Тіл біліміндегі дифференициация мен интеграция процесі және оның тіл туралы ғылым құрылымындағы көрінісі


Заттық мағыналарды жинақтап, жалпы категорияларды жасайтын категориалдық мағына



бет46/89
Дата26.08.2020
өлшемі269,31 Kb.
#76968
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   89
Байланысты:
жтб 401 удачи

Заттық мағыналарды жинақтап, жалпы категорияларды жасайтын категориалдық мағына Категориалдық мағына "субъект — предикат", "субъект — объект", "жанды — жансыз", "белгілі — белгісіз", "іс-әрекет—жағдай" т.б. білдіретін синтаксиспен байланысты. Категориалдық мағынаның реляциялық мағынадан ерекшелігі өзара жұптық қарама-қарсы жүйеден тұратындығында.

  • Сөйлем құрамындағы сөздерді өзара байланыстыратын ішкі тілдік реляциялық мағына. Реляциялық мағына ұлттык тарихи ерекшелігі бар нақты тілдің морфологиясымен тығыз байланысты. Оған қиысу, менгеру, септік жүйесі т. б. жатады.

    Семантика тіл білімінің бір тарауы ретінде әр түрде сипатталады.

    1.    Парадигматикалық сипатта, оған тіл жүйесінде топтасқан оппозициялық сөздер тобы: синонимдер, антонимдер, гипонимдер, паронимдер, сөздік уя сияқты лексика-семантикалық топтар және сөздердің өpic деп аталатын жалпы тобы жатады.

    2.    Синтагматикалық сипатта, оған сөйлеу кезіндегі сөздердің бір-біріне қатынасына қарай орналасуын білдіретін тобы (тіркесімділік) жатады. Бұл қатынастардың негізінде дистрибуция (дистрибутивтік талдау) жатыр.

    Семантика ғылым ретінде 19 ғасырдың 2-жартысынан бері В. фон Гумбольдт идеясының негізінде X. Штейнталь, А. А. Потебня, В. Вундттың күрделі еңбектері жарық көрген соң дами бастады. Бұл еңбектерде семантиканың психологиялық және эволюциялық деп аталатын бірінші кезені айқындалған. Ол кезеннің басты ерекшелігі — онда мәдениетке кең эволюциялық көзқарас пайда болды және тіл семантикасы халық психологиясына жақындастырылып қаралды.



    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   89




    ©engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет