Экстенсионал белгілі бір тілдік бірліктердің (сөз, сөз тіркесі, сөйлем) тобын сипаттаса, интенсионал сол топтағы бірліктердің мағынасын, қасиетін білдіреді. Тілдік бірліктің интенсионалын, яғни мағынасын соған сәйкес экстенсионалдар арқылы сипаттау сол бірліктердің валенттілігі арқылы жүзеге асады. Ағаш – экстенсионал, ол бұтақты, тамырлы, жапырақты өсімдіктердің жалпы атауын білдіред. Ал ағаш ұғымына қатысты сөздердің мағынасы олардың интенсионалы болып табылады. Бұл сөздің басқа сөздермен тіркесімділігін анықтау оның семантикасын лингвистикалық тұрғыдан толық сипаттауға мүмкіндік береді.
Тіл бірлігінің мағыналық сипаты оның экстенсионалы немесе интенсионалы арқылы берілуі мүмкін. Лексикалық семантиканың негізгі ұғымдарын, сондай-ақ сөз семантикасын анықтауда тіл бірліктерінің экстенсионалы мен интенсионалы арасындағы тығыз байланыстың орны ерекше. Жалпы сөздердің грамматикалық сипаты олардың лексикалық семантикасымен өзара қарым- қатынаста болады.
Достарыңызбен бөлісу: |