдылық", "қисындылық", "жеткіліктік". Қазақстанда қазақ тіліне қатысты қолданбалы тіл білімінің дәстүрлі мәселелерімен қатар жаңадан туған ЗЕМ-ге байланысты мәселеле

рі де өзінің шешімін табуда.


  1. Металингвистика теориясы


Металингвистика (грек. Meta арқылы, кейін, lingua тіл) – 1) (психолингвистика, экзолингвистика) тілді қолданушы адамдардың санасымен, қоғамдық өмірімен байланысты тілдің ішкі мағыналық ерекшеліктерін зерттейтін тіл білімінің саласы. Металингвистика тіл бірліктерінің табиғаты мен функциалық заңдылықтарын түсіндіруде аса маңызды орын алады. Металингвистиканың қарастыратыны: сөздің қабылдануы, әртүрлі тілдік контекстерде болуы мүмкін ассоциативті жағдайларды анықтау, семантикалық тұрғыда саралау логикасы, тілді меңгеру заңдылықтары (бала тілінің жетілуі, қостілділік т.б.); 2) табиғи адам тілін нысан етіп зерттейтін «екінші қатардағы» тіл туралы ғылым.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   89




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет