\Қолданбалы лингвистика – тілге байланысты практикалық мәселелерді шешу мәселесімен айналысатын тіл біліміндегі бағыт. Тіл білімінің дәстүрлі, қолданбалы мәселелері мынадай: әліпби түзу, оны жетілдіру, ауызекі сөйлеудің, шет тіл сөздерінің жазылуын реттеу, стенография, соқырларға арналған жазу жүйесін жасау, ғылыми-техникалық терминологияны қалыптастыру, жаңа өнімдер мен тауар атауларының қолданылу ережесін жасау, тілді оқыту әдістемесін жетілдіруге қажетті тілдік материалдарыды сұраптау, осы сында мәселелерді шешу үшін арнайы анықтамалар жасау, жасанды тілдерді қалыптастырып, оларды үйрету. 20 ғ. 2-жартысында қолданбалы тіл білімі жоғарыдағы мәселелердіадамның ғана емес, ЭЕМ-нің көмегімен шешу әдістерін қарастырды. Осыған орай «есептеуіш тіл білімі», «инженерлік тіл білімі», «автоматты тіл білімі» терминдері қолданылды, Қолданбалы тіл білімі 20 ғ. 20жж пайда болды. Оның жалпы әдістері теориялық тіл білімінде тілді талдаудың алгоритмдік жүйесінің зерттелуімен, математикалық тіл білімімен байланысты.
Қолданбалы тіл білімінің негізгі бағыттары: ақпараттық жұмыстарды, мәтіндік аудармаларды автоматтандыру, басқару жүйесін автоматтандырудың тілдік мәселелерін шешу, ғылыми-техникалық теринологияны стандарттау.
Достарыңызбен бөлісу: |